Картография


С Е В Е Р Н Ы Й и л и С К И Ф С К И Й О К Е А Н



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
С Е В Е Р Н Ы Й и л и С К И Ф С К И Й О К Е А Н
ЭРИТРЕЙСКОБ (КРАСНОЕ) MOPE 


11 
1.1.2 Орта ғасырдағы картография 
Рим империясының құлдырауы және жаңа мемлекеттердің пайда болуы 
Батыс Европаның ӛмірін ӛзгертті. Құл иеленушілік құрылым феодалдыққа 
ауысты. Феодалдық құрылым кезіндегі тұйықталған шаруашылық 
географиялық танымды қалыптастыруға және қатынастардың дамуына 
кедергі болды. 
Сол уақыттағы ғылымда Аристотель ұсынған табиғатты эмпирикалық 
зерттеу әдісі теріс қабылданды. Жердің шартүрлілігі туралы кӛрініс 
ұмытылып, ол тӛртбұрышты кӛрініспен ауыстырылды.
Венецияда Фра–Мауро орындаған 1459 жылғы карта сақталып қалған. 
Ол шеңберлі, диаметрі 1,9м. Бұл картада жаңа географиялық ашылулар 
кӛрсетілген: Птолемей картасымен салыстыру бойынша Үнді мұхиты 
тұйықталмаған, Ресейдің оңтүстігінде Қара және Азов теңізі кӛрсетілген, 
Татария, Ресей, Сібір және т.б. жазбалары бар. 
Егер Европада феодалдық мәдениет басым болған уақытта, Азия 
елдерінің бір қатарында, яғни, Арменияда, Үндістанда, Қытайда, 
картография мен география ӛз дамуында біршамаға жылжыды. 
Армения Византия мен Иран арасындағы сауда жолдарының 
қиылысуында орналасты, ол армяндық география мен картографиясының 
дамуына дұрыс әсер етті. VII ғасырда «Армяндық география» пайда болды, 
оған Птолемей еңбектері әсерін тигізді. 
Арабтарда картографияның дамуы сауда және жаулап алу 
жорықтарымен байланысты болды. Бірнеше ғасырлар бойы Араб 
халифаты, Рим империясын шамасы бойынша асып түсетін аймақты 
иеленді. Оның құрамына ежелгі дамыған елдер кірді, оның ішінде 
Египеттегі Александрия ғылыми орталығы да бар. Арабтар әртүрлі 
елдердегі ғалымдар еңбектерін аударды, Птолемей еңбегін аударып, 
эллиндік астрономия, география мен картография жетістіктерімен 
танысты. IXғ. араб астрономдары градустық ӛлшеулер жүргізді. Хғ. 
мұсылмандық ӛмірдің 21 картасынан тұратын жинақ басып шығарылды. 
Бірінші мұсылман карталарында ӛмірдің кӛрінісі симметриялық 
фигуралармен кӛркем сурет түрдегі кілем болды, ол мәтінге тек 
иллюстрация болып қызмет етті (1.4 - сурет). 
ХІІ ғ. барлық магометандық картографтар арасында ең маңызды адам 
Идрис араб ғалымы болды. Ол Птолемей картасы негізінде құралған 70 
парақты карта жинағының авторы. 


12 
1.4 – сурет - Каспий теңізінің араб картасы 
Идрис (1150ж. маңында) және Ибн–аль–Варди (XIIIғ.) араб географ-
тарының картасы Птолемей географиясымен салыстырғанда бір қадам 
алда болды. Олар арабтардың географиялық танымы христиан ӛмірінің 
танымынан асып түскендігін айқын кӛрсетеді. Идрис картасында 
Скандинавия, Балтық теңізі, Ладожский және Онежский кӛлі, Двина, 
Днепр, Дон, Волга, Енисей, Амур, Алтай таулары, Тибет, Сип және Үнді 
елдері бар. 
Қытайда картография дамуының ӛзіндік жолы бар. Үлкен елді басқару 
және оны жаулардан қорғау үшін карталар қосымшасымен ауылдардың 
географиялық жазбасын құру карта қажеттілігін тудырды. ІІІғ. ӛзінде осы 
материалдар негізінде Қытай картасы құрылған болатын. Оның авторы 
Пей Сю қытай картасының атасы болып есептеледі. VIII ғ. Азияның 
барлығы қытай картографтарымен «Теңізбен шапқыншылық елдер мен 
Аспандық империялар» картасында 1:1500000 жақын масштабта 
кӛрсетілген. Қытай карталарының математикалық негізі квадраттар торы 
болды. Картаның қатысты дәлдігі XIғ. Қытайда белгілі компас қолданумен 
орындалды. 


13 
Картаны гравюралардан ағашта басып шығару Европадан ерте пайда 
болды. Хғ. ӛзінде кітапты басып шығару ағаш бойынша әріптерді ойып алу 
кӛмегімен жасалды. 
Үнді елдерінде картографияның дамуы туралы мәліметтер ӛте аз. Бірақ 
аршып алулар нәтижелері, біздің эрамызға дейін онда жоғары мәдениет 
болғандығын кӛрсетеді.
XI–XIII ғғ. Жерорта теңіздері арқылы Шығыспен Батыс Европаның 
саудасының жігерленуі мен жорықтарының уақыты болып табылады. Бұл 
кезде басты ролді Италия қаласы – Генуя, Венеция, Испания – Барселона 
алды. 
Бұл кезде Европада теңізде жүзу қажеттілігі үшін компас қолданыла 
бастады, арнайы теңіздік навигационды карталар – портоландар (итал. 
сӛзінен 
porta
- гавань, тұрақ) қолданылды (1.5 - сурет). 
1.5 –сурет - Қара теңіздегі портоландар 


14 
Портоландар басқа карталардан кӛріністі құрудың математикалық 
негіздермен ерекшеленіп ажыратылады. Ол бағыттардың сызықтар 
торымен анықталды, оның ішінде солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс, 
оңтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс 
бағыттардың негізгі сегіз сызығын құрады және желдер деп аталды. 
Карталарда олар бірнеше нүктелерден құрылды, қиылысатын сызықтар 
торларын келтіре отырып, корабль бағытын жүргізу үшін қолданылды. 
Портоландардың сипаттамалы мазмұны жағалау сызықтарын бӛлшектеп 
кӛрсету болды. Портоландарда сызықтық масштабтардың пайда болуы 
курсты салу кезінде картометриялық жұмыстардың қажеттілігімен 
туындады (1.6 - сурет). 
1.6 – сурет - Үнді мұхитындағы портоландар 
XVғ. сауда қатынастары Жерорта теңізінің шекарасынан шықты, басқа 
акваторий кӛріністерімен портоландар пайда болды. XVIғ. мұхиттық жүзу 
дамуымен теңіз карталары портоландарды ығыстыра бастады, ол 
географиялық координата бойынша орналасуды анықтауға мүмкіндік 
берді. 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет