Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады.
Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді.
Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі есебінде көрінісін табады.«Барлық заттар, – дейді ол, – қарама-қарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі қарама қарсылықтар арқылы айқындайды... шексіздік бізді кез келген қарама-қарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н.).
Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латынша
emanatio – өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум,
яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі
сатыларға өтудеген сөз қағидасына сәйкес дамытады.
Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм.
Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а
сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады),
естілік және ақыл-парасат болады.
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ
3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ
М. Фичино (1433-1499 жж.) – замандастары «екінші Платон» деп атаған католиктік шіркеу қызметкері, Платонның барлық еңбегін латын тіліне аударды.
Осы теориялық негізде Фичино Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино: «Құдай табиғаты жағынан қайда да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап, жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек», – дейді.
Фичиноның таным теориясы – сырттай қарап, пайымдаушы теория, өйткені танымның негізі сұлулықты пайымдау мен сұлулықтан ләззат алу деп есептейді. Пайымдаудың ең жоғарғы сатысы – мистикалық пайымдау, Құдаймен қосылу. Жердегі сұлулыққа қол жеткізу, одан ләззат алу мистикалық пайымдауға қайшы келмейді, керісінше, оған барар жолдағы саты болады.
Схоластика ойшылдары сияқты, Фичино дін мен философияның қатынасы туралы сұрақты
маңызды теориялық және идеологиялық мәселе деп ерекшелейді. Мұның шешімінде