Картотека №16
Бақылау: Ұшып бара жатқан ұшақты бақылау
Мақсаты: ұшақ, оның пайдасы туралы әңгімелей отырып, ұшқандығы іздерін бақылату.
Еңбек: гүлдерге су құю
Мақсаты: әсемдікке баулу.
Жеке жұмыс : 4-5 баладан сұрау.
Торғай-торғай, торғайсың,
Жақын жерге қонғайсың.
Жем шашайын, теріп ал,
Сонда сенде тонбайсың.
Мақсаты: мәнерлеп айтуға үйрету.
Қимылдық ойын: «Лақтырда қағып ал».
Мақсаты: Дәлдікке, мергендікке баулу.
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, белгіленген жерге доп лақтырып, қағып алу керек. Қай топ ұпай көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Дербес ойындар: велосипедпен ойын
Мақсаты: тепе-теңдік сақтауға, кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |