Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей



бет15/31
Дата12.03.2018
өлшемі6,99 Mb.
#38657
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

Литература

1 Набатникова М.Я. Основы управления подготовкой юных спортсменов.- М.: Физкультура и спорт, 1982. – 145 с.

2 Бальсевич В. К. Выявление и развитие спортивного таланта // Современные достижения спортивной науки: тезисы докл. междунар. конф. – СПб.,1994. – С. 3.

3 В.Г. Алабин, Г.П. Юшкевич, Е.А. Масловский. Многолетняя тренировка юных спортсменов: учеб пособие. – Харьков: Основа, 1993.

4 Суслова Ф. П. Теория и методика спорта: учебное пособие для училищ олимпийского резерва . – М., 1997. – С. 284-287, 316-330.

5 Шварц В. Б., Хрущев С. В. Медико-биологические аспекты спортивной ориентации и отбора. – М., 1984. – 152 с.



Боксшы студенттердің функционалды дайындығын жетілдіру

Сыдықов Н. Т., магистрант

Научные руководители: к.б.н., доцент Лесбекова Р.Б.;

к.п.н. Касымбеков М.А.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген спорттық іс-әрекет түріндегі, соның ішінде бокстағы жоғары спорттық шеберлікке қол жеткізу қозғалыс қасиеттерінің (күш, жылдамдық, төзімділік) деңгейімен және олардың өзара тиімді ықпал етуімен байланысты. Жұмысқа қабілеттіліктің, спорттық шеберліктің жоғары деңгейіне дене қасиеттерін кешенді дамыту арқылы жетуге болады.

Бокстағы дене дайындығы –бұл боксшылардың жекпе-жегіне қажетті дене қасиеттері мен қабілеттерін тәрбиелеу үрдісі. Бокс теориясында шартты түрде төрт негізгі дене қасиеттерін бөліп көрсетуге болады: шапшаңдық, күштілік, төзімділік пен ептілік [1].

Шеберлігі жоғары боксшыларды дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы мамандарды дайындау қазіргі кездегі Республикадағы барлық спорт үйірмелерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып саналады [2, 3].

Зерттеудің міндеттері: боксшылардың дене қасиеттерін дамытудағы ғылыми зерттеулердің дамуын зерттеу; боксшылардың спорттық жаттығу жүйесіндегі дене қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтау; бокстағы дене қасиеттері мен оны дамыту әдістемесінің жолдарын саралау.

Зерттеу мақсаты: боксшылардың дене қасиеттерін кешенді дамыту әдістемесін негіздеу.

Жоғары оқу орындарындағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарында таңдаған спорт түрінің жетілдіру үйірмелері спортшылардың мемлекеттік білім стандартының мақсаттары мен міндеттеріне негізделіп жасалып, олардың жасы мен физиологиялық, функционалдық, морфологиялық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқу үрдісін ұйымдастырудың өзіндік арнайы формасына ие. Жоғарғы оқу орындарындағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарында бокспен айналысатын спортшылардың дене қасиеттерін

кешенді дамыту мақсатында спортшылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін деңгейін жоғарлататын, дене және функционалдық дайындығын дамытатын, спорттық дене дайындағын жоғарлату мақсатында әрбір станцияларда «шеңберлік жааттығу» әдісі бойынша боксшыға қажетті дене қасиеттерін кешенді дамытатын жаттығулар таңдалып, ұсынылды.

Ұсынылған әдістеме спортшылардың өзіндік дене қасиеттерін дамытуға қызығушылығын, өз денесін жетілдіруге қажеттілігін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Төменде боксшылардың дене қасиеттерін кешенді дамыту бағытындағы тексеру және эксперименттік тобының зерттеу барысындағы көрсеткіштерінің динамикалық өсуі көрсетілген (1 кесте).


1 кесте - Боксшылардың дене қасиеттерін кешенді дамыту бағытындағы тексеру және эксперименттік тобының зерттеу барысындағы көрсеткіштерінің динамикалық өсуі (n=12)

Көрсет


Кіштер

Топтар

Дәлдіктің айырмашылығы

Эксперименттік

Тексеру






S



S

эксп.

дейін


эксп

кейі


эксп

дейі


эксп

кейі



эксп.

дейін


эксп.

кейін



эксп.

дейін


эксп.

