Картотека №15
: Көше көліктерін бақылау
Мақсаты: көше қозғалыстары туралы әңгімелей білулерін дамыту.
Еңбек: Құмсалғыштың айналасын тазалау
Мақсаты: тазалыққа баулу, салақтан жиіркенуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс : топтағы балалардан әкелерінің көліктері қандай машина екенін сұрау.
Мақсаты: көліктерді ажырата білуге үйрету.
Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты».
Мақсаты: тез ойлауға үйрету.
Шарты: ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін, тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластырып айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтерсе, айыбын тартып, не өлең айтады, не билейді, өнерін көрсетеді. Ойын осылай жалғасады.
-ұшты, ұшты құс ұшты (ұшады)
-ұшты-ұшты бас ұшты (ұшпайды)
Дербес ойындар: еркін ойындар
Мақсаты: тату ойнауға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |