2 тапсырма. Себебін анықта. 1. Айнала нысаналау
Ж: Айнала нысаналау әдiсi шағын жердi жоспарға түсiру үшiн қолданылады.
2. Көлденен сызықтар адиси емес себепти колданылады?
Ж: Көлденен сызықтар адысы жолға жақын, екі қатпалда орыналасқан заттарды жоспарға түсіру үшін қолданылады. 3 тапсырма. Венн диаграммасы. Жер бетінің қарапайым планын түсірудің әдістері
Егер пландағы жер аумақты болса, оны түгелдей айналып шығуға тура келеді. Айнала жүру жолы ретінде кәдімгі жол, өзен бойы, сайдың табаны, тоғайдың шеті және т.б. таңдап алынады.
Көлденең сызықтар әдісі жолға жақын, екі қапталда орналасқан заттарды планға түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс орманның, тоғайдың, өзеннің және т.б. иректелген жиек сызығын түсіруге қолайлы.
Айнала нысаналау әдісі шағын жерді планға түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіспен жер беті бір нүктеден қамтылады.
4 тапсырма. Жергілікті жердің планын түсіру үшін:
планшеттің сол жақтағы бұрышына тұсбағдарды бекітеді;
түсіруші өзі тұрған нүктені белгілейді;
масштабы таңдалып алынады;
нысандарға бағытталған бағытты анықтап, оларды қарындашпен белгілейді;
арақашықтықты қадаммен өлшейді;
қадамның орташа ұзындығы анықталған соң (0,7 м), оны қашықтыққа ауыстырады.
Берілген тапсырманы орындайды.
Қосымша деректер
жинақтайды.
Нәтижеге бағытталған білім алады.
Берілген тапсырманы орындайды.
ҚБ: «Өзара бағалау»
ҚБ: Бағдаршам
ҚБ: Жұпаралық бағалу
ҚБ: Мұғалім және оқушылар комментарий береді
Сабақтың соңы 5 мин
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп, айтып береді.
Сабаққа кері байланыс береді
Сабақ №13-14
Педагогтің аты-жөні
Күні:
Сабақ
13-14
Сынып:
Қатысушылар саны: -
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Әртүрлі географиялық карталарды пайдаланып, жергілікті жердің географиялық профилін түсіру
Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты
Әртүрлі географиялық карталарды пайдаланып, жергілікті жердің географиялық профилін түсіру туралы білім беру
Сабақтың мақсаты
Әртүрлі географиялық карталарды пайдаланып, жергілікті жердің географиялық профилін түсіру туралы мәліметтер беріп, білік-дағдыны қалыптастыру
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Оқушылар сабаққа дайындалады
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын біледі.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Сүйемелдеу ән, топқа бөлу үшін түрлі-түсті стикерлер, компьютер,
графопроектор
Сабақтың ортасы
1 тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Жаңа тақырыпты меңгеруге кіріспес бұрын оқушылардың ойын шоғырландыру үшін қолданылатын әдіс. Картасызба не үшін қажет?
Картасызбалар қалай құрастырылады және дайындалады?
Қазіргі кезде картаның мүмкіндіктері қандай деп ойлайсыңдар.
2 тапсырма. «Географиялық диктант». «Шартты белгілер сыры» деп аталады, одан сәтті өту үшін топографиялық әңгіменің белгіленген сөздерін шартты белгілермен көрсету.
Біз әжем екеуміз (қаладан) __________ шығып, (тасжол) ___________ мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір) _________ ден өттік. (Көл мен батпақты) __________ айналып, (аралас орман)____________ ішіндегі орманшының __________ (үйіне) бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуіміз 1 шақырым (шалғындағы соқпақ жол) ___________ мен (жеміс бағына) __________ барып, алма жинадық.
3 тапсырма. «Картографиялық сызба» кезеңі. Географиялық диктантта келтірілген «топографиялық әңгіме» бойынша шартты белгілерді пайдаланып, немересі мен әжесінің жол сызбасын құрастыру. Қаладан (1 нүкте) тас жол (2 нүкте) 45° азимут бойынша 200 м қашықтықта орналасқан. Өзенге (3 нүкте) жету үшін немересі мен әжесі 250 метр 90° азимуты бойынша жол жүрді. Аралас ормандағы орманшының үйі өзеннен 180° азимуты бойынша 150 метр қашықтықта орналасқан. Масштаб 1: 5000 (1 см-де 50 метр)
4 тапсырма. Карта мен планды салыстырып қорытынды жасайды. Cалыстыру таблицасына толтырады