кейін


t

P


«Көлеңкемен ұрыс» серия саны

2

6

0,3

1,22

2

4

0,3

0,7

3,6


<0.01

>0.001


30 сек. ішіндегі боксшы қабын ұрғылау, саны

14.5

23.1

0.9

1.2

15.1

19.5

0.9

1.1

4.1

<0.01

>0.001


Штангамен отырып-тұрудағы максималді салмақ, кг

70.1

99.5

3.22

4.02

66.1

82.7

2.54

3.15

16.9

<0.01

>0.001


Штанганы белмен тұра тарту, кг

87.5

109.5

3.34

9.01

88.4

97.1

2.21

5.06

13.5

<0.0

>0.001


Секіргішпен секіру ұзақтығы, мин

2

5

0,8

2,1

2

4

0,6

0,5

1,5

<0.0

>0.001


Кермеге тартылу, қайталау

22.1

31.5

4.1

8.02

20.1

28.5

3.99

5.06

4.1

>0.001

>0.001


Етбеттеп жатып қолды бүгіп-жазу, қайталау

36.5

52.1

3.09

5.47

36.1

45.2

2.99

3.01

7.9

<0.01

>0.001


Бір орыннан ұзындыққа секіру, см

207

230

16.7

20.5

205

220

16.5

19.0

9.5

<0.01

>0.001



Атап айтсақ, тексеру тобында боксшының 30 сек. ішіндегі боксшы қабын ұрғылау саны көрсеткіштерінің өзгеруі экспериментке дейін 15,1±0,9 рет, ал эксперименттен кейін 19,5±1,1 рет көрсетті.

Эксперименттік топта бұл көрсеткіш экспериментке дейін 14,5±0,9 рет, ал эксперименттен кейін 23,1±1,3 ретті құрады.

Жасөспірім-боксшылардың СФП көрсеткіштерінің динамикасы оқу жылының барысында зерттелген болатын. Тестілеу үш рет жүргізілді: оқу жылының басында (қыркүйек), ортасында (қаңтар) және соңында (мамыр), яғни сипатталған аппаратурада. Өлшеу уақыты жылдың басы негізінен дайындық кезеңіне жататын болғандығымен таңдап алынды, дегенмен спортшылар жарысқа бұрыннан қатысып жүрсе де, бірақ та осы жарыстардың дәрежесі жоғары емес және олар дайындық, бақылаушы сынақ болып саналады; жылдың екінші жартысында спортшылар аса ірі жарыстарға қатысатын болады және мамырда біздің сыналушыларымыз белгілі бір дайындық жүрген Мәскеу қаласындағы біріншілікке қатысты. Маусым айында мектептегі демалыстар басталады және кейбір спортшы-мектеп оқушылар емтихан тапсырады, осыған байланысты олар жаттығуларға жиі қатыса алмайды. Сондықтан, жазғы уақытта өлшеу бізге обьективтік нәтижелер бермеуші еді, өйткені олар боксшылардың шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуші еді.

Зерттелетін көрсеткіштердің статистикалық сипаттамалары өлшемнің күндері бойынша көрсетілген. Тестілеудің әртүрлі күндерінде белгіленген белгілердің шамалары арасындағы айырмашылықтардың дұрыстығын бағалаудың нәтижелері жыл бойындағы көптеген белгілердің статистикалық маңызды өзгерістері туралы көрсетеді. Мұнда жылдағы көрсеткіштердің өзгеруі бірыңғай болмайды. Мысалы, біріншіден екінші өлшемге дейінгі 32 көрсеткіштердің 15 дұрыс өзгеріске ұшырады (3 көрсеткіш нашарлады), біріншіден үшінші өлшемге – тек қана 7 (1 нашарлады), екіншіден үшінші өлшемге - 12 көрсеткіш (7 нашарлады).

Дара соққыдағы күш сипаттамаларының көрсеткіштерінен аса жоғарғы өзгерістерге тура сол жақтан соққының күші ұшыраған болатын.

Соққы серияларының орындалуын талдау жыл бойындағы маңызды өзгерістерді айқындады. Сериялық соққылардың сомалық күші екінші өлшемде 16,7$ ұлғайды. Сериялық соққылар күшінің импульсі одан әрі 20,7$ ұлғайды. Бірақ та соққы ССИ анық нашарлады. Екіншіден үшінші өлшемге сериялық соққы күшінің импульсі мен күш азайды. Бұл анық жақсарып жатқан соққының ССИ әсерін тигізді. Осындай өзгерістер соңғы соққының күшімен де болған болатын. Үшінші өлшемде сериялық соққы берудің уақыты барынша азайды. Сериялардың орындалуын бағалау ұлғаю тенденциясына ие.

Жылдамдықты-күш жұмысқа қабілеттіліктің көрсеткіштері де (тест "I мин") өзгерді. Мысалы, екінші өлшемде бірінші 30 с жұмыс ішіндегі соққылар "тоннажы" анық 32,1$ жақсарды. Үшінші өлшемдегі өзгеріс тек 12,2$ құрады. Екіншіден үшінші өлшемге бұл көрсеткіш төмендеу тенденциясына ие болады 17,8$). Өзге жағдай берілген соққылардың санынан бақыланады. Егер де ол екінші өлшемде түк өзгеріске ұшырамаса, онда үшінші өлшемде ол анық ұлғаяды. Бұл осы кезеңдегі жаттығудың боксшылардың моторлық қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік бергендігін көрсетеді, бірақ та мұнда күш төзімділігі аздап төмендеді, әсіресе күштің, дара соққылардың жылдамдығы мен сериялық соққылардың күші мен арнайы жұмысқа физикалық қабілеттілік пен жылдамдық-күштің көрсеткіштері төмендеді. Негізінен жарысу кезеңінде дара соққының жылдамдығын дамыту мен күшке қатысты жаттығулар аз қолданылады.

Жаттығудың бұрыннан келе жатқан әдістемесі боксшының моторлық қабілеттеріне қолайлы әсерін тигізеді, яғни көптеп соққы беру іскерлігі. Бұған жалпы физикалық жұмысқа қабілеттіліктің артуы мүмкіндік береді.

Сонымен, жыл барысындағы СФП жетекші белгілерінің динамикасын талдау олардың өзгерісінің алуан түрлі бағыттағы сипатын анықтап берді. Сонымен, дайындық кезеңінде тура оң жақ соққының күштік сипаттамалары, дабылға деген соққының күші, сериялық соққының сомалық күші, арнайы физикалық жұмысқа қабілеттілік пен жылдамдықты-күштің жұмысқа қабілеттілігіндегі соққылардың сомалық күші және осы тесттегі соққылардың орташа күші мен жалпы физикалық қабілеттілік анық жақсара түсті.



Қорытынды. Бокстан жаттықтыру үрдісінде дене қасиеттерін кешенді дамыту бағытында зерттеуде құрылған әдістеменің эксперименттік тексерудің нәтижесі, бокспен айналысушы спортшылардың жаттығуға қызығушылықтарын жоғарлатып, қозғалыс белсенділігін арттырып, дене мүшелері параметрлерінің үйлесімді дамуына және дененің қажеттті бұлшық еттер топтарының (құрсақ бұлшық етінің, қолдың, арқаның, бөксенің, санның, балтыр бұлшық етттері) күштік төзімділігі қабілеттерін кешенді дамытып, барынша тиімді болғандығын дәлелдейді.
Әдебиеттер

  1. Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінщ ілімі мен әдістемесі. - М.: – 1979 ж.

  2. Жарылгапов О., Нұрмаханов Ә., Саттарханов Б. Бокс. – Алматы, 2007. – 271 с.

  3. Жалымбетов А. Бокс. – Алматы: балауса, 2002. – 72 с.


Таеквондомен шұғылданушы жасөспірімдердің таеквондодағы психологиялық даярлық ерекшеліктері
Тойшы А., магистрант

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Лесбекова Р.Б.


Кіріспе. Таеквондо – қарсыластың шабылуына төтеп беру мақсатында аяқ пен қол шеберлігін үйлестіру арқылы орындалатын еркін түрдегі спорттық жекпе-жек [1].

Таеквондомен айналысу адамның денсаулық күйі және дене сапаларын жоғарылатумен бірге, адамның рухани кемелденуіне зор ықпал етеді. Таеквондомен айналысушы спортшы бойында ұстамдылық, қайырымдылық кішіпейілділік пен өзінің қадір-қасиетін сезіну сезімдерін дамытады. Бұл спорт түрімен айналысушы спортшылар меңгерген шеберліктерін, (жаттығудан бөлек) тек оған немесе оның жанұясына қауіп төнгенде ғана қолдануға рұқсат берілген. Бұл спорт түрінде адам дене күшімен бірге өзінің энергиясын әрі бағдарлай алуға үйренеді. Басқа жекпе-жек түрлерінде жетістік пен шеберлік белгілі бір уақытқа дейін шыңдалады, спорттан қол үзгеннен кейін тәжірибемен мүмкіндік қоры да щектеле түседі. Бірақ таеквондо спортында адам шеберлігімен бірге, бойындағы күш- қуаты және мүмкіндігін қоршаған ортада икемді түрде жұмсауға үйренеді. Сондықтан да бұл спорт түрінде философиялық мән мағына жатыр. Өз энергия қорыңды жетілдіріп, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу жылдар көлемінде жүргізілетін жаттығудың және қайраттылық пен шыдамдылық арқасында шыңдала түседі [2, 3].

Зерттеу нысаны психологиялық күйлер: еске сақтау, зейін, сенсомоторлық реакциялар, мазасыздық пен өзіне деген сенімділіктің өзгеруі жайында ақпарат алынады.

жасөспірімдік спорт психологиясы екі бағыты:



  • ғалымдар зерттеулерінің арқасында жас спортшының психологиялық қоры жайында мәліметтер жиыны;

  • жас спортшылардың жаттығу мен жарыс процесіне психологиялық даяр болу мәселесі.

Жұмыстың мақсаты 14 - 16 жастағы жасөспірім таеквондошыларды психологиялық дайындық кезінде , жасөспірімнің бойында:дүние-танымдық жағымды көзқарас: өзін-өзі жетілдіру; өзін-өзі дамыту; өз жетістіктерін бағалау; бойындағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуге үйрету.

Зерттеу міндеттері 14 -16 жастағы жасөспірім таеквондошыларды: психологиялық темперамент тестінен өткізу; жас спортшыны жарыс кезінде мінез-құлқына байланысты оны психикалық дайындау; стресс жағдайларын қадағалау; жас таеквондошының психолог маманымен жұмыс жасауын қамтамасыз ету .

Зерттеу әдістері педагогикалақ және психологиялық оқыту әдісі, физиологиялық ғылыми оқыту әдісі, әлеуметтік және статистикалық әдісі.

Зерттеу нәтижесі мен сарааптамасы. Жас спортшылар спорттық өмірінің алғашқы кезеңінде дағдарысты бастан өткереді. Әдетте ол спорттық мектепте тәлім алу және жаттығудың бастапқы кезеңінде белең алады.

Таэквондодағы аяқпен соққы жасау техникасын және психикалық жаттығуларын үйрену әдістемесі.

Спорттық таэквондоны үйрену – білімді, икем мен дағдыларды игеруге, жаттықтырылатын тұлғалардың ақыл-ой және саналық жетілдірілуіне бағытталған педагогикалық үдеріс. Үйрету үдерісі оқытушы-бапкер мен оқушылардың әрекетін білдіреді. Қызметтің бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттеседі.

Ұйретудің нақты мақсаты оқыту мерзімін, оқушылар құрамын, оқытудың мазмұны, әдістері мен формаларын анықтайды. Спортшы, бапкерді немесе төрешіні дайындау үдерісінде қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі: нақты оқу мақсаты оқу мерзімін белгілейді:



  • денсаулықты нығайту;

  • физикалық және еріктік қасиеттерін дамыту;

  • спорттық Таэквондо теориясы бойынша білімін игеру;

  • сайыстарда, жекпе-жекті жүргізу үшін техникалық және тактикалық әрекеттерді игеру, инструкторлық-әдістемелік дағдылар мен төрешілік жасауды үйрену.

Үйретудің негізгі міндеттері өз ішінде дербес міндеттерге бөлінеді: оқыту мен жаттығу әдістемесі, сайыс ережелері, жарақат алуды алдын-алу бойынша білімін мен дағдыларын игеру, т.б. Оқушыларға таэквондодан икемдері мен дағдыларға үйрету міндеті жалпы даму және спорт түрлерінен алынған арнайы жаттығуларды, әрекеттерді, тәсілдерді, қорғау тәсілдерін, күрделі техникалық және тактикалық әрекеттерді игеруін білдіреді .

Үйрету мазмұны. Спорттық таэквондоны үйрену теория мен тәжірибеден тұрады. Теория мен тәжірибе бойынша материал көлемі бағдарламамен анықталады.

Бағдарлама материалын оқытушы бөлек сабақтар бойынша үлестіреді, олардың мазмұнын құрайды және формасын анықтайды.

Үйрету қағидаттары. Спорттық таэквондоны үйрену үдерісін құрайтын негізгі принциптерге саналылық, белсенділік, көрнекілік, қолжетімділік, жүйелілік және беріктілік жатады.

Саналылық. Оқытушы айналысушыларға әрекетке басшылық болатын және оқудың айтылмыш кезеңінде алдында тұрған мақсаттарды дұрыс шешуге мүмкіндік беретін білім беру керек.

Айналысушының саналық қызметті қамтамасыз ету үшін, жаттықтырушы оларға қажетті білімдерді береді және олардың игеруін талап етеді.

Бұл үшін мыналар қажет:

1) Алдыға мақсат қою және оның шешімі не беретінін, оны орындау не үшін қажет болғанын түсіндіру (тәсілді оқу кезінде қашан және қандай жағдайда ол қолданыла алады және қандай нәтижеге жетуге болатынын түсіндіру);

2) Қойылған мақсаттың шешу жолын (әдісін) көрсету. Егер тәсілді зерттеу ұсынылса, оқытушы айналысушыға тәсіл дұрыс болатындай қандай әрекеттер және ара қандай тізбектілікте орындау тиіс; неше рет және қандай тізбектілікте серіктестер әрекет етуге керек. Егер мақсат қойылса - әдіс жетілдіру жасалатындай, атыспақтарда қарсылас-қарсыластас ол бапкер түсіндіру сияқты спортшы әрекет етуге керек;

3) Айналысушы мақсат жолға қою білетін ақы-пұлдар сілтеп жіберу керек . Егер, әдісті игеру мақсаты қойылса, оны оқу үшін не таңдау керек екенін түсіндіру керек -қап, серіктес, т.б. Егер тәсілді жетілдіру қажет болса, атыспақ үшін қандай серіктесті таңдап алу тиістігін түсіндіру қажет.

Кейін мақсаттың қойылымын оқытушы білімнің меңгеру тиімділігін тексереді, кейін айналысушының қызметінің қарай тексереді. Олар сияқты керек әрекет етсе, не әдістің меңгеру олқылықта бар екенін білдіреді.

Бұл спортшы және не оған аңдатуға керекке сезбеді, ол сезінетіндей, орындау дұрыс әрекеттерді бапкер анықтайды.

Белсенділік. Тәлім-тәрбие салуға қажетке спортшы алатын білімдерді баста тәжірибеде қолдана білетіндей құру керек. Егер спортшы білсе, әрекет ету қандай нәтиженің шығаруын, қандай ақы-пұлдар үшін мақсаттың табысы үшін қолдану, оқытушы нешінші жолға қою керек осы мақсат шарт қояды. Мақсат айналысушылармен шешілсе, сол оның белсенділігін жоғарылатады. Орындалмаған мақсат, айрықша уақиғада, қашан сол уәдесіздік сүйкімсіз сезіммен немесе эмоциялермен тоқулы болса, белсенділікті төмендетеді.

Алғашқыда үлкен күш пен ұзақ жұмысты талап етпейтін қарапайым тапсырмалар беріледі, оларды жемісті шешу үшін аса жеңіл тапсырмалар беріледі. Күрделі тапсырмаларды беру спортшы ойдағыдай орындаған кездеаса қарапайым тәсілдерге үйренген кезде беруге болады. Айналысушының белсенділігін оқытушы білім жолымен тапсырмалардың және оның орындалуының жүйелі тексерілуі арқылы дамытады. Тапсырмалар спортшылармен сабақтар кезінде өздігінен орындалады.

Оқытушыға айналысушының зейінін шығармашылық жұмысқа аударту тиіс. Сол себептен ол спортшыларға тапсырманы өздеріне дұрыс шешуге тапсырма береді. Әдетте ол сондай тапсырмалардыорындаған кезде жасалады және оқытушы оларға оның шешімінің қиюы хабарлады (көргізді). ара атыспақ тағайынды жағдай жасау, оқытушы немесе шыға беріс ауыр жағдай тауыпұсынды. Спортшы шыға беріс жолды табу білмесе, сол бапкер оған қабылда- ақыл көмектеседі.

Көрнекілік.  Материалды зерттеу жайлы спортшыларда дұрыс және толық түсінік қалыптасқанындай құрылу тиіс. Егер оқытушы үлгігі түрде оны көрсеткен жағдайда мүмкін болады.

Әрекетті көрсету кезінде негізгі талапты сақтау қажет – спортшының ең бастысына көңіл бөлуі. Спортшы зейінін қарапайым қимылдардың немесе фазалардың үлкен көлеміне бірден нақтылауға болмайды. Бұл үшін оқытушы көңіл аудартатын бөлікті (элементті) айналысушылар жақсы көре алатындай тұрып көрсетеді. Әдістің жаңа нұсқасын көрсетікен кезде, жаттықтырушы ертеректе игерген элементтерге көңілдерін аудартады.

Осындай көрсетілім оқылатын тәсіл жайлы жұрыс түсінікті тез құруға мүмкіндік береді. Бұған анрайы қорытындылаушы жаттығулар көмектеседі.

Тәсіл туралы ең толық түсінік мына жағдайда пайда болады:

а) тәсілді көрсету кезінде оның техникалық-тактикалық қасиеттерін түсіндірсе;

б) үйренетін тәсілді орындауға ыңғайлы болатын ситуацияны көрсеткенде;

в) тәсілді жекпе-жекте орындалатындай етіп көрсеткенде (осындай көрсетілімде тәсіл туралы жалпы түсінік пайда болады);

г) тәсілді элемент бойынша баяу көрсеткенде (осындай көрсетілім тәсілдің маңызды элементтері туралы нақты түсінікті көрсету үшін қолданылады);

д) тәсілді оқытуды бастаған кездегі түрде көрсеткенде.

Тәсілдер мен жаттығуларды нақты, қажетсіз қимылдарды көрсету керек. Ұқыпсыдық, дәлсіздік оқушыларда тәсіл туралы дұрыс емес түсініктің пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде оны орындау кезінде қателіктер пайда болуы мүмкін. Егер оқытушы тәсілді өзі үлгілі түрде көрсете алмаса, ол сол тәсілді жақсы игерген спортшының көмегіне немесе бейне, фотография мен суреттерге сүйенеді. Бұл құралдар қателіктерді немесе бөліп алуға болмайтын тәсілдерді көрсету үшін де қолданылады. Егер оқыту көрнекі түрде өткізілсе, онда оқушылардың техника туралы дұрыс түсінік пайда болады және олар жаттығу мен тәсілдерді дұрыс орындауға мүмкіндігі болады.

Жүйелілік. үйрету процесін белгілі бір жүйе бойынша және материалды баяндауда реттілікті сақтап өткізу керек. Ол үшін оқыту кезінде оқушылардың дайындығын және басқа жағдайларды ескеру жөн.

Жаттығуды жоспарлап, материалды игеру мен спортшылардың білімі, икемі мен дағдыларын жетілдіруге болатын жүйені ойластыру қажет. Материалды игеру жүйелілігі оқы жаспарларында, графиктер мен күн кестелерінде бейнелуі тиіс. Осы құжаттарда жаттықтырушы теориялық курстың бірізділігін, техника мен тактикасын жетілдіру, жалпы-даму және арнайы жаттығуларды орындау, жүктемені арттыру (жаттығулардың көлемі мен қарқыны), белгілі бір физикалық қасиеттердің дамуын, оқу және жаттығу жекпе-жегінің, сайыстардың мазмұнын және т.б. ескереді.

Таеквондо – қарсыластың шабылуына төтеп беру мақсатында аяқ пен қол шеберлігін үйлестіру арқылы орындалатын еркін түрдегі спорттык жекпе-жек екендігін жас таеквондошының бойына құйдық. Жас спортшының танымдық қабілетінің өмірлік ұстанымын, өмірлік бағытын дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп, үлкен жетістік көрсетіп отыратын қасиет екендігін ұғындырдық. Жасөспірімнің бұл жаста «өтпелі қиын кезең» бастан өтетіндігі себепті, әсіресе жарыс кезінде эмоциясы тұрақты болуы үшін, психологиялық дайындықтың маңыздылығы анықталды. Дайындықтың жылдық циклында арнайы-дайындау жаттығуларының кешенін пайдаланудың жасалған әдістемесі, жас таеквондошылардың физикалық және психологиялық мүмкіндіктерінің жылжуын алуға мүмкіндік берді. Үйлесімдік бағыттағы арнайы-дайындау жаттығуларының кешенін, орындау кезінде ұзақтығы 15 секундта, әр жеке жаттығуларда қайталану саны 1-5 қайталануға көбейді, ЖСЖ 6-10% төмендеуі байқалды, сонымен қатар психологиялық дайындық әрекетінде төзімділіктің артуын білдірді. Жасөспірім таеквондошылардың жарыс кезінде, зерттеу қорытындысына байланысты 64% -қыз балалар, 36% - ұл балалар психикалық-стреске ұшырайды.

Аттестация нәтижесінде сараптау комиссиясы эксперименталды топта айналысқан спортшыларда, нақты үйлесімді жұмыс есебімен, орындау қимылдарының сапасы жоғары болғанын, психологиялық дайындықтың артқанын, тәсілдің техникалық мазмұны жақсарғанын анықтады. Бақылау барысында «Психологиялық даярлық» бөлімі үшін комиссиямен қойылған орта бал 6,2 эксперименталды топта, ал бақылау тобында 21% көп, - 8,3 бал құрады.
Әдебиеттер


  1. Годик М.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. –М.: Физкультура и спорт, 1980. – 135 с.

  2. Голованов В.ТО. Сравнительный анализ уровня специальной подготовки спортсменов в таэквондо // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 1998. – С. 34-40

  3. Агеев В.В, Повышение эффективности тренировочного процесса спортсменок при занятиях таэквон-до в подготовительном периоде: автореф. дис. ... канд. пед. наук. – М., 1999. – 27 с.

  4. Акоияп Л.О. Нанкой В.А., Астахов С.Л. Скоростно-силовая подготовка в видах спортивных единоборств. – М.: Советский спорт, 2003. – 48 с: ид.



Жоғары дәрежелі волейболшыларды жаттықтыру әдістерін жетілдіру жолдары
Төлепберген А.А., магистрант

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Лесбекова Р.Б.


Зерттеудің өзектілігі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.

Волейбол ойының он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады.  Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының спорт жетістіктеріндегі–волейбол ойының алатын орнын зерделеу және дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерде волейболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарының әдістемелерің әзіреу.

Зерттеудің міндеттері: Қазақстанда волейбол ойының даму дәрежесін, спорттық машықтану деңгейің зерттеу; волейболды оқыту әдістемесінде және волейбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру; спорт саласындағы волейбол ойының дамыту бағдарламаларды жасау және оны жүзеге асыру; волейбол ойынының жоғарғы көрсеткіштері және спорттағы резервтер жөнінде мемлекеттік саясат тұрғысында ұсыныстар жасау;

Зерттеу нәтижелері мен сараптамасы. Жаңадан келіп, шебер болғанға дейін мықты волейболшылар 6-9 жыл мақсатты бағытталған оқу-жаттықтыру жұмыстарынан өтеді (дарындылары 5-7 жылда).Спортшылар дайындығының ұзақтығы мен спорт жетістіктерінің өсу деңгейі бір жағынан сабақтың өте ерте басталуына, екінші жағынан шапшаң спорттық жетілдіруге қабілетті дарынды жастарды іздеу мақсатында мерзімді қысқарту қажеттігін анықтайды. Спорттық іріктеу ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жүйесін қарастырады, оған педагогиклық, психологиялық, дәрігерлік-биологиялық және әлеуметтік зерттеу әдістері кіреді, оның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандандыруға балалардың жасөспірімдер мен жігіттердің қабілеттері анықталады.

Осыған сәйкес төмендегіше маңызды жүлгелерді бөліп қарастырады:



  1. спорттық бағдар (дарынды балаларды табу, оларға волейболмен айналысуға бағыт беру және мамандырылған жаттықтырудың бастапқы сатыларына әкелу);

  2. волейболдағы спорттық жетілдіруге қабілеттілігі мен болашағын анықтау;

  3. жоғары нәтижеге жетуге қабілетті команданы топтау мен ұжымды қалыптастыру үшін іріктеу.

Сонымен іріктеуді аталған спорт түрі ерекшеліктеріне адамның қабілет сәйкестігін анықтайтын процесс ретінде түсіну керек. әлем сахнасында жеңіске жету үшін волейболға дарынды адамдарды даярлаудың бағыттық жүйесі қажет.

Потенциалдық спорт мүмкіндіктерін анықтау үшін волейболдағы жоғары нәтижелерді анықтайтын ықпалдар туралы нақты түсінік болуы қажет. Белгілі спортшылардың жеке сапаларын, олардың ойын қимылдарын, спорттық жолын зерттейді. Жоғары дәрежелі ойыншы лайық болуы тиіс талаптар негізінде ойыншылар мен командалардың үлгі сипаттамасы құрылады.

Команда құрамының, команда ойыншыларының үлгі сипаттамасы, олрадың қызметіне қарай жеке-топтық ойыншылар үлгісі спорттық жетілдіру үшін бағдар болып табылады. Жоғары дәрежелі ойыншының үлгісі жауапты жарыстардағы ойыншы қимылының сипаттамасынан, спорттық тұлға шыңы кезеңіндегі дене, тәсілдік және әдістік дайындығынан, қызмет пен психологиялық дайындығынан, морфологиялық ерекшелігінен, жасы мен спорттық тәжірибесінен құралады.

Қорғаушы қарсылас команданың көшбасшысын (диспетчерін, мергенін) қорғаныстың кез-келген жүйесінде тығыз бақылай алады, әріптестерін қауіпсіздендіреді, прессингте белсенді және әсерлі қимылдайды, команда тылының қауіпсіздігін сақтандырады. Ол допты айлатады, команда әрекетіінң айласын асырады, орталық ойыншымен тиімді өзара байланысады, голдық доп беруді дер кезінде және дәл орындайды, алғашқылардың бірі болып шапшаң топ жаруға өтеді, алыс және өте алыс қашықтықтардан шығыршыққа дәл доп салады. Бұл ойыншы команданың шабуыл және қорғаныс қимылдарын ұйымдастыру мен басқаруда (көшбасшылық қабілеті) жан-жақты қабілетке ие.

Іріктеу әдістемесі волейболшының морфологиялық белгілері, қызметтік, қимылдық және психологиялық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін зерттеу бағаларын, әдістері мен тестерді пайдалануды ұсынады. Мысалы, бойды өлшеу жалпыға ортақ есептеу әдістемесіне сәйкес портативтік антропометрмен өлшенеді (бой 1-кестеде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес бағаланады). Дене сапаларын бағалау үшін олардың даму деңгейі туралы ұғым беретін тесттер ұсынылады.

Кесте 1 - Волейбол сабақтары үшін балалардың өсуін бағалау




Жасы

Бой көрсеткіштері (см)

Ортадан төмен

Орташа

Ортадан жоғары




Қыздар

9

10


137 және төмен

143- төмен

153- төмен

160- төмен



138-144

145 және жоғары

153-тен жоғары

163-тен жоғары

196-дан жоғары






Ұлдар




138-ден төмен

143-тен төмен

154-тен төмен

158-ден төмен






145-тен жоғары

155-тен жоғары

163-тен жоғары

170-тен жоғары



Ескерту- Автормен құрастырылған

Іріктеуді ұйымдастыруда бүкіл дайындық сатысы барысында бақылау нәтижелері маңызды роль ойнайтынын ескеру қажет. Тұрақты белгілер қатарына антропометрия, дене жұмыс қабілетінің көрсеткіштері (МПК, PWC170, қандағы лактаттың жоғары қоспасы, бұлшықеттің биоэнергетикалық сипаттамасы, т.б.), жекелеген жылдамдық сапалары (қарапайым қимыл реакциясының латенттік уақыты, қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы) жатады.



Спорттық іріктеуді волейболшыны бастаушыдан жоғары дәрежелі спортшыға дейінгі дайындықтың барлық кезеңдерінде жүргізілетін процесс ретінде қарастыру қажет. Түрлі сатыдағы іріктеу сипаты мен әдістерін таңдау команда табысын құрылымдық талдауға негізделуі тиіс ( 1 сурет). Бірінші

Сурет 1 - Команданың спортттық табысының талдауы


сатыда бейімділігі анықталып, балалардың жасы мен дайындығына қарай қимыл белсенділігі бағаланады. Екінші сатыда, балалар волейболда дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, олардың ойынға дарындылық дәрежесін бағалауға болады. Бұдан соң үшінші сатыда дарындылық пен дағдыны игеру негізінде спорт қимылдарында көрінетін қабілеттілік қалыптасыды. Төртінші сатысы - бұл спорт шеберлігін қалыптастыру.

Волейбол - жарыстарға негізделген, жеңімпазды спорттық жетістікке жетістікке жетелейтін, қалыптасқан спорт түрлерінің бірі. Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі.

Дайындығын талдау тек үшінші сатыда ғана, жүргізіледі. Бұдан төменгі деңгейлерде жеке тұлғаның сапасы мен қасиеттеріне мән беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет