Казахский государственный женский педагогический



бет12/16
Дата08.01.2017
өлшемі3,32 Mb.
#6451
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада қазіргі күндегі мемлекеттік емес сектордың дамуына ҮЕҰ-ның айтарлыктай орынды үлес қосатындығы, олардың коғамның үшінші секторын құрайтындығы, нарықтық саяси модернизацияның негізгі ортақ элементі болып табылатындығы айтылған. Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара байланысы көрсетілген.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается роль неправительственных организаций в строительстве гражданского общества.

Шың Шысай үкіметінің Шынжаңда жүргізген саясаты



Қалидолла Әділбек – магистрант (Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

Шынжаңның билігіне Шың шысай келген кездегі өлкедегі саяси жағдай күрделі қалпында қалған еді. Ол Шынжаңның басшылығын ресми түрде қолына алғанымен, аймақтың барлық дерлік аудандары көтерілісшілердің қолында болды. Қожанияздың билігіне солтүстік Шынжаңның бірқатар аудандары қарап үлгерген еді. 1933 жылы Қожанияз әскерімен Үрімжіге бет алған кезде ол Монғолия арқылы тағы да 10 мың сәрі күміс ақшаға тең келетін қару-жарақ, киім-кешек, т.б орасан зор көлемдегі көмек алды. Сондай-ақ, 30-дай ұйғыр жастарын Монғолияға оқуға жіберді /1, 113б./.

«12 сәуір саяси өзгерісінен» кейін құрылған үкімет құрылымы уақыттық тәртіп сақтау комитеті еді. Шың шысай әскери күшке сүйеніп тартып алған бұл билікті Нанжин үкіметі дереу мойындай қоймады. Оның саяси жағдайы өте күрделі болды. 1933 жылы мамырдың орта мезгілінде, Ма жұңиң екінші рет Шинжаңға келіп, Морайды басып алып, Шонжыға шабуыл жасады. Әр реткі шайқастың бәрінде жеңіске жетіп отырды. Шың шысай өлке армиясы шығыс-солтүстік жапон басқыншыларына қарсы отан құтқару армиясы мен Шынжаңға 1918 жылдан 1920 жылдары қашып шегінген ақ гвардия армиясынан жиыны 5 000 адамды бастап көмекке барады. 10 маусым күні Нанжиң ұлттық үкіметі мемлекет қорғаныс миністрлігінің орынбасары Хуан мүсұнды хал сұраушы ретінде Үрімжіге «жарастыру» және «хал сұрауға» жібереді. Ма жұңиң өз күшіне арқаланып, келісімге келгісі келмей батысқа жорық жасамақшы болады. Маусымның 12 күні Шың шысай мен Ма жұңиң зиниглуанда соғысады. Бұл шайқаста Ма жұңиң жеңіліп қалады да, ақыры қалған 3 мың адамын бастап Пішән, Тұрпанға шегінеді. Шың шысай өлке отралығының саяси ауқымы тұрақсыз болғандығы себепті Үрімжіге қайтады /2, 405 б/.

Шың шысай билігіне жергілікті халықтар иланбады. Алдымен Іле тың игеру ұлығы Жаң Пиюанға келсек, ол кезінде Жин шуріннің қол астында болған, атағы Шың шысайдан жоғары еді. Оның үстіне Іле мен Тарбағатайды талай жыл билеген, белгілі күшке де ие еді. Онан соң Лию үнлуңды алсақ, ол өлкелік үкіметтің төрағасы, бірақ, Шың шысай «армия мен халықты бөліп басқару» деген сөзінде тұрмай, жеке өзі билеп төстеп білгенін істеді. Сондықтан ол іс жүзінде қуыршаққа айналып қалды. Мамырдың 1-де Нан жиың орталық үкіметі оның билігін мойындап, шекара қорғаныс армиясының бас қолбасшылығына тағайындайды /3, 25 б. /.

1933 жылдың көктеміне қарай, көтеріліске шыққан ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар мен моңғұлдар Шинжаңның 90% территориясына бақылау орнатады. 1933 жылы 10 шілдеде олар көтерілісшілер азат еткен аудандарда «Шығыс Түркістан Республикасын» (ШТР) жариялады. Кейінірек Қашқар қаласында орын тепкен «Шығыс түркістан ислам республиасының» уақытша үкіметі құрылды. Оның ұйғыр феодалдарының қайраткерлері Мұхаммед имен Сәбит дамолла басқарды. Хотанда құрылған бұл үкімет кейінірек Қашқарға қоныс аударған болатын.

Шынжаңның Құмыл, Баркөл, Тұрпан қалаларына ие болған көтерілісшілердің басында тұрған мұсылман феодалдық топтардың өкілдері Шинжаңда дербес мемлекет ШТР құру жолындағы күрестерін исламдық ұрандармен бүкіл Орталық Азияға көздеді. 1933 жылы қарашада Шығыс Түркістан ислам Республикасының басшылары Шың шысайдың үкіметін мойындамайтындықтарын білдірді. Олар Шынжаңда парламенттік республика құруды, оның саяси бағдарламасын, декларациясын, конституциясын көздейтіндіктерін мәлімдейді. Осы уақытша үкіметтің барлық құрлымдарында мұсылмандық бай топтардың өкілдері сайланады. Көтерілісшілер ШТР ислам іліміне негізделген мемлекет деп, ал Қожаниязды ШТР-ның президенті деп жариялайды /4, 330 б./. Бұндай шешім ШТР басшыларының саяси ұстанымдарының солқылдақтығын көрсетеді. Ал Қожаниязға Кеңес Одағы Моңғолия арқылы өз кеңесшілерін жіберіп, оны Шың шысаймен тіл табысуға дербес мемлекет құру идеясынан бас тартуға үгіттеуін тоқтатпайды /2, 228 б./. Солайша 1934 жылы Қожанияз Үрімжіге келіп Кеңес Одағының ұсынысымен бұл пікірді қабыл алғандығын мәлімдейді де, Шың шысай оны өзінің орынбасары етіп тағайындайды.

Бұл кезде Ма жұңидың армиясы Шынжаңның үлкен бөлігіне ие болып, Қашқар, Жаркент, Қарашәр, Ақсу, Қотан қалаларын басып алды. Енді ол әкімшілік орталық Үрімжі қаласына қауып төндіреді. 1933 жылдың күзінде оның әскерлері Алтай аймағынан Шәуешекке шабуыл жасап, онан ары құмылға бармақ болады. Ал Шың шысайдің қолындағы әскери күш әлі жеткіліксіз еді. Сондықтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Шың шысай құпия түрде Кеңес Одағының Шынжаңға кеңес әскерлерін енгізу жөнінде көмек сұрайды. Сталин Шың шысайдің өтінішін қабылдап әскер енгізуге рұқсат береді. 1933 жылдың аяғында Кеңес Оданынан оған бір топ әскери кеңесшілер көмекке жіберіледі. Ал жағдай шиеленісе түскен қиын сәттер тұсында «Алтай отряды» дейтін кеңестік әскери күштерді де аттандырады. Шынжаңға енгізілген бұл қызыл армияның бөліктері Шың шысай әскерлері сияқты жасандырылып, Шынжаңның солтүстік жағынан енгізіледі. Кеңес үкіметі Шышжаңға енгізген әскеріне жергілікті әскерлердің киімін кигізіп, сонымен қатар гоминдаңдық ту белгісімен бүркемеленген әскери ұшақтар жіберіледі. Сөйтіп олар Шың шысайға оның жауы Ма жұңиың әскерлерін талқандап, оның Шынжаңдағы билігін сақтап қалуға көмектеседі.

1934 жылы көктемде Шың шысай әскерлері Кеңестік қызыл армияның үш қызыл полкімен «Алтай отрядының» көмегімен Ма жұңиыңның оңтүстік Шынжаңдағы қарулы қарсылығын бір жолата күйретеді. Соғыс аяқталған соң Кеңес әскерлері еліне қайта оралады /4, 330 б./. 1934 жылы қазанда Шың шысай Кеңес Одағының әскерлерінің көмегімен «Шығыс Түркістан Ислам Республикасының» қарсылық көрсетуші топтарын талқандап, оның өмір сүруін тоқтатады /5, 89 б./.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет