Картография



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
1.3 Қазіргі картография 
Қазіргі кезеңде картографияның теориясы мен әдістерінің даму негізіне 
отандық ғалымдар мен практиктер жетістіктері жатады. 
Картографияның алдында халық шаруашылық, қорғаныс, мәдениет 
және білім қажеттіліктері үшін елді картамен қамтамасыздандыру 
міндеттері жатты. 1919 жылы Жоғары геодезиялық басқарма бекітілді, ол 
кейіннен Геодезия және картографияның басты басқармасы, одан кейін 
Мемлекеттік комитет болып қалыптастырылды. Барлық картографо-
топографиялық жұмыстарда кӛне орыс ӛлшемдерден метрикалық жүйеге 
ауысу ең алғашқы қатарлы сипаттамалы шаралары орындалды. 1923 
жылдан бастап топографиялық карталар үшін стандартты метрикалық 
масштабтар, торлану мен парақтар номенклатурасы бекітілді, барлық 
топографиялық карталар үшін жазық координаталар жүйесі мен бірыңғай 
шартты белгілер жүйесі енгізілді. 
Осы жылдары практикаға түсірістердің аэрофотографиялық әдістері 
ӛңделді және енгізілді (контурлы – аралас және стереотопографиялық 
түсірістер). Соғысқа дейінгі жылдары СССР картасы үшін проекция 
теориясы бойынша зерттеулер жүргізілді және Красовский эллипсоиды-
ның ӛлшемдерін есептеу бойынша жұмыстар аяқталды (1940). Осы 
жылдары СССР және әлем атластарының бірнешеуі құрылды, оның 
арасында әйгілі «Әлемнің үлкен советтік атласы» болды. 
Мамандарды, оның ішінде жоғары квалификациялы кадрларды 
дайындауға кӛп кӛңіл бӛлінді. Осы мақсатпен Геодезия және картография 
ғылыми-зерттеу институты құрылды. Соғыстан кейінгі кезеңде карталарды 
жаңарту мен геодезиялық торларды қалыпқа келтіру міндеттері шешілді, 
аэроәдістер ӛңделді. 50 – ші жылдардың ортасына қарай 1:100000 
масштабта елдің барлық аймағын картографиялау аяқталды. Алынатын 
күрделі масштабты карталар негізінде кӛріністі-топографиялық карталар 


24 
жасалды, 
ол 
ғылым 
мен 
практиканың 
әртүрлі 
талаптарын 
қанағаттандырды. Мемлекеттік мағынада құрылған тақырыптық карталар 
жоғары сапалығымен ерекшеленді. Оның ішінде мынадай карталар болды: 
геологиялық (1:200000, 1:1000000), топырақтық (1:1000000), (1:2500000) 
гипсометриялық. 1950-1959 жылдары жоғары мектеп (геологиялық, 
тектоникалық, геоморфологиялық және т.б.) үшін арналған, 1:4000000 
масштабта СССР қабырға картасының ғажайып сериясы шығарылды. 
Ұзақтылығы мен қазіргі кездегі сұраныстар бойынша атластардың ішінде 
атап ӛтерлігі «Оқытушы атласы» - орта мектептер оқытушылары үшін 
географиялық атлас (1954ж. бірінші баспасы), үштомдық «Теңіз атласы» 
(1953-1958 жж.), «Әлемнің физика–географиялық атласы» (1964ж.), 
«Антарктика атласы» (1966-1969жж.), үш томдық «Мұхиттар атласы» 
(1971-1974жж.) және т.б. Карталарды басып шығарудың жан-жақты 
бағыты мектеп карталары және атластарын тираждау мен құру болып 
табылды. Картография және жеке тақырыптық картографияның дамуы 
үшін кӛп еңбек атқарған, советтік экономикалық және әлеуметтік 
география негізін қалаушысы 
Николай Николаевич Баранский 
(1881 –1963 
жж.) болды (1.8 - сурет). Ол географиялық зерттеулерде карта мен 
картографиялық талдауға бірінші дәрежелі мән берді, экономикалық 
карталарды талдау және құру әдістері мен принциптерін негіздеді, 
географиялық ойлау мағынасы мен түсінігін алғашқы анықтады. 
H. Н. Баранский географиядағы картаның мәнісі мен ролін келесі түрде 
қалыптастырды: 
- карта – «географияның альфа мен омегасы», яғни, географиялық 
зерттеулердің бастапқы және соңғы моменттері; 
- карта – бос орындарды толтыруға ұсыныс; 
- карта – географиялық заңдылықтарды табу құралы; 
- карта – зерттеуші мен оның зерттейтін объектісі арасындағы қажетті 
орта. Карта географияның екінші тілі болып табылады; 
1.8 – сурет - Николай Николаевич Баранский
 
(1881 – 1963 жж.) 


25 
- карта тек қана географиялық зерттеудің құралы ғана емес, сонымен 
қатар, географиялық мазмұндаудың қажетті және ауыстырылмайтын 
элементі. Карта мен мәтін бір-бірін ӛзара толықтырып отыруы керек. 
Кӛптеген жылдар бойы отандық картографияның дамуы, советтік-
картографиялық мектеп басшысы, ұлы ғалым және картографиялық 
білімді ұйымдастырушы, бірнеше жылдар бойы Мәскеу университетінің 
картография 
кафедрасының, 
сонымен 
қатар, 
Халықаралық 
картографиялық ассоциация басқарушысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет