Казахский государственный женский педагогический



бет13/16
Дата08.01.2017
өлшемі3,32 Mb.
#6451
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сүйтіп Шың шысай Шынжаңдағы саяси билікті біраз уақытқа болса да тұрақтандырады. Бірақ, Шынжаңдағы жағдай толық шешілген жоқ еді. Шынжаңдағы мұсылман халықтарының 1931-1934 жылдардағы көтерілісі басып жаншылды. Қытай әскерлерімен кеңес әскерлері күш қоса отырып «Ұйғұрстан немесе Исламдық Түркістан Республикасын» құру жолындағы Шинжаң халықтарының азаматтық күресін бесігінде тұншықтырады. Бірақ өлкенің халқы бірден тыныштала қалған жоқ. Көтеріліс ошақтары әр жерден шығып отырды /6, 500 б./.

1933 жылы 12 сәуірдегі саяси өзгеріс арқылы Шынжаңның билігіне отыра салысымен, Шың шысай Кеңес Одағы үкіметінің кеңесшілерінің қатысуымен дайындалған экономикалық және әлеуметтік бағдарламаны жариялайды. Ол төмендегідей мәселелерді қамтиды: Шынжаңның барлық халықтарының тең құқылылығы; адамдарды жұмысқа алған кезе оларға еңбек ақысын төлеу кезінде ұлт аралық теңдікті сақтау; баспа сөз жиналыс бостандығы; Бұрынғы әкімшіліктің заңсыз қаулыларын жою; байланыс жолдарын жақсарту, халықтың тұрмысын көтеру; Шынжаңның кен байлықтарын ашу және оны игеру; кедей шаруаларға көмек көрсету;көрші елдерге тату, достық ниетті көзқарас ұстау; қаржы көздерін біріктіру /4, 339 б./. Осылайша саяси салада Кеңес Одағы мен жақындасу, имперализмге қарсы тұру желеуін көтеріп «алты ірі саясатты» біртіндеп түзіп шықты. 1934 жылы наурызда Шың шысай империализмге қарсы тұру, бейбітшілік, құрылыс алып беру сынды үш үлкен саясатын ортаға қояды. Сол жылы тамыздың бірінде Шың шысай өлке армиясын империализмге қарсы армия деп жариялайды. 1935 жылы Кеңес Одағы партия мүшелерінен бір тобы Шынжаңға келеді. «империализмге қарсы тұру қоғамы» құрылып, мүшелері 2400-ге жетті. 14 бөлімше қоғамнан құрылып, Іле, Алтай, Тарбағатай жерлеріне орналасады. Сонымен бірге Кеңес Одағымен жақындасып, Кеңес Одағы партиясымен бірлесу, империялизмге, Жапон басқыншыларына қарсы тұру, Шынжаңды ашу және құру қағидаларын дәріптеді. Сонымен бірге жергілікті орындардың өзін-өзі басқару, қиянатшы парақор мәнсаптілермен зорекер жуан жұдырықтарды жоғалту, әр ұлт халықтарының мәдениетін жоғарлату, құлдық және күндік қалдықтарын жою міндетін қояды. Ұлы шегімдіктерді саудалауға. Халыққа сөз сөйлеу, баспа сөз еркіндігін береді, т.б. Сондықтан Шынжаңдағы әр ұлт халқының және шығыс-солтүстікті Жапон басқыншыларына қарсы армияның қорғауы мен қолдауына ие болып, Шың шысайдың өз үкіметін бекемдеудегі басты қаруына айналды /7, 465 б./.

Шың шысай Кеңес Одағымен жақындасу, империялизмге қарсы тұру желеуін көтеріп шыққан соң, Кеңес Одағы саяси-экономика, әскери жақтардан Шың шысай үкіметіне көмектер берді. 1933 жылы желтоқсан және қаңтарда Кеңес Одағы Шың шысайдың талабына сай қызыл армия бөлімдерін жіберіп, Шың шысай армиясының Жаң фиянға шабуыл жасап, Ма жұңиыңді жеңіп, Шың шысайдың үстемдігін орнықтыруына көмектесті. 1934 жылы көктемде Шың шысай кеңес үкіметінің 10 мың адамдық әскери қару-жарақпен қамтамасыз етуін, бір бөлім кеңес одағы коммунистік партия мүшелерінің Шынжаңға келіп, қызмет істеуін талап етті. 1935 жылы көктемде Кеңес Одағы Шың шысайдың экономикасын қалпына келтіру, құрылыс жүргізу, мәдениет оқу-ағартуды көркейту үшін оған 5 млн. алтын рублий қарыз берді. Мұның аз бөліміне қару-жарақ сатып алғаннан басқа, көп бөлімін тас жол салуға, машина сатып алуға, завод құруға жұмсады. Кеңес Одағының техниктері мен мамандарынан бір топ адам Шынжаңға келіп, құрылыс жоспарын жасауға көмектесті. 1934 жылы 12 сәуірде «12 сәуір саяси өзгерісінің» бір жылдығы толған күні Шың шысай билік жүргізу принсипіндегі 8 ірі жарнаманы ортаға қойды. Олар: ұлттар теңдігі, діни сенім еркіндігі, ауыл-қыстаққа көмектесу,қазынаны ретке салу, мансаптыларды тексеріп анықтау, оқу-ағартуды дамыту, өзін-өзі басқаруды жолға қою, әділет ісін жақсарту. 1935 жылы 12 сәуірде Шың шысай тағы да 9 түрлі жаңа міндетті ортаға қойды. Яғни, пәк болу, экономиканы дамыту, соғыстан сақтану, бейбітшілікті қорғау, ауыл шаруашылығын қолдау. Шынжаң мәңгі Қытай территориясы екендігін сақтау, империялизмге қарсы тұру, Шынжаң-Кеңес Одағы достық саясатына мәңгі табанды болу, жаңа Шынжаң құру, әр ұлттың бек-төрелер, молла, лама қатарлылардың қоғамдық орыны мен құқық мәселесіне кепілдік ету. 9 түрлі міндет 8 ірі жарнаманың толықтамасы және дамытулуы болып табылып, іс жүзінде 6 ірі саясаттың мазмұндары қамтылған /4, 345 б./.

1936 жылы Кеңес Одағының көмегімен Шынжаңдағы алғабасар қайраткерлердің көмегінде Шың шысай империализмге қарсы тұрып, Кеңес Одағымен жақындасу негізінде тағы да ұлттық теңдік, бейбітшілік, құрылыс жүргізу, өкіметке адал болу сияқты 4 саясатты айқын жинақтап шығып, сол кездегі өлкелік үкіметтің билік жүргізу программасы етті. Міне бұл Шың шысайдың 6 ірі саясаты еді /8, 124б./. Шың шысайдың осындай саясаттарын жариялап, оны іске асыру арқылы да бедел жинап, өзінің билігін нығайту мақсатын көздегені болды. Оның саясатының түпкі мақсаты бәрі бір Қытай мемлекетінің ұлттық мүддесінен алыс кетпеді. Ол Шынжаңның Қытайдың бөлінбес бір бөлігі ретінде санайтын принципті ұстанды. Шың шысай бұл Кеңес үкіметінің көмегімен іске асырған жұмыстарының барлығы саяси қитұрқылықпен жасалған шаралар еді. Ол осы әрекеттері арқылы өзінің үстемдік диктатурасын орнату және өлкеде тұрақтылықты сақтағысы келді. Осы мақсаттарын іске асыру үшін, жергілікті халыққа осындай кейбір жеңілдіктер жасау жөніндегі бағдарламаларын жариялауға тура келді. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін өлкедегі ішкі саяси жағдайдың тұрақты болуы, қалыптасқан экономикалық (әсіресе КСРО мен) байланыстар орнату қажет болды. Ал Кеңес Одағы Шың шысайға көмек көрсету арқылы өзінің мемлекеттік мүдделеріне сай мақсаттарын іске асыруға болатындығын ойлап, оған көмек беруге кірісті. Әсіресе Шың шысай мен Чаң кайши арасындағы күрделі де шиеленісті қатынасты тиімді пайдалану, кеңес депломатиясының басты міндеті болды /5, 112б./.

Шың шысайдың Кеңес Одағының көмегіне арқа сүйеп, онымен тығыз байланыс орнату Шынжаң халқының экономикалық жағдайына оңды әсер етіп, олардың тұрмыс жағдайы жақсара бастайды. Кеңес одағымен орнатылған кең экономикалық байланыстар нәтижесінде Шынжаңның шаруашылығы түзеле бастайды. Кеңес үкіметінің берген несиелері арқасында жол құрылысы мен өнеркәсіп орындары жанданып, ауыл шаруашылығы, білім беру денсаулық сақтау салалары дамуға бет алды /4, 356б./.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет