Казахская головная архитектурно-строительная академия


ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет6/9
Дата01.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#183203
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Сол уақыттан бастап, бұл теорияны католик шіркеуі сөзсіз мойындайды. XIX ғасырдың аяғында ол қазіргі заманғы Ватиканның ресми идеологиясы ретінде мойындалып, неотомизм атауымен өмірге енеді. Осыдан кейінгі уақытта философия сабағы жүргізілетін барлық католиктік оқу орындарында осы ілім, жалғыз ақиқат философия есебінде оқытылатын болды.
  • Фома 1323 ж. қасиеттілердің қатарына қосылып, 1567 ж. бесінші «шіркеу оқытушысы» болып танылады. Негізгі еңбектері: «Теология жинағы», «Табиғаттың бастамалары», «Мәнмен өмір сүру туралы».
  • Ойшыл «Пұтқа табынушыларға қарсы жинақ» және «Дін ғылымы жинақтарында» еңбектерінде білім мен сенімнің, философия мен теологияның арасындағы қатынас, «екі ақиқат» тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін монотеистік діннің басты мәселесін өз бетінше шешеді.
  • «Құдайды ғана емес, ғаламның терең мазмұнын ашу үшін адам ақылы (құдай ақылымен салыстырғанда) өте әлсіз және шектеулі. Сондықтан ол сенімсіз іс тындыра алмайды. Дәлелдеу мүмкін емес христиан парыздарына ақыл жетпейді, бұл ақылға қарсы дегенді білдірмейді, ақылдан тыс, олар тек құдай ақылында толық ашылады, сондықтан адам ақылының күшімен дәлелденуі мүмкін емес», – дейді Фома.
  • Ортағасырлық схоластиканы жүйелеуші, реалистік бағыттың басты өкілі
  • Фома Аквинский (1225-1274 жж.) католик дінінің діни-философиялық жүйесін,
  • яғни томизмнің (латынша Tyamos – Фома деген сөз) негізін қалаушы есебінде кірді.

5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • 1. «Қозғалатындардың бәрі өз қозғалысының себебі болатын бөгде бір нәрсеге ие болады». Өйткені, «бір нәрсе» өзгенің килігіп, кірісуінсіз, бір уақытта өзінен-өзі қозғаушы да, қозғалушы да бола алмайды. Олай болса, осы қозғаушы бастау болатын – Құдай.
  • 2. Біздің көретіндеріміздің бәрі – басқамен қарым-қатынаста болатын «бір нәрсенің» салдары. Бұл «бір нәрсенің» себебі бар, туынды, яғни бәрінің өзіндік себебі болады. Бірақ, бұл себептің де өзіндік себептері бар. Осылай шексіз, нақты айтқанда бұлардың бастапқы негізі – алғашқы себеп, яғни тағы да Құдайға келеміз.
  • 3. Біз өзімізді қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді қажеттілік деп, немесе кездейсоқтық деп қабылдаймыз. Бірақ, кездейсоқтық – бұл тек біздің ұғымымызға түсініксіз қажеттілік. Құдай үшін кездейсоқтық деген болмайды, сондықтан болып жатқандарды түсіну үшін Құдайды мойындау керек.
  • 4. Әр түрлі заттар түрлі дәрежедегі шыңдалу мен көріктілікке ие. Онда бұл сапалықтар үшін үлгілі өлшеуіштер, абсолюттік өлшемнің болуы керек. Бұл үлгілі өлшеуіш – Құдай.
  • 5. Бәрі қозғалыста, дамуда... Қай бағытта? Тек Құдай табиғатта болып жатқандардың барлығы үшін мақсат, бағыттылық бере алады.
  • Аристотельге сүйене отырып, Фома Құдайды айғақтаудың бес жанама тәсілін келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет