Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

1.5. 
БЕЛБЕУ — 
ЕРЕКШЕ 
4- кестс 
СИГНИФИКА 
5

кесто 
Қазақ петроглиф-теріндегі оте шеберлікпен берілген бейнелердің бірі — бел-беу. Бедерлі және 
нобайлы техникалық одістермен салынған ол суретторде кобіне қару-жарақ түрлерімен бірге кездеседі. 
Суреттерге және мүражай коллекцияларына сүйене отырып, қазақ белбеулеріи сыртқы пішініне 
қарай үш түрлі топқа топтастыруға болады. Оның біріншісі -белбаудан жоне белбеу бастарынан түрса 
(47; 53-суреттер; 1,1—6; 2,1-кестелер), ал екінші түрі жоғарыда аталған боліктерден басқа 
белбауга жалғанған ор түрлі салпыншақ-сақиналары бар белбеу-белдіктер (2,2-5; 3,1-6- кестелер). 
Белбеудің үшінші түрі — кіселер (26; 31; 40; 41; 113-суреттер; 4,1—6; 5,1 — 3; 6,1—4;
7,1—4-кестелер). 
Белбеудің белбауы негізінде былғарыдан, әр түрлі матадан, оте сирек жагдай-да топса іспетті 
болып металдан (1,6-кесте) істелініп, сырты түрлі (сопақ, текше немесе үстіне бедерлер салынған 
шеттері фигуралы) формадағы металл жапсырма-лармен безендірілсе, ал бай белдіктер алтынмен 
апталган, күміспен күптелген ою-орнектермен, асыл тастармен әшекейленген (Захарова, Ходжаева
1964, 67 б.). 
Белбеу басы — негізінде түрлі металдардан, сүйек-мүйіздерден жасалынады. Суреттерде, 
сондай-ақ мүражай коллекцияларында кездесетін қазақ белбеулерініц бастары үш түрлі болып келеді. 
Біріншісінің бастары — қапсырма\ы (1,4-6-кесте) 


59 
болса, ал екіншісіиің бір басы ілмек (47; 53-суреттер; 1,1-3; 
2,1-5; 3,1-2; 4,1,3,6; 5,1-3; 6,1-3; 8,1 -2-кестелер) іспетті болып 
келеді. Белбеу басыпың үшінші түрінің тілі (3,3-6; 
4,5-кесте-лер) болады. Археологиялық деректерге суйенсек, тілі 
бар белбеу бастары ілгекті белбеулерге қарағанда бұрын пайда 
болған. Оған б.з.д. II- мың-жылдықтың соңы мен 
І-мыңжьілдықтьің басындағы белбеудің қола бастары дәлел 
бола алады (Черни-ков, 1960, 43; 46 бб.). 
Белбеу — бүл адам баласының сонау көне замандардан 
күні бүгінге дейін пайдаланып келе жатқан бүйымдарыиың бірі. 
Ол — археологиялық ескерткіштерден, мифтік және 
эпикалық шығармалардан, жазба деректер мен этнографиялық 
материалдардан көріп жүргеніміздей, сң алдымен озінің "омір" 
сүрген мәдени ортасына, содан соң белбауының жасалған 
материалына, оның түр-түсіне, жалпақ-жіңішкелігіне, әшекей 
үшін 
жапсырылған 
жап-сырмаларының 
санына, 
оған 
пайдаланылған ма-териалдардың ор түрлілігіне, қосалқы 
бөліктерінің бар-жоғына байланысты ерте замандардан бері 
бірқатар атрибуттар мен функцияларды атқарып келеді. Мәсе-лен, мифологиялық және эпикалық 
шығармаларда (Манас, 1941, 48 б.; Калевала, 1977, 216 б.), сондай-ақ кейбір этнографиялық 
зерттеулерде (Тохтабаева, 1989, 287 б.; Левонян, 1977, 73 б.) ол (белге тағылган белбеу) — жаман 
күштерден қоргайтын магиялық күші бар 
Дөңгелек-Кеңістік 
түрінде көрінсе, ал жиі-жиі болып түратын 
қақтығыстар мен соғыстарға толы әскери демократия кезеңінде сарбаз керек-жа-рағының ішінен ерекше 
орын алып, соғыс символы — қару атрибутына айналды. 
Енді біз белбеу атқарған сол атрибуттар мен функцияларға қысқаша тоқталып өтелік. 
Белбеу — билік атрибуты. 
Билік атрибутын корсететін белбеу-белдіктерге негізінен ру 
ақсақалдары мен тайпа көсемдері, хандар мен патшалар такқан белбеу-белдіктер жатады. Әдетте 
мүндай белбеу-белдіктер алтынмен апталып, асыл тастар-мен безендіріліп жасалынады. Өйткені, алтын 
— коптеген халықтардың түсінігінде патша билігінің ең негізгі ассоциацияларының бірі (Литвинский, 
1983, 35-36 б.б.; Лелеков, 1984, 39—41 б.б.). Оған орыс князі Дмитрий Донскойдың алтын белбеуі 
мысал болса (Арциховский, 1970,204 6.), ал оның тікелей археологиялықкорсеткіші болып, Есік 
қорганынан (б.з.д. V г.) табылған алтын киімді сақханзадасының белбеуі саналады (Акишев, 1978, 50 6., 
68-сурет). Билік атрибугын көрсететін белбеуге сондай-ақ, қазақтың кобіне қызыл түсті болып, асыл 
тастармен безендірілген шоқ белбеуін жатқызута болады. Ойткені, мүндай белбеуді — кейбір жазба 
деректерге сүйенсек, ертеде қазақ, қырғыз т.б. түркі халықтарында қызмет 


58 
дәрежесі үлкен, лауазымы жоғары, атақты адам-дар ғана таққан. 
Белбеу — соғыс символьғ 
Соғыс символы — қару атрибутын көрсететін 
белбеулерге негізінен әр түрлі қару-жарақтар ілінген немесе тағылған 
белбеулер жатады (15; 26; 31; 40; 41; 113-суреттер; 4,1—6; 5,1—3; 6,1—4; 
7,1—4; 8,1—2-кестелер). 
Сондай белбеулердің бірі — кісе. Кісенің тіліміздегі алғашқы 
мағынасы — "қалта" болған-дықтан, оны кейде қапталы белбеу деп те атайды 
(Гладышев, Муравин, 1851, 68 б.; Древнетюр-кский словарь, 1969, 310 б.; 
Валиханов, 1985, 39 б.). Себебі, кісе белдікке пышақ оқ-дәрі, шақпақ тас және 
оның білтесін салатын — қын-қынап-тарды іліп алып жүрген. Мұражай 
коллекцияла-рындағы кісе белдіктің ұзындығы 130-дан 200 см-ге дейін, 
көбінесе 150 см болса, ал ені 2,5-тен 9 см болып келеді (Захарова, Ходжаева, 
1964, 67 б.). 
Ертеректе тек батырлар, аңшылар және жол жүрген жолаушылар 
такқан кіселер XIX ғ. аяғы 

XX ғ. бас кезінде таза декоративті түрде қолданыла бастады. 
Белбеу— сәндік бүйым. 
"Алтын кемер белге сән, ақылды жігіт елге тән" 
немесе "Кемер белбеу — бел сәні, кемелді жігіт — ел сәні" деп кдзақ атамыз 
айтпақшы, белбеу сонау көне замандардан бері әшекей идеясын көрсетіп келе жаткдн сәндік 
бұйымдардың бірі. 
Кемер (кәмір) белбеу — жоғарыда келтірілген макдл-мәтелдерден көріп отырғ-анымыздай, 
сәндік үшін тағылатын белбеулердің бірі. Ол жалпақтығы екі-төрт елі болып келген барқыт таспаға 
күмістен және алтыннан ою орнатып жасалынады. Оны әйелдер де, ер адамдар да тақкдн. 
Белбеу — айыру белгісі. 
Белбеу жоғарыда айтылган атрибуттардан баскд сонау көне замандардан 
бері айыру белгісі қызметін аткдрып келеді. Мысалы, кдзақтың салт-дәстүрі бойынша әкесі баласына 
10—13 жаскд келгенде белдік сыйлайтын болған. Бұдан біз баланың кәмелетке келгендігін, яғни бір 
жас кезеңінен екінші бір жас кезеңіне өткендігін көрсек, ал Днестр өңірінің бой жеткен қыздары 
белдеріне түрлі-түсті матадан жасалған жалпақ белбеу, ал әйелдері жүн матадан істелген жіңішке 
белбеу таққан (Зеленчук, 1972, 82 б.). Бұл жерде белбеу иесінің үйленген-үйленбегендігін көрсетсе, ал 
батырлар такқан кдлталы белбеу 

кіселер мен алтынмен апталып, асыл тастармен безендірілген хандар мен патшалардың белбеулері 
иесінің әскери-әкімшілік иерархиядағы орны мен қызметін көрсетеді. 
Көшпелілер баскд халықтарға кдрағанда белбеуге ерекше мән беріп, кддірлеп, бағалы 
металдармен және асыл тастармен безендіретін болган. Өйткені, ол — В.Б. 
7- кесте 


59 
8- кесте 
Ковалевскаяның сөзімен айтқанда, олардың (көшпелілердің — авторлар) толқүжаты (Ковалевская, 
1969, 164—165 бб.) болса, ал астрахань қалмақтарында белбеусіз ер адамның халық алдында көрінуі 
әдепсіздік болып саналады (Житецкий, 1893, 12—13 бб.). 
Белбеу жоғарыда аталған атрибуттар мен функциялардан басқа кез келген ха-лықтың 
салт-дәстүрлерінде бірқатар ырымдармен тығыз байланысты. 
Мысалы, Ресейдіи, Псков губерниясының калындықтары үйлену тойларында барлық қонақтарға 
озі жасаған белбеулерді сыйласа (Афанасьев, 1869, 437—438 бб.), ал молдаван шаруалары егін егер 
алдында болашақ егін бітік әрі биік шықсын деп өздерінің қызыл белбеулерін жоғары қарай (аспанға) 
лақтыратын болған (Зеленчук, 1972,82 6.). 
Қазақта, сондай-ақ мойнына кісе салу ырымдары бар. Сол ырымдардың бірінде мойынға кісе 
салу екі қабат әйелдің тез әрі жеңіл босануына, яғни болашақ нәрестенің дүниеге аман-есен келуіне 
байланысты қолданылса (Тохтабаева, 1989, 287 66.), ал екінші бірінде біреудің қазасын естіртуге 
барғанда, яғни басқа тускен ауыртпашы-лық пен қиыншылық кезінде қолданған (Шойбеков, 1993, 18 
6.). Қазақ қоғамында кісені сондай-ақ малға тағу әдеті де орын алған. Оған қазақтың мына бір ырымын 
мысалға алуға болады. Бұл ырым бойынша қазақтар бойына біткен төлін ағызып жібермесін деп бураға 
шопрілген түйенің мойнына кісе салып, кошкенде немесе кіре тартканда оған ешқандай ауыр жүк 
артпаған. Халық арасында мұндай түйелерді "кіселі түйе" деп атаған (Жанәбілов, 1982, 68 б.). 


56-сурет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет