Картография



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Константин Алексеевич 
Салищев 
(1905 – 1980 жж.) есімімен байланысты болды (1.9 - сурет).
1.9 – сурет - Константин Алексеевич Салищев 
(1905 – 1980жж.) 
Нақты картографиялық шығармалар мен оларды жасау әдістеріне кӛп 
уақыт бӛле отырып, К.А. Салищев картографияны оған дейін 
есептегендей, тек техникалық пән ретінде ғана емес, сонымен қатар, әлемді 
танып білу туралы ғылым ретінде қарастырды. 
Бұл кӛрініс картографияны танып білу ғылымдарының қатарына 
орнықтырды, оны географиялық кеңістікті және оның құрылымын 
зерттеуге арналған, кӛптеген зерттеулердің әдістемелік базасына 
айналдырды. 
К.А. Салищевтің теориялық еңбектерінің бірігуі географиялық 
картографияның іргетасын құрайды, ол оны «табиғи және әлеуметтік-
экономикалық кешендер мен оларды құрамдаушының жүйелік 
картографиялануы, ондағы құрамдаушылар ӛз бетімен қарастырылмайды, 
геокешендер (геожүйелер) элементтері ретінде сипатталады» деп 
анықтады. К.А. Салищевтің «80-ші жылдар картографиясындағы идеялар 
мен теориялық мәселелер» атты 1983 жылы жарыққа шыққан жалпылама 
теориялық еңбегі белгілі, онда СССР және шет елдердегі картографияның 
қалыптасу кезеңдерін талдау жан-жақтылығы мен тізбектілігі, идеалистік 
концепция пікір-таласы және картографиядағы коммуникативты кӛзқарас 
берілген. К.А. Салищев картографияда космостық ақпараттарды 


26 
қолданудың теориялық аспектілеріне ерекше кӛңіл бӛлді. Картографияда 
космостық ұшулар жаңа перспективаларды ашты және Айда, басқа Күн 
жүйесі планеталарын түсіру мен картографиялануын таратуды ӛзімен бірге 
алып жүрді. Сонымен қатар, Жер картасын, оның ішінде арнайы картаны 
құру үшін кеңістіктік ақпарат қолданылады, ол космостық орбиталды 
ұшулар кезінде алынады. Оқу картографиясында аэрокосмостық әдістер 
саласындағы белгілі маман Л.Е. Смирнов айтқандай, «картография 
аэрокосмостық болып, жаңа сапалы жағдайға түсті». 
Жердің космостық образы пайда болды, ол орбитадан біздің планетаны 
кӛруге мүмкіндік берді. Қазіргі теориялық және практикалық картография, 
карта құрайтын автоматтандырылған жүйені ӛңдеу және карта құрудың 
аэрокосмостық әдістерін енгізу сияқты мәселелерді шешеді. 
Ғұлама географ, ландшафткер және картограф 
Анатолий Григорьевич 
Исаченко
жазған «Физика-географиялық картирлеу» екі бӛлімді (1958, 
1960 жж.) еңбегіне ұқсас қазіргі дейін аналогтары жоқ. Ленинград, Псков 
облыстарының аймақтық атластары, «СССР ландшафты картасы» және 
тағы басқа оның ғылыми жетекшілігімен шығарылған ірі картографиялық 
шығармалары ғалымдар, сонымен қатар, оқытушылар мен практик – 
мамандар үшін бағалы ақпараттық қайнар кӛз болып табылады. 
Қазіргі отандық картография орыс дәстүрлерін алумен қатар, оның 
біршама жетістіктері бар. Біріншіден, ол картография теориясының 
дамуына, сонымен қатар, ғылым пәнін анықтауға, картографиялық зерттеу 
әдістерінің дамуына, географиялық картографияның жаңа бағыттарының 
дамуы мен пайда болуына, геоинформатикаға жатады. 
Қазіргі картографияның дамуына үлкен үлес қосқан 
Александр 
Михайлович Берлянт 
– белгілі ғалым - картограф, кӛптеген монографиялар 
авторы, географиялық қоғаммен жоғары бағаланған және Орыс 
географиялық 
қоғамы 
құрметтерімен 
марапатталған; 
ол 
жаңа 
картографиялық пән теориясын ӛңдеді – ол геоиконика. 
Қазіргі картография басқа сфералар жағынан да дамып келеді, яғни, 
картографиялау мен аэрокосмостық зондтауға географиялық ақпараттық 
жүйелер (ГАЖ) құрылуына сүйенді. Бұл актуалды есептерді халық 
шаруашылығын рационалды жүргізу мен табиғи ресурстарды оптималды 
қолдану және зерттеу мақсаттарында шешеді.
Картографиялық кӛріністер (компьютерлік карталар, үшӛлшемді 
модельдер және т.б.) – бұл тұтынушыларға кӛбінесе ыңғайлы және 
мақсатты түрде ақпараттарды беру, ал автоматтандырылған картаны 
дайындау – ГАЖ функцияларының бірі болып табылады. 
Қазіргі картография осы себептен, ақпараттарды кеңістіктік тарату мен 
ұйымдастырылған сақтаушысы ретінде жаңа бағасын тапты. 
Картографиялық ғылымның даму перспективаларын қарастыра 
отырып, Н.В. Малахов былай деп жазған, яғни оның екі негізгі есебін есте 
сақтау керек [2]: 


27 
- жаңа картографиялық шығармаларды құру мен жетілдіру; 
- оларды білім қайнар кӛзі ретінде және онымен байланысты зерттеудің 
картографиялық әдісінің дамуын толық қолдану. 
Қазіргі кезде картография дамуының маңызды факторларының бірі 
картаны қолдану мен құралдарды дайындау және жетілдіру әдістерін 
ӛңдеу болып табылады. Әсіресе, ол географиялық нақтылықты нақты 
қабылдау, толық танып білуге қабілетті, электронды-есептеу техникасы 
мен автоматиканы енгізумен байланысты перспективалы бағыт болып 
есептеледі [3]. 
Жергілікті жерде ӛлшеулер мен түсірістер үшін құралдардың дамуы 
және карта құру әдістері мен картаны басып шығару технологиясы 1.1 
және 1.2 - кестеде келтірілген. 
1.1 - кесте - Жергілікті жерде ӛлшеулер мен түсірістер үшін 
құралдардың дамуы 
Техникалық прогрестің негізгі кезеңдері
Тарихи кезеңдер
Визуалды бақылау мен кӛз дәлдікпен бағалау 
Ежелгі уақыттан бастап 
Ұзындықтар мен бұрыштарды ӛлшеу үшін геодезиялық 
аспаптарды қолдану 
б.э.д.Хғ. 
Бойлық пен ендікті анықтау үшін астрономиялық 
құралдардың пайда болуы 
б.э.д. ІІІғ. 
Оптикалық астрономо-геодезиялық құралдарды енгізу 
XIIғ. бастап 
Аэрофотоаппараттарды және басқа дистанционды 
зондтауды ойлап табу, аэрокосмостық түсірістер 
қолдану 
XIXғ. екінші жартысынан 
бастап 
Электронды геодезиялық аппараттарды құру 
ХХғ. ортасынан бастап 
Жаһанды позиционерлік жүйелерді қолдану 
ХХғ. аяғынан бастап 
1.2 - кесте - Карта құру әдістері мен картаны басып шығару 
технологиясының дамуы 
Әдістер мен технологиялардың негізгі даму кезеңдері 
Тарихи кезеңдер 
Таста, ағашта, папируста, маталарда бейнелеу 
Ежелгі уақыттан бастап 
Қағазда қолжазба карталарын құру 
б.э.д. ІІІғ. бастап 
Таста, металда картаны қашау, карта басып шығаруды 
енгізу 
XVғ. ортасынан бастап 
Фотохимиялық және фото кӛшірмелік процестерді қолдану 
XIXғ. екінші жартысы 
Карта құрудың фотограмметриялық технологиялары 
ХХғ. басы 
Карта құрудың цифрлық және электронды әдістері мен 
технологиялары, мәліметтер базалары мен банктерін 
қалыптастыру, геоақпараттық картографиялау 
XXғ. ортасы 
Компьютерлік торларда карталарды құру, виртуалды 
картографиялау 
ХХғ. аяғы 


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет