Сақина тәрізді импетиго немесе ангулярлы стоматит (ауыздық) (тез жарылатын ауыздың бір немесе екі бұрышында бірдей орналасатын фликтенамен сипатталады. Сондай-ақ, мұрынның қанаттары мен көз саңылауының сыртқы шетін де зақымдауы мүмкін. Алдымен ауыз бұрышында жарылғанда беткей орналасқан көлденең жарылулар түзетін әлсіз көпіршіктер пайда болады. Түзілетін бал-сары қабықшалар мацерация нәтижесінде түсіп қалады. Ауру қышынумен, сілекей ағумен, тамақ ішкенде ауырсынумен жүреді). 121-бет
10 Псориазге тән бөртпелердi көрсетіңіз (3 жауап):
-
Папула (түйіншек)
-
Қабыршақ
-
Пустула (?)
-
Псорипздық триада (Псориатикалық папуланы тырнаған кезде алғашында көп мөлшердегі ақшыл-күміс түсті қабыршақтану көрінеді («стеаринді дақ» феномені), қабыршақты алып тастағаннан кейін жылтыр беті ылғалды болып қалады (терминальді немесе псориаздық пленка феномені), әрі қарай тырнаған жағдайда тамшылап қан ағады – тамшылап қан ағу феномені)
-
Кебнер феномені, изоморфты реакция (терінің механикалық немесе химиялық тітіркендіргіштерге жанасатын (тырнау, егу, жарақат, сүйкену, сәулелену, күйіктер және т.б.) тері бөліктерінде псориаздық бөртпелердің дамуына байланысты).
НҰСҚА 2
1 Терең стафилодермияның клиникалық түрлерін атаңыз (3 жауап):
-
Фурункул (шаш қапшығы мен оның айналасындағы дәнекер тінінің стафилококкты жедел іріңді-некротикалық қабынуы. Дамуында- инфильтрат дамуы; іріңдеу мен некроз; жазылу сатысын ажыратады. Басында ашық-қызыл түсті бұлыңғыр жиекті тері деңгейінен көтеріңкі қатты инфильтрат түзіледі. Ары қарай ісініп үлкейеді, ауырсыну күшейеді. 3-4 кунде диаметрі 2-3 см жетеді, ашық-қызыл түсті бұлыңғыр жиекті тері деңгейінен көтеріңкі қатты инфильтрат түзіледі. Бұл аралықта ауырсыну күшейіп, дене қызуы 37-38°С-қа көтеріліп, интоксикация белгілері пайда болады. Серіппе түскен соң ісіну, инфильтрация және ауырсыну жойылып, фурункул қуысы грануляцияланып, 2-3 күннің ішінде тыртыққа айналады. Тыртық алғашында көк-қызыл түсті болады, уақыт өте ақ түске айналып, кейде тіпті білінбей кетеді. 8-10 күн барлығы.
-
Карбункул (Шиқан бірнеше жақын жатқан шаш қапшықтарын қамти жүретін дерма мен гиподерманың терең жатқан қабаттарының іріңді-некротикалық қабынуы. Фурункулмен салыстырғанда, карбункулда іріңді-некротикалық инфильтрат кеңге жайылады және дерма мен гиподерманың тереңірегіне бойлайды)
-
Гидраденит (орталық некротикалық серіппесі жоқ апокринді бездердің (қолтықасты, шап қыртыстары, кеуде емізіктері аймағы, анальді тесік) іріңді қабынуы. Трихофитиялық гранулема жиі бастың шашты бөлігі мен сақал шығатын иекте орналасады) 116-бет
Достарыңызбен бөлісу: |