Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жарияланды 25-01-2014, 23:16 Категориясы: Тәрбие сағаты
Категориясы: Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың барысы: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан өзгеше, себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Қане, барлығымыз өз білгендерімізді қысылмай ортаға салайық.
Көрініс. Екі бала ойнап жүр.
Ербол:- Асқар екеуміз доспыз ғой, ия?!
Асқар:- Ия доспыз.
Ербол:- Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.
Асқар:- Ол не нәрсе?
Ербол:- Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
Асқар:- Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
Ербол:- Папамнан көрсетпей алдым.
Асқар:- Папаңнан? Папаңнан неге аласың, темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиянды.
Ербол:- Болса ше? Менің папам неге тартады?
Асқар:- Ой, достым, сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген, сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Ербол:- Ой, достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Асқар:- Жоқ, мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Әйтпесе құримыз, онан да ойынымызды жалғастырайық.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.
Миржан: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.
Азизбек: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Жұлдыз: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады.
- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
Сабрина: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Исмайл: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.
- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып, жеу керек?,- Рахмет, сізге деу керек.
- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық. ( Буфер арқылы ән).
Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай - былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз сыныпқа кіреді.(Бастауыш оқушысы). Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым - Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
- Балалар, бізге Әдемі қыз(бастауыш сыныбының оқушысы) суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру).
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Азамат қай қалтаға салады екенін көрейік.
- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
Жаннұр қандай қалтаға салады екен.
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы. Олжас қандай қалташаға салады екен.
Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
- Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
Тәрбиеші: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Жарас: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Айнұр:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Гүлжайна:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Амина:
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Әдемі қыз:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет - деп кластан шығып кетеді.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Үміт:
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Қорытынды:
- Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың өлеңін оқып берейін
(Абай атаның суреті) көрсету.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі естеріңде сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.
Алтын күз мерекесі
Тақырыбы: Алтын күз мерекесі.
1 жүр: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
2 жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлер!
1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүр: күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
1 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
2 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Көкөністерден, жемістерден бейне жасау
6. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау дуэтпен)
1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
2 жүр: Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан асық алуы тиіс. Сол алған асықтағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен.
1 жүр: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, үстелдегі конверттерді таңдайды. Күз туралы сұрақтарға жауап береді.
2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға Хусайнова Бекзатты --------------------- әнімен шақырамыз.
1 жүр: сайыскерлеріміз дайын болса ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді
2 жүр:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
1 жүр:
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық. Ортаға 1 номерлі --------- топты шақырамыз.
2 жүр:
Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
1 жүр: келесі кезектегі сайысымыз көкөністерден, жеміс жидектерден бейне жасау.
«Айгөлек» би тобын ортаға шақырамыз.
2 жүр: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Күз ханзадасы мен ханшайымын» анықтайтын уақыт жетті.
1 жүр:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Ұстаз деген – ұлағатты Ұлы есім! » ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара
Сахна төрінде кабинеттінде отырған кәсіпкер жігіт (жұмысбасты ). Келесі бала кабинетке ентелей кіріп келеді. (хатшы қыздың тоқтатқанына да қарағысы келмей).
Мерей : --- Жандос , қалайсың? Не отырыс?
Жандос:--- қалай .. не болдыыыы , аманшылық па ?
Мерей: ----- бүгін қандай күн екенін білесің бе?
Жандос: ---- Сенбі әдеттегідей демалыс күні
Мерей:--- сосын......
Жандос: ....... (ойланып қалады)
Мерей: ---- мереке емес пе!!! Мереке! Мерекеее!!!! ( қуанышты кейіппен)
Жандос: --қандай?
Мерей: --- Ұстаздар күні! Кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық- өнер,тағылымы терең өнер. Білім берген, 11жыл оқытып, тәлім-тәрбие берген ғазиз ұстаздар қауымы емес пе? Сені осы креслоға отырғызуға жеткізген, жандарды қалай ұмытарсыз.
Жандос:--- Мәссаған!! Жұмысбастылықта адамды қажытады екен. Есіме салғаның қандай жақсы болды. Жүр ,ендеше, аяулы ұстаздарымызды құттықтап қайтайық.
Мерей:--- Әрине, жүр. Тоқта, тоқта! Тілші, журналист, әнші, биші достармызға хабарласайық та. Жиналып бірге барайық. ( сол жерде ұялы телефонмен хабарласады) (достары міне ,міне, келдік ,жеттік)
Анар: --- ОООО, ұстаздар , жиналып қалыпты ғооо!! (бәрі хормен МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҰСТАЗДАР!!!)
Уали: ---- Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Дианат:---- Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Заманбек:----- Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, мектебімізде сөздері маржан ұстаздарымыздың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
Анар : ---- Бүгінгі кештің алғы сөзін, мектеп директоры Есенғали Бауыржан Жағыпарұлына берсек. - - Ағай, мектеп ұжымының алар асуы ұшан теңіз. Өзіңіз басқарып отырған ұжымның кешегісі мен бүгіні туралы сыр шертсеңіз.
(мектеп директорының құттықтау сөзі)
Уали:--- Мұғалім, ғазиз, мұғалім
Төгілген арай, шуағым
Арманым, қонса қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Мұғалім, ғазиз, мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін! Ән: «Ұстазым» Сақай Арайлым
Дианат: ---- Заманбек , ұстаздар кім болуды армандайды?
Заманбек: ----- Дианат, сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
Дианат: --- неге? Армансыз адам болмайды гой
Заманбек :---- Дианат сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
Дианат: ----- ммммммммм, әрине
Заманбек :------- Олай болса , экранға назар аударайық бәріміз .
( видео «мұғалімнің бір күні» көрсетіледі.)
Уали: ----- Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
Анар:----- Уали, ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
Уали:-----яяяяя, Анар өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
Анар: ---- охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
Уали:--- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Анар , осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.
Анар: ----яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Дианат:--- Мұғалім-ұстазсың балалардың ,
Болашақ ғалымдарың ,даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
Заманбек: -Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп. ( 10 «а» класс би )
Анар: --- Ұстазға керек үлкен жүректілік,
Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.
Шын бедел ел таңдауы, халық сыйы,
Оны ешкім бере алмайды үлестіріп - деп жырлағандай ұстаз еңбегі өлшемсіз, ұшан теңіз. Барша ұстаздарымызға қыстай мықты денсаулық, көктемдей көңіл, жаздай жайма шуақ өмір, күздей мол табыс тілей отырып сахнаға мектебізге келіп ұстаздық жолды бастаған мамандарды шақырсақ .
Уали: ---- 1.____________________
2. ________________________
3.
4.--------------------------
5.----------------------------------
(сыр - сұхбат жүргізеді. )
Анар: ----- 1. Ұстаздық мамандыққа қалай келдіңіздер? Жүрек қалауы мен ба, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға болды ма ?
2. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыңдар?
3.Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңізден қандай өзгерістер байқадыңыз?
(Ұлағатты ұстаздар өз тілектерін айтып, сыйлықтарын береді.)
Уали: ---- Анар , мен саған жұмбақ жасырайын тауып көрші. Бұл мұғалім оқу бiтiрiп,мектеп табалдырығын ұстаз болып аттағаны биыл 2 жыл. Әуелгі аңсар арманы басқа,мүлде басқа мамандық болатын. "Мұхиттанушы болам ғой"-деп ойлаған.Су асты тіршілігіне қатты қызығушы еді,балықтар мен балдырлардан сыр ұққысы келетін.Теледидардан "Сырлы әлем" деген бағдарламаны жібермей көруші еді,қалаға ағасының үйіне барғанда да,айналшықтап аквариумның жанынан шықпас. "Қайдағы мұхиттанушы,-деді әкесі мұны естігенде,-ауылдың маңында көзге көрініп тұрған мұхит бар ма еді,тіпті жарқырап жатқан көл де жоқ қой дейтін. Бірақ , бірақ , бірақ, бұл ұстаз «мұхиттанушы » болмаса да , соған жақындау болды мамандығы. Ал,айта қойшы кім болды екен ? аааааааааааааа
Анар: ------------- (ойланып)аааааааааааааа, таптым,таптым, Мерей ағай!
(Ән: «Қызыл өрік » Жолмағанбет Мерей)
Дианат: ------ Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестердің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың ,сен ,дирижер боп күлім деп.
Заманбек :--- Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың –ау нұр жүзіне сүйсініп--- дей келе, Дианат , кешімізді әрі қарай «Мен саған сенемін» ойынына берсек.
Дианат: --- Әрине, әрине, Әр бір ұстаз өз шәкіртіне сенеді.
Анар: -- Олай болса, ортаға 11 «а» класс жетекшісі Ильясова Жеміс апайды, 11 «ә» класс жетекшісі Жугинисова Айгерім апайды, 9 «б» класс жетекшісі Байменова Айшолпан апайды, 8 «в» класс жетекшісі Тағанова Жангүл апайды ортаға шақырайық.
Уали: --- және де класс жетекшілерімен бірге келген оқушыларды шақырайық . 11 «а» класс оқушысы Жубаналиева Алина, 11 «ә» класс оқушысы Ғаниев Әсетті, 9 «б» класс оқушысы Кітібаев Бейбарысты, 8 «в» класс оқушысы Мадинаны шақырайық.
(Оқушылар мен класс жетекшілерді ойын шартымен таныстырады. Бірінші айналым көп қағаздың ішінен өз класс жетекшісінің атын табу, уақыт 1 минут. Екінші айналым экранға бір сөз беріледі оқушылар 1 минутта сол сөзден бірнеше сөз тауып жазады. Үшінші айналым 2 минут ішінде қанша алманы жейтін есептеу. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.)
- (Ән «Ұстазға арнау» 10 класс оқушылары)
Уали: ----- Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
( сахнада қолында фото альбом бар Анар мен Базаргүл апай шығады. )
Біз кешті өткізуде дайындық кезінде, апайлардың жас кезіндегі суреттерін көріп қалған едік.
-Апай,мынау сіз бе?-деді Анар суретке таңдана қарап.
-Ұқсамай тұрмын ба?-деді Базаргүл апай жымиып.Сосын суретті қолына алып қарады да:
-Студенттік шағым.О,ол кезде Ақтөбе қандай еді, Ақтөбе ән салып тұратын,иә,иә,тұп-тура ән салып тұратын.Вокзалдарда,студент жатақханаларында,кештерде ән шырқалып жатушы еді.Қалай еді,әлгі бір ән бар еді ғой: "Көшеде сырласып,шалқып басып,құрбылар барады қолтықтасып..." Базаргүл апай мұны қолтығынан алды:
-Дәл осылай болатын.Сырласып...Шалқып басып...Иә,осылай.Романтика.Жігіттердің бәрі өнерлі еді,домбырамен,гитарамен кештерде ән салатын.
-Сендер кештеріңде ән саласыңдар ма осы?-деді апайы бұған қарап.
"Біз билейміз,-деді қыз іштей жымиып,-бидің түбін түсіреміз".
-Ал біз вальс билейтінбіз,-деді апайы мұның ойын оқығандай.Классика.Міне былай,-деді сосын мұғалім қыздың белінен ұстап.Осылай.Шыр көбелек айналатынбыз.Ырғақпен.
Анар: ----------- Апай, олай болса , өз замандастарыңызбен бірге ән салып, жастық шаққа барып қайтпаймыз ба?
( ұстаздың әні ) Ксупова Базаргул апай мен Шәңгірбаева Сәния апайдың орындауында ән «Дудар -ай»
Дианат:--- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе Заманбек ?
Заманбек :--- яяя , Дианат, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ... бәрін , бәрін !!! «Сен маған үйреттің » әні . Орындаушы : 10 «ә» класс оқушысы Шағамбаев Айбат және 10 класс оқушылары.
Сен маған жазуды үйреттің ,
Сауатсыз балғын едім.
Қосу мен алуды үйреттің ,
Анамның ай, күні едім.
Еңбекқор болуды үйреттің,
Икемсіз жалқау едім.
Абайлап жүруді үйреттің,
Алаңғасар аңқау едім.
Әдепті сөйлеуді үйреттің,
Үнемі сақтамаушы едім.
Тиянақты жүруді үйреттің,
Үмітіңді ақтамаушы едім.
Секіру ,жүгіруге үйреттің,
Спортқа шорқақ едім.
Топта сөз сөйлеуді үйреттің,
Бастауға шорқақ едім.
Үлкенді сыйлауға үйреттің,
Тілалмас тентек едім.
Класты жинауға үйреттің,
Кей кезде еркеледім.
Ғылымды сүюге үйреттің,
Білімді түйіп келемін.
Өнерді сүюге үйреттің,
Шықпас ем биікке мен.
Ұйқыдан тұруды үйреттің,
Кешігіп қалатын едім.
Шашымды күтуді үйреттің,
Тек байлай салатын едім.
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруге үйреткен,
Ұстазым, мектеп еді.
(4 жүргізуші бірге шығады.)
Анар:---Ұстаздың балаға деген , баланың ұстазға деген махаббаты мен жылы лебізі мәңгілік!
Дианат:---- Ұстаз бақыты – шәкірт құрметі!
Уали:----Ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Заманбек:-----Ұстаз бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам.
Бәрі сахнаға шығып хорменен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.
Батыс Қазақстан облысы Орала қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі Жадыра Асқарқызы
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық — зор байлық.
Сабақтың мақсаты: а) Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету.
ә) Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
б) Ой — өрістерін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану
Тех.жабдық: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері
Қош келдіңіз, қонақтар!
Бізге келсек…
Сабақтан біз сабақтан қалмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Айтқан ақылды ойға түйіп,
Денсаулықты сақтаймыз:
— Ендеше, оқушылар және біздің құрметті қонақтар! Біздің мына өлең жолдарынан сабағымыз денсаулық туралы болатынын байқады деп ойлаймын. Ал, оқушылар тақырыбымыз «Денсаулық — зор байлық» деп аталады және бұл сабақтан біз денсаулық туралы әңгімелесіп, мақал — мәтел айтып, өз ойымызды қосамыз. Денсаулықты бағалап, сақтай білуге үйренеміз. Сабағымыздың дәйек сөзі «Тәуелсіз ел тірегі — дені сау санасы уланбаған, саналы ұрпақ».
2. Қызығушылығын ояту
— Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (оқушылар жауап береді)
Дені сау адамның көңілі шат, ол — бақытты. Денсаулық — зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады.)
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.С ондықтан 3топқа бөлініп отырайық.
1-топ «Шымыр»
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қслыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады.
5-бөлім. «Салауатты өмір салты»
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына:
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды:
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.
Еңбектің наны тәтті
Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті»
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні: Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың және рәміздер суреті
Әдісі. түсіндіру, сұрақ - жауап.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Еңбектің наны тәтті
2О12 жылы 2О қазанда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласы 2 «б» сынып оқушылары арасында талқыланды. Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласындағы атап көрсетілген тапсырмалары бойынша сынып жетекшілер айтып өтті.
Сонымен бірге еліміздің басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша білім беру саласындағы қызмет тиімділіктері және оқу тәрбиелік процестің жаңғыртылуы және қолжетімділігін жоғарылатуындағы еңбек ету бірінші кезектегі тапсырмалардың бірі екендігі айтылады.
Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің 2 б сынып оқушылары Елбасының ұсынып отырған әлеуметтік жаңғырту саясатын толығымен қолдап және оны іске асыру мақсатында өз міндетіміз оқуда жақсы жетістіктерге жету үшін еңбектенуіміз керек. Біз жақсы оқып Елбасымыздың саясатын тікелей басшылыққа аламыз деп сенім білдіреміз.
Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Елбасы еңбек қана елдің әлеуметтік әл ауқатын көтеретіндігін айтты.
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
3. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
4. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
Топтау.
Нақыл сөздер
• Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо до Винчи
• Рахаттың әкесі - еңбек. Ф. Вольтер
Тәрбие сағатын қорыту
Еңбек туралы мақал мәтедер айту
Ер дәулеті - еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек түбі - береке.
Көптің түбі мереке.
Ембек етсең - емерсің,
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ердің атын еңбек шығарады.
Бейнетсіз рақат жоқ,
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Еңбексіз өмір - сөнген көмір.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
АҚЫРЫП: Зиянды әдеттерден аулақ бол!
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету; 2. ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3.адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптасады; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамиды, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйренеді.
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: оқушылар
САБАҚ БАРЫСЫ: Оқушыларды топқа бөлу, топпен жұмыс
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: сұрақ-жауап, ізденушілік, топтық, жеке оқушылармен жұмыс, топтық сайыс
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: маркер, плакат, оқулық, слайдтар, суреттер
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: оқулық, суреттер, слайд
Сабақтың барысы:
Кіріспе: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанының сенімді тірегі» деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол!». Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздер көптеген тапсырмалар күтіп тұр.
Шаттық шеңбері: Алдымызда кездескен,
Көп қонақты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Аялдамалар
1.«Кел, танысайық» таныстыру
Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап, ой бөлісейік.
2. “Мың бір хадис” аялдамасы“
1-топ. 1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2-топ 2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3-топ 3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
3. “Денсаулық -зор байлық” аялдамасы
1-топ . «Денсаулық-зор байлық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2-топ .Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3-топ. «Дені саудың жаны сау» деген мақалды қалай түсінеміз?
2-топ БИ
Мұғалім: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек
4.“Жағдаятты талдау” аялдамасы
1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?
2.Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?
3.Саған 11-сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?
5.. “Ұлы ғұламалар не дейді?” аялдамасы
-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма? дейді
---Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.
---Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.
-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.
----Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды
-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын? ( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады.)
1-топ БИ
6. Кім көп біледі? Мақал-мәтел сайысы
Мұғалім:1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адамның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арақтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған және Саламатты Қазақстан жолдауларында еліміздің келешегін өркендетуді атап көрсеткен.
7. «Уланбасын—өмірің» аялдамасы (көрініс)
8. Аялдама «Егер мен президент болсам, өз мемлекетімнің азаматтарының денсаулығын нығайту үшін не істер едім?» постер қорғау
Мұғалім:Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
КӨРСЕТІЛІМ: Зиянды әдеттер
Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |