20
аталатын сыртқы шекаралары, бұрыштық түсіріс әдісі арқылы сызық
ұзындығын ӛлшеумен жасалған. Үлкен аймақтарға тез таралған жер бӛлу
жетістіктері ақсүйектерді қолдаумен қамтамасыз етілді. XIX онжылдық
ортасында жер бӛлу фактылы түрде болмағанда, бӛлінген
жерлердің
ауданы 3 млн км
2
құрады. Сібір, елдің батыс және оңтүстік-батыс
шекаралары және Архангельск губерниясының кӛп бӛлігі жер бӛлуден тыс
қалды. Басты жер бӛлу, бір жағынан, помещиктердің иелену шекарасын
бекітті, екінші жағынан – Ресейді картографиялау және оның шаруашылық
жағдайын зерттеу үшін қомақты материалдарын берді. Басты жер бӛлудің
барлық саяжайларындағы бұрыштық түсірістер нәтижесінде дюймде
(1:8400)
100
ағаш масштабында,
магниттік меридиан бойынша
бағдарланған пландар жасалды, олар кейіннен уезд масштабтар планына
түсірілді. Бұл пландар «Ресей жүзпарақтық картасы» деп аталатын
Ресейдің бірінші нақты мемлекеттік картасын құру кезіндегі негізгі
материал сапасында алынды. Басты жер бӛлудің жер ӛлшеу штаты әскери
офицерлерден, жер ӛлшеу ісін білетін тұлғалар санынан емтихан
нәтижелері бойынша құралды. Мәскеуде жер ӛлшеу
мектебі ашылды,
кейіннен ол Жер бӛлу институты (1835) болып қайта құрылды. Оның
негізінде советтік кезде инженерлік геодезия, аэрофотосъемка және
картография Мәскеу институты құрылды [1].
Достарыңызбен бөлісу: