4 Дермаға жататың қабаттарды атаңыз (2 жауап):
Емізікті (аморфты, тұлғасыз зат пен коллаген және эластикалық талшықтар сияқты дәнекер ұлпаның нәзік талшықтарынан тұрады; эпидермис, дерма мен нерв ұштарын қанмен қамтамасыз ететін тамырлар орналасады)
Торлы (едәуір қолайлы және дөрекі талшықты, дерманың негізгі бөлігін алып жатыр. Дерма стромасы емізікті қабаттағы сияқты, бірақ аз көлемде арасында клеткалық элементтері бар коллаген талшықтар будасынан құралады. Терінің беріктігі негізінен торлы қабаттың құрылымына байланысты)
Екі қабаттың шекарасы деп беткейлі, горизонтальды орналасатын, тор құратын қан тамырларын есептейді: беткей және терең.
5 Кебекті теміреткіге тән белгілерін көрсетіңіз (3 жауап):
1) Түрлі-түсті дақтар (сарғыш-қоңыр-қызғылт түсті)
2) Ұн тәрізді қабыршақтану (кебекті деп аталу себебі осы)
3) Симметриясыз орналасу (жиі арқа мен кеуде) 176-бет
6 Сүйелдің клиникалық түрлерін атаңыз (3 жауап):
Қарапайым (АПВ-2 және АПВ-3-пен шакырылады, негізінен қолда орналасады, бетте, еріндердің қызыл, әсіресе ауыз бұрыштарының, жиегінде, ауыз қуысының кілегей қабатында сирек анықталады. Қарапайым сүйел диаметрі 1 см түйін тәрізді, консистенциясы тығыз, тері үстінен көтеріліп тұратын, сұр немесе тері түстес құрылым болып табылады).
Жалпақ н/е жасөспірімдік (АПВ-3- пен шақырылып, балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Олар тері үстінен бөлініп көрініп, түйін тәрізденіп, диаметрі 3 мм-ге дейін, жиі полигональді формалы болады. Жиі саусақтар мен бетте кездеседі. Бөртпелер көп мөлшерде бетте байқалғанда, жиірек еріннің қызыл жиегіне де таралады. Науқастар кейде қышынуыға шағымданады).
Достарыңызбен бөлісу: |