Картотека №13
Бақылау: Көше көліктерін бақылау
Мақсаты: көше көліктері туралы білімдерін толықтыру. Жол ережесі туралы әңгімелей отырып, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Еңбек: құм салғыштың айналасын тазалау.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс : 1-2 балаға апта аттарын жаттату.
Мақсаты: апта күндерінің орнын шатастырмай ретімен айта білуді, жұмыс және демалыс күндерін ажыратуды үйрету.
Қимылдық ойын: «Бәйге».
Мақсаты: Жылдамдыққа баулу
Шарты: Ойынға қатысушылардың санамақ бойынша бастаушы сайланады. Содан соң шеңбер жасап, дөңгеленіп тұрады. Атқа шапқан адамша текіректеп, қолдарын шапалақтай шеңберді айнала жүгіреді. Жүгіріп келе жатып бастаушының ортаға тастаған добын кім бұрын қағып алса, сол ойынды жеңеді.
Дербес ойындар: велосипедпен ойын
Мақсаты: велосипедпен жарыстырып үйрету, тепе-теңдікті сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |