Картография


 Картография: пәні мен зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Картография: пәні мен зерттеу объектілері 
Картография – ежелгі және қай уақытта болмасын жас ғылым, оның 
ӛзіндік зерттеу пәні бар: ғылым мен практикалық қызметтерде картаны 
құру, жасау жолымен, картографиялық бейнелер арқылы табиғат 
құбылыстары мен қоғамның ӛзара байланысын, кеңістіктікте орналасуын 
кӛрсету мен зерттеу. Карталарда аймақтық таралуы бар әртүрлі 
құбылыстар туралы біздің біліміміз бейнеленеді. 
Жер туралы біздің жаңа танымдарымыз бірте-бірте құрыла бастады. 
Картографияның дамуы жалпы адамзат дамуымен бірге жүрді, ал қазіргі 
кезең ежелгі ғасырлар тарихымен үздіксіз байланысқан. Карталар – 
адамзат мәдениетінің ӛнімі, олар қоршаған әлем, ғылым мен техника 
дамуы туралы кӛрініс дәрежесін бейнелейді, ӛз кезеңіндегі тілді сақтайды. 
Бір кітаптан екіншіге ауысып отыратын картографияның жалпы 
қабылданған анықтамасы келесідей: «Картография – географиялық карта 
туралы ғылым, оның міндеттеріне жан-жақты географиялық карталарды 
зерттеу, сонымен қатар оларды құру мен пайдалану процестері және 
әдістерін ӛңдеу жатады». 
Картографияны білудің қандай болмасын күрделі жүйелері сияқты ол 
бірнеше бӛлімдерден тұрады: 
- картакіріспе, ол барлық карта түрлерін, оларды қолдану әдістерін
олармен жұмыс жасаудың әдістемелік және теориялық негіздерін 
зерттейді; 
- математикалық картография, проекциялар теориясымен, картаның 
математикалық элементтерімен айналысады; 
- картаны жасау мен редакторлеу, карта түпнұсқаларын құру әдістерін 
ӛңдейді, құрамдық түпнұсқаларды дайындау кезеңдерінде ғылыми-
техникалық жетекшілік сұрақтарымен айналысады; 
- картаны безендіру, аяқталған түрде картаны құру кезінде 
қолданылатын бейнелеу құралдарын, оларды баспаға шығаруға 
дайындауды зерттейді; 
- картаны басып шығару, карта мазмұнын беру үшін полиграфиялық 
әдістерді, карта даналарын қайта құру мен басып шығару процестерін 
ӛңдейді. 
Картография құрылымымен танысу мемлекеттік стандартында 
картография «картографиялық шығармаларды зерттеу, жасау мен 
қолдануды қамтитын ӛндіріс, техника, ғылым облысы» түсіндірілетіні 
түсінікті.
Мұндай анықтама картографияны карталар туралы, оларды құру мен 
қолдану әдістері туралы ғылым ретінде дәстүрлі түсінікпен келісіледі. 
Бірақ ол картографияны тек қана картаны құруға бағытталған орындау-
техникалық әрекеттері дәрежесінде анықтайды. Ғылым ретінде 
картографияның мұндай анықтамасымен толық келісуге болмайды, 


29 
ӛйткені ол толық емес, нақтырақ, картография ӛзі құрған картаны ӛзін-
ӛзінен зерттейтін болып тұр. 
Сол себептен, картографияның міндеттері мен мағынасы туралы 
әртүрлі кӛріністері бар. Онда осы облыста жаңа пайда болған, ішкі ғылым 
мен мәселелерді жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің болуы 
кӛрсетіледі. 
Картография 
– 
«кеңістіктік 
бейне-белгілер 
моделі 
ретінде» 
картографиялық кӛріністер арқылы табиғат пен қоғам құбылыстарын 
зерттеумен кӛрсету туралы ғылым. Ғылымның мұндай анықтамасын К.А. 
Салищев берді. 
Н.К. Мукитанов осыған ұқсас анықтаманы береді: картография – 
географиялық жүйелердің кеңістіктік ӛзара байланысын олардың 
картографиялық модельдеуі арқылы зерттеу мен кӛрсету ғылымы.
Қазіргі картография – бұл карта арқылы табиғат және қоғам 
құбылыстарын кеңістікте орналастыру, олардың байланыстары мен 
динамикасын зерттейтін таным ғылымы. Жоғарыда аталғандар бойынша 
жалпылама анықтамасын берейік:
Картография – кеңістіктік таралуы бар, табиғат және қоғам 
құбылыстары мен объектілерін бейнелі-белгілер модельдер кӛмегімен 
кӛрсету және зерттеу ғылымы.
Әрбір ғылымның мазмұны білімнің ӛзарабайланысты екі жағын 
қарастырады: таным пәні мен таным әдісі. 
Картографияның таным пәні басқа ғылымдарға қарағанда ӛз 
спецификасымен ерекшеленеді: ол зерттеу объектілерінің нақты кеңістігі 
(картографиялау объектілері). 
Сонымен, картография табиғи және қоғамдық, материалды заттар мен 
құбылыстарды ӛзара орналастыру нақты тәртібі бар, ӛз танымынан, осы 
тәртіпті уақытша ӛзгерту пәнінен тұрады.
Картографияда таным пәні ӛз графикалық тілімен – карта түрінде 
нақты әрекеттердің бейнелі-белгілі моделімен мазмұндалады. Сондықтан 
кейде карта және басқа картографиялық шығармалар картография 
зерттеуінің пәні болып табылады деген пікірлерді кездестіруге болады. 
Жоғарыда айтылғандар осы анықтаманы нақтылауға мүмкіндік береді: 
материалды объект ретінде картаның ӛзі емес, оның географиялық 
кеңістігі, анықталған тәртіпте ӛзара орналасқан табиғат және қоғам 
құбылыстары картографияның таным пәні болып табылады. 
Картография карталар кӛмегімен кеңістік пен уақытты, ӛз кезеңінің 
тілін кӛрсетуге, қоғамның техникалық даму (қағаз сапасы, басып шығару 
әдістері, шрифтер және басқа белгілер) дәрежесін «тоқтатуға», «қайта 
қалпына келтіруге» қабілетті. 
Тарихи түрде картаның екі категориясы бар екендігі қалыптасты. 
Жалпы географиялық карталарда әлемнің құрылымы туралы қоғам кӛрінісі 


30 
бейнеленеді. Топографиялық, инженерлік, арнайы карталар адамдардың 
күнделікті ӛмірлері мен қызметтерінде қолданылады. 
Құбылыстарды тану мен талдау үшін карталарды қолдану зерттеудің 
картографиялық әдісі деп қабылданды (К.А. Салищев, 1962). Алдымен 
картографиялық әдісті зерттелетін кӛріністерді нақты кеңістікте 
жалпылама таным әдісі ретінде, танымның логикалық қабылдаулардың 
картографиялық түрлер жүйесі ретінде анықтайық (А.Ф. Асланикашвили, 
1974). 
Картамен жұмыс туралы ӛте жақсы Н.Н. Баранский атап ӛткен: «Карта 
аймақта географиялық зерттеулермен байланысты тек қана географияның 
қомақты қызметтерін ғана емес, сонымен қатар, ғылыми кабинет 
тиыштығында қызмет атқарады. Карта жоғары дәрежеде географиялық 
заңдылықтарды табуда қабілетті». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет