1 . 3 . 3 . ҚОРҒАНЫС ЖАРАҚТАРЫ
Батырлардың соғыста жеңіске жетуі үшін жоғарыда аталган қару түрлеріне қоса кеудені (сауыт,
шарайна), басты (дуылға), қолды, аяқты (жеңсе, тізелік, бал-тырлық) қорғайтын қорғаныс жарақтары
қажет екені көпшілікке мәлім.
Осы аталган қорғаныс жарақтарының қазақтың бейнелеу онерінде кездесетіні тек — дуылғалар.
Бірінде ол — дуылғаның скульптуралық дол кошірмесі түрінде берілсе (24; 24а; 35; 51; 52-суреттер), ал
екіншісінде салт атты сарбаздың басында бейнеленген (2; 13; 15; 48-суреттер).
Мүражай коллекцияларына, сондай-ақ ауыз әдебиетінің кейбір үлгілеріне сүйене
5 3
отырып, қазақ оатырлары киген дуылға-ларды
сыртқы формасына байланысты торт түрге бөлуге
болады. Олардың біріншісі бөрік пішінді болып
келеді. Төбесі доңгелене келген, онша биік емес бүл
ду-ылғалардың етегі дөңес қырмен бөлектеніп
түрады (24; 24а-суретер).
Дуылғаның екінші түрі қалпақ пішіндес. Әдетте
бүл дуылғаның төбесі биік, үшкір не сопақ болады
(2-сурет).
Тақия
(телпек)
пішінді
болып
келген
дуылғаның
үшінші
түрінің
төбесі
аласа
болғандықтан, ол — тек бастың үстіңгі жа-ғын ғана
жауып түрады (50; 51-суреттер). Мүндай дуылға
түрін көбіне басқа дуылғ-алардың астынан киеді
(Винклер, 1992, 107 6.).
Дуылғаның төртінші түрінің пішіні
күләпараға
үқсас. Төбесі онша биік емес бүл дуылға түрінің
болек те, төбесімен түтас та қылып жасалынған
желкелік, құлақтық бөліктері болады.
Осы аталған дуылға түрлері жаса-луына
байланысты өз ішінен "көбелі ду-ылға", "құрама
дуылға", "түтас дуылға", "томағалы дуылға" болып
бөлінеді.
Көбелі дуылға деп негізінен киіз, мата, теріден
істелген бас киімге сүйек, металл тіліктері —
көбелерді бір-бірін бастыра тігу арқылы жасалган
дуылғаларды атайды.
Қүрама дуылғалардың төбесі бірнеше темір бөліктерден (сайлардан) кұралып жасалса
(24;
24а-суреттер), ал тұтас дуылға деп металдан түтастай соғылған дуылгаларды атайды. Бүл дуылғалардың
жиегіне (бет жагынан озге) кіреукеден мойын қоргагыштар бекітіледі.
Томағалы дуылга деп бетті жауып түратын томағасы (маскасы) бар дуылғаларды атайды.
Осы аталган дуылга түрлерінің кейбірінің төбесінде жалау, қауырсын, қыл шашақ т.б. ортүрлі
арнайы белгілерді тағуга арнаған түтікшесі болса, ал енді бірінде мүрын-ды қорғау үшін дуылғаның
мандайынан көтеріліп, түсіп тұратын жебе темірі болады.
кесте
5 4
Достарыңызбен бөлісу: |