Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет78/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

ӘОЖ  (УДК) 530.12.531.18

ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  МҮМКІНДІГІН 

ПАЙДАЛАНЫП  ЭЛЕКТР  ТАРАУЫН  ОҚЫТУ

Мәди НАУБЕТЖАНОВ,

қауымдастырылған профессор,

Бақытгүл  АБЫҚАНОВА,

доцент м.а.

Баян ҚУАНБАЕВА,

қауымдастырылған  профессор

Е

қол  жеткізуге  тиіспіз.  Қазіргі  таңда  ақпараттық-коммуникациялық  техно-

логиялар  біздің  елімізде  де  жоғары  қарқынмен  дамып  келеді.  Білім  беруде 

жаңа  технологиялық  әдістермен  қатар  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

да  қолданудың  мүмкіндігі  жасалып  отыр»  деген  болатын.    Технологиялық 

оқыту  білім  алушыларды  белсенді  жағдайда  қойып,  оның  субьектілігін 

қалыптастырады  және  шығармашылықты  тудырады.  Әсіресе,  ақпараттық 

дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны 

жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, за-

манауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық 

әдістемелік  технологиялармен  қаруланған,  заман  талабына  сай  оқытудың 

жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық 

меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жа-

сайды.


Студенттің  өз  бетінше  білім  алуына,  ізденуіне  көп  мән  берілуі  тиіс. 

Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, 

өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі за-

ман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, 

іздемпаздыққа,  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу.  Осы  аталғандарды  іске  асыру 

үшін  сабақта  ақпараттық–коммуникациялық  технологияларды  пайдалану 

маңызды болмақ.

Сондықтан, бүгінгі  компьютерлендірілген заманда ақпараттық- коммуни-

кациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  ғылымның  кез-келген  сала-

сын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.

Бүгінгі  заман  талабына  сай  жаңа  технологиялармен  сабақ  жүргізуде 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. 

Біздің  бұл  мақалада  8-сыныптағы  электр  тарауынан,  атап  айтқанда 

«Өткізгіштерді  қосу»  және  «Кирхгофтың  ережелері»  тақырыптары  бойын-

ша типтік есептерді осы әдіспен шығару жолдары қарастырылған. Мектепте 

Кирхгофтың заңына сағат аз бөлінген, көбінесе өткізгіштерді тізбектей және 

параллель  қосу  тақырыптары  оқытылады.  Ал  талапкерлердің  ЖОО  түсуге 

арналған 2013 жылғы тест жинағында осы біз қозғаған мәселе қарастырылған.  

Кедергісі R болатын сымнан құралған куб берілген. Куб тізбекке 1-суреттегідей 

қосылғанда,  толық  кедергісі  неге  тең  болады?  Осы  сияқты  есептерді  тәуір 

оқитын оқушылардың өздері шығара алмай қалады, себебі оқыту кезеңінде 

оқушылар пән ішіндегі және пән аралық қатынастарға көңіл аз бөлінеді. Бұл 

кемшілікті жою үшін берілген есепті әртүрлі тәсілмен шығарған өте пайда-

лы. Есеп жалпы жағдайда Кирхгофтың әдісі бойынша шығарылады, яғни кез-

келген контур мен түйін үшін сызықты теңдеу құрылады. Түйін деп үштен 



81

www


.kazmektep.kz

кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені  айтатынын біз білеміз. 

Алайда  кубтың  толық  кедергісін  үш  жағдайда  ғана  анықтауға    болады  (1-

7,  1–4,  1–8  нүктелері  аралығында).  Осы  ереже  көмегімен  есепті  шығарған 

оқушылар кубтың қалай айналып тұрғанын,   токтың қалай бағытталғанын, 

басында  бөлініп  артынан  бір  түйінге  жинақталғанын  көреді.  Мұндай 

есептердің  біртіндеп  қиындап  отыруы  олардың  алға  қарай  ұмтылып  өз 

бетімен жетілуіне, шығармашылық қабілетінің дамуына көмектеседі, сөйтіп 

табиғат құбылыстарын модельдеу әдісі қалыптасады. Мұнда оқушының өз 

бетімен белсенді қызмет жасауы басты мақсат етіп алынған. Оқушылар ком-

пьютер  көмегімен  осындай  есептерді  щығаруда,  алдыңғы  сабақтағы  өткен 

материалды соңғымен байланыстыра алады.

Біздің  бағдарламамызда  бұл  есептің  Кирхгоф  ережесімен  және  түрлі 

жағдайда шығару жолдары көрсетілген. Олар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет