2 Псориаздың ауыр ағымен сипатталатың түрлерді көрсетіңіз (3 жауап): Артралгиялық (Псориазбен ауыратын науқастарда 10-12% терілік бөртпелерге қоса буын өзгерістері дамиды: деформирлеуші полиартрит типі бойынша артропатиялар, аяқ-қол буындары деформациясы (псориатикалық артрит), омыртқа ригидтілігі (psoriasis arthropatica). Бұл псориаздың ауыр клиникалық формасы мүгедектік пен өлімге әкеледі. Көп науқаста буын зақымдалуы алғашқы псориаздық бөртпелердің пайда болғаннан кейін 3-5 жылдан соң дамиды. Кейде псориаздық артрит терідегі бөртпелермен қатар немесе олардан бұрын дамуы мүмкін, бұл көрініс жиі псориазбен ұзақ аурған ер адамдарда байқалады. Тері мен буындардағы қабынулық және дистрофиялық өзгерістердің қарқындылығы мен ауырлығы әр түрлі келеді. Мұнда симметриялы ұсақ, шеткі білек пен балтыр көп буындарының зақымдалуы байқалады (остеопороз, буын, негізінен эпифиздерде, қуыстарының кішіреюі), артынан бұл процесске ірі буындар, кейде омыртқа қосылады)
Эритродермиялық (қолайсыз экзогендік факторлардың әсерінен, тітіркендіргіш емнен кейін дамиды және 1,5-3% псориазбен ауыратын науқастарда кездеседі, бұл науқастарда жиі иммунологиялық көрсеткіштер жоғарылап, аллергиялық реактивтіліктің артуы байқалады. Күйзелістік жағдайлар да эритродермияның дамуына түрткі болуы мүмкін. Көбіне эритродермияның себебі анықталмай қалады. Бүкіл тері ашық-қызыл түсті, керілген. Әр түрлі бөліктерде ісік пен инфильтрация бірдей айқын болады. Қабыршақтану байқалады (бастың шашты бөлігінде кебек тәрізді, басқа бөліктерде пластинкалы), шаштар түседі, лимфа түйіндері ұлғаяды, тырнақ деструкциясы байқалады, іріңді паронихиялар дамиды).
Пустулезді (Алғашқыда көп мөлшердегі диссеминирленген эритематозды, эритематозды-ісіктік ошақтар пайда болады, олар бүкіл теріге жайылып, әр түрлі пішіндер мен диффузды ашық-қызыл ошақтар түзеді. Осы фонда диссеминирленген пустулезді элементтер орналасады, олар сары- қоңыр қабыршақ пен қабыршақты-қабықтарға айналады. Дерматоз қатерлі түрге еніп, өліммен аяқталуы мүмкін) 230-бет
Жалқықты псориаз, экссудативті псориаз, екінші дәрежелі эритродермия?