Казахская головная архитектурно-строительная академия


ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет7/9
Дата01.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#183203
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Ф.Аквинский философиясының маңызды бөлігін оның болмыс туралы ғылымы құрайды. Аристотель тәрізді, Фома да жеке заттарда түр материямен бірлікте және оған қатынасында жетекші бастама деп есептеді. Түрдің заттармен байланысынан Фома оның төрт түрлі болмыс деңгейін ерекшелейді: біріншісі – органикалық емес, сірескен табиғат, мұнда түр заттар мәнінің тұрақты, өзгеріссіздігін көрсетеді; екінші деңгей – өсімдіктер әлемі. Мұнда түр мақсатқа бағыттылық беретін, денені іштен қалыптастыратын соңғы себеп есебінде көрінеді. Үшінші деңгейде түр – мақсатты анықтайтын әрекетшіл себеп, әлемнің әрекетшіл бастауы жануарлар пайда болған негіз. Соңғы, төртінші деңгейде түр рух немесе адамның парасатты жаны есебінде көрінеді.
  • Ф.Аквинскийдің этикалық құрылымдары да үлкен көңіл бөлуді керек етеді. Ол Құдайды пайымдайтын адамды мәңгі, өлімнен кейінгі өмірге дайындалуға бағыттайды. Ерік бостандығына ие болған адам жақсылық пен жамандық, моральды және бейморальды қылықтардың қайсысын болса да өзі таңдайды. Жақсылықтың жолын оған жаратқан ие көрсетсе, ал күнәлі болатын жамандық жолының жауапкершілігін өзіне алады.
  • Аквинскийдің этикасы оның құқық түсінігімен тығыз байланысты. Құқықтың бірінші түрі мәңгілік құқық құдайдың ғаламға жасайтын басшылығының негізін құрайтын ережелер жиынтығы. Адамға берілген жаратылыстық құқықтан да көрінісін табатын мәңгілік құқықты барлық жан иесі қолдауға міндетті. Мысалы, адамдар осы ережелерге сәйкес, Құдайды құрметтеуі керек. Құқықтың соңғы түрі –әрқашан заңдары өзгеріп отыратын, оның нақты көрінісі болатын адам құқығы. Бұл құқықтың әлеуметтік орталарда нақты пайдаланылатын екі түрі бар: бүкілхалықтық және азаматтық.

ФОМА АКВИНСКИЙ

СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)

  • Орта ғасыр христиан философия туралы түпнұсқаларға жазбаша және ауызша анализ жасаңыз.
  • 1. «Бізге Иса Пайғамбардан кейін ешқандай сүйіспеншіліктің қажеті керегі жоқ, ал Евангелиеден кейін оны ешқандай зерттеудің қажеті жоқ». (Тертуллиан).
  • «Құдай мен жан туралы білгім келеді. Одан басқа ештеңе қажет емес. Толық ештеңе де» (Августин Блаженный).
  • «Дене туралы ойлаймын жан туралы ойлау үшін ал ол туралы ойлаймын. Дара субстанция ойлау үшін ол туралы ойлаймын, Құдайды ойлау үшін» (Фома Аквинский).
  • «Бәрі у және бәрі дәрі, уға немесе дәріге айналдыратын мөлшер ғана» (Парацельс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет