Картотека №1 Бақылау. Күнді бақылау



бет16/17
Дата16.03.2022
өлшемі96 Kb.
#135943
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
картотека

Картотека №17
Бақылау:Өсіп келе жатқан талдарды бақылау
Мақсаты: жас шыбықтардың өздері сияқты кішкентай екенін ұғындыру, қамқорлықпен қарауды үйрету.
Еңбек: зат қалдықтарын жинастыру.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеке жұмыс : допты бір-біріне лақтырып, қағып алуға жаттықтыру.
Мақсаты: денелерін шынықтыра отырып, ептілікке баулу.
Қимылдық ойын: «Тапқыр әрі шапшаң».
Мақсаты: баланың тез әрі нақты ойлау қабілетін арттыру.
Шарты: Балалар шар тәрізді шеңбер жасап тұрады. Ортасында ойын басқарушы допты әр кез келген балаға бергенде бір сөз айтады, ал допты алып жатқан бала сол сөзге сәйкес сөзді тауып, айтып допты қайта өзіне береді. Мысалы: ойын бастаушы су десе, допты алушы бала балық, балдыр немесе өзен, көл, мұхит және олардың атауларын Сырдария, Тынық деп беруі тиіс. Тиісті жауап таба алмаса ойыннан шығарылады.
Дербес ойындар: спорт құралдарымен ойын.
Мақсаты: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет