Картография



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
1.2.2 Петр кезеңі 
Петр І кезеңі - бұл теңізге шығуға күрес, шекараларды бекіту, сауда 
мен ӛнеркәсіптің дамуы, бір сӛзбен айтқанда, реформалар мен қайта 
құрулар кезеңі. 
Петрлік қалыптастырулар картографиялық жұмыстарды қайта құру 
және дамуымен болды. Басты регламентке (1720) «Басшылар сызбалары 
немесе ландкарталар туралы» бӛлім енгізілген. Жаңа міндеттерді ескі 
құралдармен шешуге мүмкін болмады. Дұрыс деңгейде картографиялық 
жұмыстар ӛндірісі үшін кадрлар дайындау қажет болды, оларды 
математикалық және навигационды ғылымдар Мәскеу мектептерінде, одан 
кейін Санкт-Петербург теңіз академиясында дайындай бастады. 
1724ж. Петр І бұйрығы бойынша Ресей ғылым академиясы құрылды, ол 
елдің түсірістерін жасауды орындады. 1721ж. түсірістермен 34 геодезист, 
ал 1732ж. мемлекеттік түсірістерде және басқа жұмыстарда 111 адам
жұмыс атқарды. Түсірістер уездер бойынша орындалды, уездік карталар 
Сенатқа жіберілді. Кейіннен Ресейде картабаспа ісі негізделді. 
Түсірістерді басқаратын Сенат хатшысы И.К. Кириллов (1697–1737) 
360 картадан тұратын үлкен «Барлық ресейлік Атлас» құруды ойлады, 
бірақ оның бірінші шығарылымын 1734 жылы баспадан шығарып үлгерді, 
оның құрамына барлық елдердің бас картасы мен жеке әкімшілік-
аймақтық бірліктің 14 арнайы картасы кірді. Бұл карталар «Сібір сызба 
кітабынан» біршама нақты болды, бірақ бойлықтарда үлкен қателер бар 
болды. 1745ж. ғылым академиясының географиялық департаментімен 
«Ресей Атласы» шығарылды. Оның дәлсіздігі аз болды. 
Географиялық департамент 1739 жылы құрылды, оның басқармасында 
ӛмірінің соңына дейін М.В. Ломоносов тұрды. XVIIIғ. барлық негізгі 
картографиялық жұмыстар осы департаментпен жүргізілді. 
Петр уақытында және кейіннен барлық экспедициялар құрамына 
геодезистер енгізілді. Сол уақыттын кӛптеген экспедицияларының негізгі 
міндеті карта жасау, картографиялық материалдарды жинау болды. 
Геодезистер Сібір, Қазақстан, Каспий маңы жерлерін, Орта Азия, 
Камчатка, Тынық және Солтүстік мұзды мұхиттарды зерттеу үшін кӛп 
жұмыстар атқарды. Ӛте қомақты картографиялық жұмыстар Камчат 
академиялық экспедицияларымен жасалды. 
Орыс геодезиясы мен жер құрылысы дамуында маңызды рольді басты 
жер бӛлу атқарды, ол 1765ж. ІІ Екатерина манифестімен хабарланды және 
XIXғ. аяғына дейін созылды. Оның мақсаты шаруалардың жерді иелену 
шекараларын бекіту болып табылды. Жерді бӛлу село, ауыл және бос 
жерлер бойынша шекараларды бекіту мен түсіру болып табылады, ол тұтас 
сипаттамалы және циркуль тәртібінде орындалды. Алдымен уездік 
қалалар, кейіннен қалалық жерге қатысты учаскелер және одан кейін уезд 
шекарасына дейінгі жерлер бӛлінді. Жер учаскелерінің саяжай деп 


20 
аталатын сыртқы шекаралары, бұрыштық түсіріс әдісі арқылы сызық 
ұзындығын ӛлшеумен жасалған. Үлкен аймақтарға тез таралған жер бӛлу 
жетістіктері ақсүйектерді қолдаумен қамтамасыз етілді. XIX онжылдық 
ортасында жер бӛлу фактылы түрде болмағанда, бӛлінген жерлердің 
ауданы 3 млн км
2
құрады. Сібір, елдің батыс және оңтүстік-батыс 
шекаралары және Архангельск губерниясының кӛп бӛлігі жер бӛлуден тыс 
қалды. Басты жер бӛлу, бір жағынан, помещиктердің иелену шекарасын 
бекітті, екінші жағынан – Ресейді картографиялау және оның шаруашылық 
жағдайын зерттеу үшін қомақты материалдарын берді. Басты жер бӛлудің 
барлық саяжайларындағы бұрыштық түсірістер нәтижесінде дюймде 
(1:8400) 
100 
ағаш масштабында, магниттік меридиан бойынша 
бағдарланған пландар жасалды, олар кейіннен уезд масштабтар планына 
түсірілді. Бұл пландар «Ресей жүзпарақтық картасы» деп аталатын 
Ресейдің бірінші нақты мемлекеттік картасын құру кезіндегі негізгі 
материал сапасында алынды. Басты жер бӛлудің жер ӛлшеу штаты әскери 
офицерлерден, жер ӛлшеу ісін білетін тұлғалар санынан емтихан 
нәтижелері бойынша құралды. Мәскеуде жер ӛлшеу мектебі ашылды
кейіннен ол Жер бӛлу институты (1835) болып қайта құрылды. Оның 
негізінде советтік кезде инженерлік геодезия, аэрофотосъемка және 
картография Мәскеу институты құрылды [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет