Картография


 Орыс картографиясының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
1.2 Орыс картографиясының ерекшеліктері 
Шығыс Европа туралы мәліметтер әлемнің ежелгі карталарында
Птолемей карталарында бар. 
Ресейде бірінші географиялық жазбалар XI–XII ғғ. жатады. Бұл 
жазушылар еңбектері, онда славян жерлері мен тайпалар туралы біршама 
қызықты фактілер бар.
Кейіннен Ресей танымының дамуы жол, жазба кітаптарында 
мазмұндалған. Петр кезеңіне дейінгі (1700 ж. дейін) бірінші сақталған 
картографиялық материалдар сызба немесе сызбалар кітабы деп аталды. 
Сонда да, олардың нақты математикалық негізі болған жоқ, бірақ сапалы 
қомақты ақпараттары болды. 


18 
1.2.1 Петр кезеңіне дейінгі орыс картографиясы 
Орыс картографиясының даму уақытының екі ерекшелігі сипатталады: 
далалық, бастапқы мәліметтердің нақты сипаттамасы мен картографиялық 
қызметтердің мемлекеттік бағыты. 
Орталық ұжымдармен мемлекет қарамағында сызбалар дайындалды 
және ол қызметкерлер күштерімен жергілікті жермен арнайы танысуы 
нәтижесінде орындалды. 
XVIғ. орыс картографиясының жоғарғы шегі Разрядты бұйрықта 
1600ж. құралған «Барлық Мәскеу мемлекетіне Үлкен Сызба» болды. 1627 
жылы ол қайтадан сызылды, оған қосымша ретінде орыс мемлекетінің 
нақты географиялық жазбасы «Үлкен Сызбаға кітап» жазылды. «Үлкен 
Сызба...» біздің уақытта дейін сақталған жоқ, бірақ «Кітап ...» бірнеше 
кӛшірмелерде белгілі. 
Картографиялық планда жоғары дәлдікпен орындалған қалалар кӛп 
кездеседі. Орыс карталары – сызбалар – қолжазба түрінде бір ғана 
тұпнұсқамен кӛбейтілді, бірақ олардың кӛп саны сақталды. Жергілікті 
жердің түріне сәйкес, географиялық кӛріністер кӛмегімен, аңыздар 
құрусыз кӛрнектілікке дейін жеткізілді. Ресей үшін құралған XVI және 
XVIIғғ. сақталған сызбалар, оның аймағын біркелкі жапқан жоқ. 
Аңыздар алғашқы рет Киев–Печерский лаврдағы жер асты 
ғимараттарының сызбаларында пайда болды. Сызбалардағы жазбалар 
түсініктеме аңыз ретінде болмады, ол картографиялық кӛріністі 
толықтыратын мәліметтерді хабарлау болды. 
Сол кездегі кӛптеген карталар шығысқа бағытталған еді. XVIIғ. 
аяғында карталарда компасты раушанның кӛрінісі пайда болды, XVIIIғ. 
бастап ол солтүстік бағытпен карталар үшін қалыптастырылды. 
XVIIғ. орыс кӛпұлтты мемлекет құрылды және бекітілді, оның 
шекарасы шығысқа ауысты. Сібірдің қосылуы мен оның шаруашылықты 
меңгеруі шығысқа қарай ауысты. 
Сібірлік жер ашушылар – жер жүретіндер – казактар, ӛндіріскерлер 
қызмет етті, олар картографтар болған жоқ, бірақ тапсырма бойынша жаңа 
ашылған жерлерді картографиялауды орындады. Осы материалдар 
бойынша құрама карталар құрылды. Құрама карталарды құру үкіметтің 
үкімдерімен бұйырылды. Тобольскіден «Сібірдің сызба кітабы» (1701) 
Семен Ремезов еңбегі белгілі, ол үлкен форматты 23 картадан тұрды. Бұл 
жұмыс біздің уақытқа дейін сақталды және Мәскеуде, Ресейлік 
мемлекеттік кітапханада сақталып тұр. 
Картография тарихын зерттеушілердің барлығы, батыс-европалық 
ғылымның орыс картографиясына әсері аз екендігін белгіледі, керісінше
батыс картографияның жетістіктері олар қолданған орыс қайнар 
кӛздерімен толығымен байланысты. Картографиялық қатынаста Ресей 
елдер арасында алдыңғы орындарда болды. 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет