Картография



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
2.2.2 Географиялық кеңістік 
Бұл сұрақтың географиялық аспектісі мынада, география тарихын 
кеңістіктік кӛріністер тарихының дамуы ретінде жекелей қарастыруға 
болады, ӛйткені әдістемелік кеңістік географияда негізгі ұйымдастырушы 
түсінік болып табылады. Эмпирикалық жұмыстарда географтар әдетте 
нақты географиялық есептерді қарастырған кезде қалыптастырылған 
кеңістік тілдеріне сүйенеді.
География, картография және басқа да кӛптеген ғылымдарда Евклид 
геометриясының маңызы кӛптеген жылдар бойы жоғарыда болды, бұл тіл 
кеңістіктік мәселелерді талқылау үшін мүмкін тілдердің бірі болып 
есептелді. Кеңістікте күрделі әлеуметтік кӛрініс туралы және жаңа идеялар 
дамуы кеңістік құрылым түсініктемесі үшін басқа жүйені іздеуді талап 
етті. Кейбір жағдайларда мұндай тілдер табылды және бір кеңістік тілінен 
екіншіге ауысуды білу қажеттілігі туындады. Сондықтан кеңістіктік 
кӛріністер табиғаты дамуын, геокеңістіктің графикасын зерттеуден бұрын 
талқылау қажет. 
Географияда қалыптастырылған тілді қолданудың қарапайым мысалы, 
ол координата жүйелерін қолдану, яғни, Жер бетінде пункттерді ӛз 
аттарымен атайды, бірақ олардың атауларын сәйкес географиялық 
координаталармен ауыстыруға болады және олардың арасындағы жалпы 
қатынасты осы кеңістік тілінде бойлық пен ендік деп орнатуға болады. 
Жалпы түрде кеңістікте және уақытта құбылыстар немесе 
объектілердің орналасуын 
(х. у, z, t)
тӛрт координата жүйесі есебінен жа-
зуға болады. 
Әлбетте, «геокеңістік» түсінігінің кӛп мағынасы бар және оны әртүрлі, 
кӛпӛлшемді қарастыруға болады. 


37 
Географиялық 
кеңістік, 
оның 
құрылымы 
туралы 
түсінік, 
картографиялық 
модельдеу 
мағынасын, 
графикалық 
әдістермен 
әлеуметтік-экономикалық және табиғи объектілер мен құбылыстардың 
толық және дұрыс кӛрініс сипатын түсіну үшін қажет.
Жер қыртысының шекарасында негізгі кеңістік формасы – 
географиялық кеңістік, геокеңістік. 
Геокеңістік туралы жерді кӛрсетуді 60-шы жылдары М.М. Ермолаев 
ӛңдеді. Ол географиялық қыртысқа сырттан және ішінен әсер ететін 
географиялық кеңістікті ажыратты. Сырттағы геокеңістік шекарасы 
Жердің геофизикалық ӛрісінің шекарасы болып есептелді (жер бетінен 
60мың км-ге дейін). Жер ішінде геокеңістік жер қыртысының негізіне 
дейін созылады (Мохоровичича шекарасына дейін кемінде 100км). 
Бұл кӛрініс тек кеңістік және уақыт, география зерттейтін материалды 
әлем, географиялық қыртыс, географиялық орта, ландшафт, геожүйе және 
т.б. болсын спецификасына қолданылатын әдістемелік функцияларды 
орындай отырып, жалпығылыми философиялық түсінігін береді. 
Географ үшін геокеңістік мазмұнмен үздіксіз байланысты форма, орта 
болып қалады. Жалпы алғанда географиялық кеңістік түсінігін – 
географиялық қыртыс шекарасындағы бар материалды жүйелер формасы 
деп айтуға болады. 
Әлемде бардың барлығы, қандай болмасын бір геожүйеге: рельеф 
формасы – геоморфологияға; кӛл, теңіз – гидрологияға; тұрғындар – 
демографияға және т.б. жатады. 
Осыдан, геокеңістік – нақты аймақ шекарасында геожүйелер 
арасындағы қатынас болып табылады. Аймақ пен геокеңістік арасындағы 
айырмашылық мынада, аймақ әртүрлі табиғи және қоғамдық геожүйе-
лердің орналасуының жалпы түрі болып қызмет етеді. Аймаққа аудан, 
конфигурацияға – орналасу орны тиісті.
Геокеңістікті күрделі, тұрақты түрде дамып отыратын табиғи-
әлеуметтік кешен деп есептеу қабылданған, «негізгі қоғамдық процестер 
мен әмбебап жағдайлар ӛзара байланысы, онда планеталы цивилизация 
құрылды». Географияда әлеуметтік, саясаттық, табиғи әртүрлі құбылыс-
тарды жазу үшін кӛптеген кеңістік идеялары кеңінен қолданылады. 
Геокеңістік – бұл бар геожүйелердің объективті ӛзара орналасу тәртібі 
деп нақтылауға болады. Бұл тәртіп анықталған параметрлермен, 
координаталармен, әртүрлі сипаттамалармен жазылған. Жер кеңістігіне, 
географиялық қыртысқа жүйелердің қатынасын «ге» қосымшасы 
нақтылайды, оларды қандай болмасын аймақтар шекарасында бейнелеу 
мүмкіндігін анықтайды (2.2 - сурет). 
Бір ғана және сол аймақта барлық геожүйелердің толық жиынтығы 
географиялық кеңістікті құрайды. Ол ӛзіне бірнеше геожүйелер санын 
жинақтайды, оның әрқайсысы ӛзінің сипаттамалары бойынша табылмас 


38 
қазына. Бұл бір және сол аймақ үшін кӛптеген әртүрлі карталарды, бір ғана 
және сол кеңістіктің кӛптеген модельдерін құруға мүмкіндік береді. 
Картография географиялық объектілердің кеңістіктік анықталғандығын 
зерттейді, сондықтан кеңістік туралы кӛрініс картография ғылымы пәннің 
анықтау үшін қажет. Картография – географиялық жүйелердің олардың 
картографиялық модельдеуімен кеңістіктегі ӛзара байланысын бейнелеу 
және зерттеу туралы ғылым. Нақты кеңістіктік зерттелетін әрекеттері мен 
оның уақыттағы ӛзгерісін бейнелей отырып, ол кеңістіктік құрылымдар 
мен заңдылықтарды табады және картографиялық түрде айтады, бірақ 
оларды түсіндіре алмайды, бұл сәйкес арнайы ғылымдар ісі болып 
табылады. 
Геокеңістік 
туралы 
кӛріністің 
конструктивті 
сипаттамалары 
әдістемелік түсініктерден қандай болмасын аймақ үшін геобейнелерді 
құруға ӛту мүмкіндіктерінде болып табылады
Кӛптеген 
географиялық 
карталардың 
бар 
болуы 
кӛптеген 
геожүйелерді, геокеңістіктер әртүрлілігі және түрлерінің кӛптігін 
бейнелейді. 
2.2 – сурет - Бірыңғай геожүйе ретінде географиялық кеңістік схемасы 
(У.И. Мересте және С.Я. Ныммик бойынша



39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет