Казахский язык “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. A биік сезім. B биік тау. C биік ой. D биік тұлға. E биік сөз. Дұрыс жауап



бет3/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#34516
1   2   3   4   5   6   7
Дұрыс жауап: D
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 2.
B) 3.


C) 4.
D) 5.
E) 6.

Дұрыс жауап: Е
Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.

A) Да.
B) Та.


C) Де.
D) Те.
E) Және.

Дұрыс жауап: Е
Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.


B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

Дұрыс жауап: В
Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.


B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.

Дұрыс жауап: А
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.

A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.


B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

Дұрыс жауап: D
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.

A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.


B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.
C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.

Дұрыс жауап: С
Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.

A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.


B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.

Дұрыс жауап: C
Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.


B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Айналайын, шырағым, сенбісің?

Дұрыс жауап: E
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Адам емес екенсің ғой, Айдар!


B) Керуен басы – Жәнібек!

C) Үшінші, орысты айттыңыз.

D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Жауынды күз.

Дұрыс жауап: A
Қаратпа сөзді белгілеңіз.

A) Пай-пай, киелі неткен жер!


B) Балаларым, сөзімді тыңда.
C) Қырға құстар келді.
D) Әнеки, ілулі тұр ақ семсері.
E) Қасыңдамын, міне, тұрмын.

Дұрыс жауап: B
Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

A) Мүмкін сәл кідіре тұрарсыз.


B) Немене риза емеспісің?
C) Амал қанша осылай болды.
D) Сөйтіп ол Домалақ ана атанды.
E) Алма, кітаптарыңды әкел.

Дұрыс жауап: E
Қаратпа сөзді белгілеңіз.

A) Әукім-әукім, торпағым.


B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың!
C) Байқаймын, ауыл әлі алыста.
D) Рас, сізді күтіп отыр едім.
E) Ұмытпа, бүгін бар.

Дұрыс жауап: A
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сенің ойынша, дұрыс па?


B) Бәсе, бұл соның ісі!
C) Ой, бауырым, дос екенсің!
D) Әуелі, адамды түсінейік.
E) Мақұл, айтқаның болсын.

Дұрыс жауап: C
Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Құр, жануар, құр.


B) О не дегенің?
C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
E) Жоқ, дұрыс емес.

Дұрыс жауап: A
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Дәурен кетті.


B) Бір топ адам егінге беттеді.
C) Қысқасы, оқиға бітті.
D) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді.
E) Жатпалық, жастар, жатпалық.

Дұрыс жауап: E
Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

A) Мақұл, айтқанын болсын.


B) О, шіркін, шіркін.
C) Сәлем саған, туған ел.
D) Иә, әңгіме айта отыр.
E) Жақсы, сынап берейін.

Дұрыс жауап: D
Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Құр, жануар, құр-құр.


B) О, не дегенің?
C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
E) Жо-жоқ, дұрыс емес.

Дұрыс жауап: А
Қыстырма сөзді көрсетіңіз.

A) Бірақ.


B) Менің байқауымша.
C) О, жасаған.
D) Пай-пай.
E) Уа, шіркін.

Дұрыс жауап: В
Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Иә.
B) Еһе.


C) Шынында.
D) Апырау.
E) О, сиқыр.

Дұрыс жауап: С
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.


B) Қой, не де болса қалмайық енді.
C) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.
D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
E) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.

Дұрыс жауап: D
Қыстырма сөзді анықтаңыз.

A) Алақай.


B) Әрине.
C) Кінәлі.
D) Жолдастар.
E) Қап.

Дұрыс жауап: В
Одағайды көрсетіңіз.

A) Е, отағасы қай жаққа барасыз?


B) Балам, қандай ойыңыз бар?
C) Қысқасы, бәрің қалмай барыңдар.
D) Мен не қылдым, япырмау?
E) Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты.

Дұрыс жауап: D
Одағай сөзді анықтаңыз.

A) Достар, әрқашан мұқият болыңдар.


B) Айналайын-ай, үйін сағынған ғой.
C) Моһ-моһ, сен менің асау тайым.
D) Айталық, сізбен келістік, сонда не болды?
E) Менің күнделігімді қарап жіберші, апа.

Дұрыс жауап: С
Одағай сөзді көрсетіңіз.

A) Бәрекелді, мынау қызық екен.


B) Армандарына жетіп, көңілдері бір жайланды.
C) Өмір өтті, озды, қартайды.
D) О заман да, бұ заман, мұндай сұмдық естіп пе ең?
E) Жанатбек, мынаны қарай тұр.

Дұрыс жауап: А
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.


B) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
C) “Қол ұстату” деген ырым осы.
D) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
E) Сен дегенде ойым таза.

Дұрыс жауап: B
Автор сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) –Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.


B) “Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) “Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.

Дұрыс жауап: A

Төлеу сөзді сөйлемді анықтаңыз.

A) “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.
B) Ұста бұны қайдан көргенін ойлады.
C) “Қол ұстату” деген ырым осы.
D) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
E) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
Дұрыс жауап: B
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) “Қалауын тапса, қар жанады,” – деген мақал – үлкен философия.


B) “Көзімнің қарасы” – махаббат әні.
C) Киноға барайын деп едім.
D) Өзім де солай деп ойладым.
E) Қоян “батыр” қорыққаннан зыта жөнелді.

Дұрыс жауап: A
Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз.

A) Баланың ермегі – “Ақсүйек”, ”Соқыр теке”.


B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
C) Ол: “Бұл не деген жұмбақ?” – деп ойлады.
D) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
E) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
Дұрыс жауап: B
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сен дегенде сөз бар ма?


B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
C) Баланың соңғы ермегі – “Ақсүйек”.
D) Осы күні сол жер қызыл гүл екенін айтты ол.
E) Сауатты болу – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

Дұрыс жауап: D
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) “Абай жолы” романы – құнды шығарма.


B) Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ.
C) Оспан деген әдепті бала.
D) – Енді не істемекшісің? – деді ана.
E) Ол ештеңе дей алмады.

Дұрыс жауап: D
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.


B) “Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) “Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы...
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.

Дұрыс жауап: А
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.

A) Сен дегенде сөз бар ма?


B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
C) Балалардың соңғы ермегі – “Ақсүйек”.
D) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
E) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

Дұрыс жауап: D
Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Өлеңдері “Жас Алашта” жарияланды.


B) “Шұға айныса, амалым жоқ,” – деді Әбдірахман.
C) Апасының “кішкенесі” – жиырма жаста.
D) Розаның “Әлиясын” бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
E) Білмегенді біле беру керектігін Шәкәрім айтып еді.

Дұрыс жауап: Е
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) “Құстар қайтып барады” – тамаша ән.


B) Ай, білмеймін, бар себеп сол ғана ма?
C) Кемпір оның далаға шығып кетуін өтінді.
D) Әр жақсыны көргенде ғибраттану керек.
E) “Ол ешкімге тіс жармады,“ - деді Айжан.

Дұрыс жауап: С
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A) Ол: “Батыр хал қалай?” деді.


B) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.

Дұрыс жауап: С
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.

A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.


B) “Көлтауысар, көлдің суын құрт”- деді Төстік.
C) “Көлтауысар, көлдің суын құрт” деді Төстік.
D) Көлтауысар көлдің суын құрт – деді Төстік.
E) “Көлтауысар, көлдің, суын құрт” – деді Төстік.

Дұрыс жауап: А
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.

A) Абай былай деді: “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.


B) Абай былай деді “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
C) Абай былай деді – Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
D) Абай былай деді – “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
E) Абай былай деді “Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік”.

Дұрыс жауап: А
A) “Биік мансап, биік жартас” – деді Абай.
B) “Биік мансап – биік жартас”, - деді Абай.
C) Биік мансап – биік жартас – деді Абай.
D) Биік мансап, биік жартас, – деді Абай.
E) “Биік мансап, биік жартас”, - дейді Абай.

Дұрыс жауап: В
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.

A) – Жарқыным жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.


B) – Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
C) Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
D) Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.

Дұрыс жауап: Е
Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

A) Сызықша.


B) Көп нүкте.
C) Үтір.
D) Нүкте.
E) Нүктелі үтір.

Дұрыс жауап: D
Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.

A) Бірыңғай мүшелер арасына.


B) Бастауыш пен баяндауыш арасына.
C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
D) Қысқартылған сөзден кейін.
E) Ой санамалап айтылса.

Дұрыс жауап: C
Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.

A) КПИ, АлМУ (араларына).


B) Км, м, кг (ұзындық өлшемі қысқартылғанда).
C) Цифрадан не әріптен соң жарты жақша қойылса.
D) Кітаптағы тақырыптардың атынан соң.
E) Драмалық шығармаларда әр кейіпкердің атынан кейін қойылады.

Дұрыс жауап: Е
Нүкте қойылмайтын жерді белгілеңіз.

A) Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемнен кейін.


B) Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылғанда.
C) Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда.
D) Жыл, ғасыр, сағат қысқартылып қолданса.
E) Қандай, неткен есімдіктері қуаныш мағынасын білдіріп тұрса.

Дұрыс жауап: Е
Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.

A) Көркем әдебиет.


B) Ауызекі сөйлеу.
C) Іс-қағаздар.
D) Ғылыми.
E) Публицистикалық

Дұрыс жауап: D
Ауызекі стилін табыңыз.

A) Жақсы оқитын оқушыларға баса көңіл бөлінсін.


B) Менен оларға тиетін инедей пайда жоқ.
C) Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді.
D) Сүт адам организміне өте пайдалы.
E) Сәулетті Қазақстан – менің елім.

Дұрыс жауап: B
Ресми стильге жататын қатарды белгілеңіз.

A) Көркем шығарма.


B) Ғылыми шығарма.
C) Өтініш, сенімхат.
D) Газет-журнал тілі.
E) Қоғамдық-саяси әдебиет.

Дұрыс жауап: C
Көркем әдебиет стиліне тән белгіні анықтаңыз.

A) Ғылымилық.


B) Бейтараптық.
C) Образдылық.
D) Ауызекілік.
E) Ресмилік.

Дұрыс жауап: C
Көркем әдебиет стилін көрсетіңіз.

A) Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді.


B) Менен оларға тиетін инедей пайда жоқ.
C) Гипербола – бір нәрсені екі есе әсірелеп айту.
D) Жанға сая панамыз – Қазақстан.
E) Египетте құл иеленуші құрылыс қалыптаса бастады.

Дұрыс жауап: A
Іс-қағаздар стилін көрсетіңіз.

A) Радио, теледидар арқылы шолу, сұхбат.


B) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.
C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
D) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.
E) Ғылыми мақалалар, лекциялар.

Дұрыс жауап: D
Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіз.

A) Лирика.


B) Повесть.
C) Пьеса.
D) Мақала.
E) Поэма.

Дұрыс жауап: D
Ауызекі сөйлеу стиліне жатады.

A) Радио, теледидар арқылы шолу, сұхбат.


B) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.
C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
D) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.
E) Ғылыми мақалалар, лекциялар.

Дұрыс жауап: C
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын белгілеңіз.

A) Ауыспалы мағына.

B) Тура мағына.

C) Сөздің ішкі мазмұны.

D) Сөздің лексикалық мағынасы.

E) Көп мағыналы сөз.



Дұрыс жауап: B
Көп мағыналы сөздің бастапқы мағынасын көрсетіңіз.

A) Иненің көзі.

B) Адамның көзі.

C) Терезенің көзі.

D) Бұлақтың көзі.

E) Денсаулық көзі.



Дұрыс жауап: B
Көп мағыналы сөзді анықтаңыз.

A) Ертегі.

B) Аға.

C) Аламан.



D) Кемпір.

E) Отағасы.



Дұрыс жауап: В
Омоним болатын сөзді белгілеңіз.

A) Әдеп.


B) Киім.

C) Арық.


D) Үнем.

E) Саусақ.



Дұрыс жауап: С
Синонимдік қатар жасайтын сөзді белгілеңіз.

A) Сөз.


B) Тау.

C) Шақ.


D) Мәтін.

E) Тақырып.



Дұрыс жауап: С
«Ізгілік» сөзінің антонимін табыңыз.

A) Зұлымдық.

B) Ер жүрек.

C) Әсемдік.

D) Енжарлық.

E) Жүректілік.



Дұрыс жауап: А
Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.

A) Мұзды еріту.

B) Мұздай суық.

C) Мұзға отырғызып кету.

D) Мұз айдыны.

E) Мұзда сырғанау.



Дұрыс жауап: С
Көнерген сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?

B) Сол сұлу атқан таңдай сұлу екен.

C) Қырық бес – егденің жасы

D) Әбділдә, оқыдым, айтқаның дұрыс екен

E) Жұрт қыстауға кіре сүзек басталды

{Правильный ответ} =А
Архаизмге жататын сөздер тобын белгілеңіз.

A) Хан, патша, адырна.

B) Ғарыш, саяжай, жебе.

C) Ұжым, ғылым, жәшік.

D) Биқасап, барымта, ұрын бару.

E) Күн, жеті, тұщы.



Дұрыс жауап: D

Кірме сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Тірлігіміздің де сәні болған жоқ

B) Мен әке-шешесіз өскен адаммын.

C) Әдебиетті сүю, әдебиетші болу жолына мені жетектеген тәрбиешім еді.

D) Үні қандай жұмсақ.

E) Жақындық пен достық оңайлыққа түсе бермейді.

Дұрыс жауап: С

Қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген сөздерін көрсетіңіз

A) Бұршақ, бұрыш.

B) Бәтеңке, тәрелке.

C) Әдебиет, пән.

D) Емтихан, сабақ.

E) Табиғи, талап.

Дұрыс жауап: В

Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тіліне тән сөздердің қалай аталатынын белгілеңіз.

A) Диалект сөздер.

B) Термин сөз

C) Кірме сөз

D) Көнерген сөз

E) Неологизм

Дұрыс жауап: А

Диалект сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Шымкент облысында әдеби тілдегі шалбар сөзі сым деп аталады.

B) Сенің аудармаңда қате жоқ, бәрі жетіп тұр.

C) Татуласар, достасар себептер іздеген жөн ғой.

D) Мені танып күлімсіреген болады.

E) Екеуі де қымбат.

Дұрыс жауап: А

Диалект сөзді көрсетіңіз.

A) Тыңда.

B) Бережақ.

C) Болат.

D) Баралық.

E) Келген.

Дұрыс жауап: В
Кәсіби сөздердің неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 2.


B) 4.

C) 6.


D) 8.

E) 7.


Дұрыс жауап: А
Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылдануда қолданатын сөздерді көрсетіңіз.

A) Термин сөздер

B) Кәсіби сөздер

C) Диалект сөздер

D) Кірме сөздер

E) Көнерген сөздер



Дұрыс жауап: В
Қолөнершілікке қатысты сөздер тобын көрсетіңіз.

A) Тышуыр, пәрбі.

B) Терімші, әңгелек.

C) Егемен, әкім.

D) Диалект, синоним.

E) Глобус, карта



Дұрыс жауап: А
Интернационалдық терминдерге жататын сөздерді белгілеңіз.

A) Төлқұжат, мұражай.

B) Бау-бақша,мақта

C) Атауыз, торлама

D) Квадрат, глобус

E) Нұсқау,жар.



Дұрыс жауап: D
Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Мен оның жақсы жырларын көрсем шын қуандым

B) Көп сырластық, қолөнершілік жайлы әңгімелестік

C) Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.

D) Терімшілер таң сәріден мақта теруге шықты.

E) Бақша ішінде әңгелек, жәмше пісіп қалыпты.



Дұрыс жауап: С

Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саланы белгілеңіз.

A) Фонетика.

B) Морфология.

C) Лексикология.

D) Сөзжасам.

E) Дыбыс үндестігі.

Дұрыс жауап: А
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді белгілеңіз.

A) Ал.


B) Бал.

C) Тас.


D) Рас.

E) Көл.


Дұрыс жауап: D
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді анықтаңыз.

A) Қамыс.

B) Тұяқ.

C) Қара.


D) Қағаз.

E) Шам.


Дұрыс жауап: В
Әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататын дыбысты белгілеңіз.

A) У.


B) А.

C) Ә.


D) Ы.

E) О.


Дұрыс жауап: А
Тек ашық дауыстыдан құралған сөзді белгілеңіз.

A) Әдет-салт.

B) Көшпелі.

C) Жолаушы.

D) Ілгері.

E) Үндестік.



Дұрыс жауап: А
Езулік дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз.

A) о, ө, у, ұ, ү.

B) а, ә, е, э, ы, и .

C) а, ә, о, ө.

D) ы, і, и, у.

E) ә, ө, ү, і.



Дұрыс жауап: В
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгеріс байқалатын сөзді белгілеңіз.

A) Ғылым.

B) Оқулық.

C) Білім.

D) Өнер.

E) Мәтін.



Дұрыс жауап: D
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгерісі бар сөзді анықтаңыз.

A) Аңыз.


B) Бүгін.

C) Әмір.


D) Ғалым.

E) Тас.


Дұрыс жауап: В
Дауыссыз дыбыстардың анықтамасын белгілеңіз.

A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.

B) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстар .

C) Үннен ғана тұратын дыбыстар.

D) Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дыбыстар.

E) Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.



Дұрыс жауап: А
Жұп дауыссыздар қатысқан сөздерді белгілеңіз.

A) Алма, білім.

B) Пайдасыз, баласыз.

C) Іні, ынта.

D) Ой, арман.

E) Ғылым, байлық.



Дұрыс жауап: В
Салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінетін дауыссыздарды анықтаңыз.

A) Қатаң, ұяң.

B) Ұяң, үнді.

C) Жуан, жіңішке.

D) Қатаң, ұяң, үнді.

E) Ашық, қысаң.



Дұрыс жауап: D
Жұп дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздер қатарын анықтаңыз.

A) Ес, ақыл.

B) Дақ, табыс.

C) Өмір, жолдас.

D) Ескілік, нұр.

E) Өлшем, қанағат.



Дұрыс жауап: В
Қатаң дауыссыздарға берілген анықтаманы белгілеңіз.

A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалған дауыссыз.

B) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.

C) Салдыр мен үннің қатысуы арқылы жасалған дауыссыздар.

D) Үннен салдыры басым дауыссыздар.

E) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.



Дұрыс жауап: В
Ұяң дауыссыздарға берілген анықтаманы көрсетіңіз.

A) Өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады.

B) Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстар .

C) Үн мен салдырдың қатысынан жасалған дыбыстар.

D) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.

E) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.



Дұрыс жауап: В
Қосымшасы ұяң және үнді дауыссыздан басталған сөздерді анықтаңыз.

A) Кітапқа, менсіз.

B) Дүниеге, пайдалы .

C) Шашпен, тасқа.

D) Текті, тексіз.

E) Доппен, таққа.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет