Картотека №14
Бақылау: Құмды бақылау
-құмнан не жасауға болады?
-дымқыл құммен құрғақ құмның қандай айырмашылықтары бар?
Мақсаты: заттың қасиетін анықтап, сипаттай білулерін жетілдіру.
Еңбек: гүлдің арасындағы арамшөптерді жұлу.
Мақсаты: бірлесе еңбек етуге баулу.
Жеке жұмыс : 2-3 балаға тиым сөз жаттату.
Көкті жұлма,
Көктей соларсың.
Мақсаты: тыйым сөздердің мәнін ашу, мағынасын түсіндіру арқылы тәрбиелеу.
Қимылдық ойын: «Қуып жет».
Мақсаты: дене қимылдарын жетілдіру, бірлесіп ойнауға үйрету.
Шарты: балаларды екі топқа бөлу керек.
Бірінші топтың баласын, екінші топтағы бала қуады. Қай топта көп баланы ұстаса, сол топ жеңіске жетеді. Сөйтіп ойын жалғасады.
Дербес ойындар: ойын құралдарымен
Мақсаты: ұжымдық ойынға тәрбиелеу.
Бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |