10
1.3 – сурет - Эратосфен картасы
Оның «География бойынша нұсқау» еңбегі 27 карталы қосымшамен
келесі мыңжылдықтардың 14-де қолдануда ӛз орнын тапты.
Птолемей Жердің картографиялық кӛріністерінде географияның негізгі
есептерін түсінді («бір суретте барлық Жерді кӛру»).
Антикалық грек картографиясының қысқаша кӛрінісі гректер осы
ғылымда және де басқа да ғылымдарда жеткен жетістіктерін кӛрсетеді.
Рим империясында карталар практикадағы қажеттіліктер үшін
қолданылған. Римдіктердің әскери жорықтары Европа, Азия мен
Африканың Жерорта теңізі айналасындағы қомақты аймағын қамтыды.
Гректер картографиясының жетістіктерін қолданып, римдіктер оларды
жаулап алу мақсаттары мен жол құрылысы үшін қолдана алды. Жол
карталары римдік картографияның ерекшеліктерінің бірі болды.
Карталарды қолданудағы мемлекеттік қажеттіліктер империяда ӛлшеу
жұмыстарын жүргізу туралы шешім шығаруды Сенатқа тапсырды. Бірінші
мұндай ӛлшеу Юлий Цезарь (І ғ.б.э.д.) кезінде орындалды. Мұндай
материалдардың бар болуы Рим империясының (IV ғ.б.э) ӛзіндік жол
картасының пайда болуын түсіндіреді, оның кӛшірмесі Венада сақталып
тұр. Ол «Пейтингер кестесі» атымен белгілі (1507 жылы оны тапқан
адамның есімі).
Рим империясының шығыс бӛлігінің картографиялық жетістіктерін
сипаттайтын тағы бір археологиялық ескерткіш Византияда табылған. Ол
Палестинаның мозайкалы географиялық картасы, XIX ғ. аяғында табылды.
Ол картаны VI ғ. екінші жартысына жатқызады. Ежелгі карта – мозайкадан
25 м
2
сақталып қалды. Картада Палестина Тӛменгі Египет пен Сирияның
шекара бӛліктері кӛрсетілген. Оның масштабы 1:40000.
Достарыңызбен бөлісу: