Қоңыр күз. Жол лайсаң. Сапырылысқан халық.Сөйлем түрі
A) жалаң
B) жайылма
C) атаулы
D) жақты
E) жақсыз
576_
Жай сөйлем түрі. Күпі сыртынан қайыс белбеу буып алды.
A) жақсыз
B) жалаң
C) толымды
D) атаулы
E) толымсыз
577_
Атаулы сөйлем мен жайылма сөйлем қатар келген сөйлем
A) Түн. Қараңғылық. Алып шахта құрылысына Рахмет келе жатыр.
B) Қамыттаған өгіз бен аттар жетектеген халық. Жас та, кәрі де сонда.
C) Тау-тау болып үйілген қырман басы. Қызу қарқынды еңбек.
D) Қоңыр салқын кеш. Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан халық.
E) Әдемі кең көше. Ағылған халық. Зәулім үйлер.
578_
Толымды сөйлем
A) Хат жазып жіберіңіз.
B) Ертеңіне Байқоңырға тарттық.
C) Кереметтің үлкені осында екен.
D) Сезім пайда болды.
E) Сатыға қарай жүгіре жөнелдім.
579_
Сатылы көп бағыныңқы сабақтас
A) Енді Абай жайын ойлай келгенде, Ұлжан өз тыныштығын қойды да, арбаға әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды.
B) Нүркеннің бірінші сөзінен-ақ бір сұмдықты жүрегі сезген Дәурен төмен қарап, сол қалпында басын бір ретте көтерместен, үн-түнсіз әлі отыр.
C) Арқасына кен барлаушының кішкентай қапшығын таңып алып, таң атқаннан күн батқанға дейін маңайдағы таудың жықпалдарын, құздарын кезе бастады.
D) Қасым төре түрегеліп, күміс сынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды.
E) Абайды Базаралы ауыл сыртына оңашалап шығарып алып, бір аз ғана жайды айтты.
580_
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
A) Май құйған шам сөнсе де, шамшырақ сөнбес дүниеде.
B) Кең далаға кілем жайылғандай, жайқалған егін даланы құлпыртып тұр.
C) Әшім баяндама жасағанмен тұрмай, сахнада ән салып та берді.
D) Зейнептен апасын сұрағанша, отырған жерін өзім таптым.
E) Бүгін сол елдің бәрі киіз үйлерін жығып, жылы үйлеріне қауырт кіріп жатқан.
581_
Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге құлақ сал. Сөйлем түрі
A) қарсылықты бағыныңқы сабақтас
B) мезгіл бағыныңқы сабақтас
C) себеп бағыныңқы сабақтас
D) шартты бағыныңқы сабақтас
E) мақсат бағыныңқы сабақтас
582_
Мақсат бағыныңқыға жататын сөйлем
A) Сол кезде бұтақ сынып кетіп, асылып құзға Қайсар тұра қалды.
B) Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді.
C) Жомарт айтып отырғанда, Сатанның өңінен үлкен аяныш байқалып тұрды.
D) Көк қаршыға лып етіп, аңшы қолынан жерге қарай құлай түсті.
E) Дәркембай екі мықты мырзаның сығымында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін қатты айтып салды.
583_
Салалас құрмалас
A) Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын.
B) Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады.
C) Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды.
D) Бірен-саран балада ғана бір кесек сүбе май немесе пісірілген жұмыртқа бар.
E) Мен жаралы болып кеткен кекілікті іздестіре бастадым.
584_
Іс атаулы мақсатынан белгілі болса, мақсаты ұлы болса, іс те ұлы деп аталады.Сөйлем түрі
A) сатылы көп бағыныңқы сабақтас
B) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас
C) аралас құрмалас
D) әр алуан жарыспалы
E) бірыңғай жарыспалы
585_
Аралас құрмаласқа жататын сөйлем
A) Адам еңбекте ғана ұлы тұлға, адам еңбекті неғұрлым жан жүрегімен шынайы сүйсе, оның өзі де неғұрлым көрікті.
B) Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ.
C) Ербол төреші болғандықтан, жұрттың бәрі жаттап алған төрттікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып бас шайқады.
D) Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде үміт, кейде қатер басып, Әбіштер ауылға жеткенше еңсе алмады.
E) Ығысып кетіп қалмақ еді,- ретін таппады, киім ілгіш алдында кезекте тұрғандар көп болды.
586_
Баяндауышы сол, соншалық сөзімен келетін салалас түрі
A) ыңғайлас салалас
B) себеп-салдар салалас
C) кезектес салалас
D) талғаулы салалас
E) түсіндірмелі салалас
587_
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа тән тыныс белгі
A) үтір мен сызықша
B) үтір мен нүктелі үтір
C) қос нүкте мен сызықша
D) үтір мен қос нүкте
E) нүктелі үтір мен сызықша
588_
Қарсылықты сабақтас жасаған есімше жұрнағы бар сөйлем
A) Таңертең бір сағат демалғанмен, Абай түнді ұйқысыз өткізді.
B) Оқ нөсері бәсеңдеген кезде, Рақымжан алдынан шықты.
C) Ол жауап қатпаған соң, Арманды күдік мазалады.
D) Хакім кітапты ұстаған бойы, Әбдірахмен сөзін тыңдады.
E) Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.
589_
Ыңғайлас салаласқа тән жалғаулық
A) әрі
B) әлде
C) не
D) кейде
E) яки
590_
Себеп-салдар салаласқа жататын сөйлем
A) Дайын болған бел темірін ыстық күйінше алып жүре алмады, суығанын тосып далада отыр.
B) Я ұйықтаған жан жоқ, я қалғыған жан жоқ.
C) Отанды сүй, сонда сен байсың.
D) Зеңгір қия тас: бірінің аты - Қарабас, бірінің аты - Жалаңаш.
E) Берік мата дыр-дыр етті, бірақ әлі жыртыла қойған жоқ.
591_
Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар көп жұмсалатын стиль түрі
A) ауызекі сөйлеу стилі
B) көркем әдебиет стилі
C) ресми іс қағаздар стилі
D) ғылыми стиль
E) публицистикалық стиль
592_
ҚР Конституциясы жататын стиль түрі
A) ресми іс қағаздар стилі
B) ғылыми стиль
C) ауызекі сөйлеу стилі
D) публицистикалық стиль
E) көркем әдебиет стилі
593_
Белгілі бір тәртіп, рет бойынша жүргізілетін стиль түрі
A) ғылыми стиль
B)көркем әдебиет стилі
C)ауызекі сөйлеу стилі
D)публицистикалық стиль
E)ресми іс қағаздар стилі
594_
Сөйлеуде еркіндік басым келетін стиль түрі
A)публицистикалық стиль
B)көркем әдебиет стилі
C)ауызекі сөйлеу стилі
D)ресми іс қағаздар стилі
E)ғылыми стиль
595_
Көркем әдебиет стиліне тән қатар
A)Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді.
B)Басшылықтың бастамаларын қостай отырып, жоғарғы көрсеткіштерге жетті.
C)Тап осы жерің жалпақтау-ау, Әлеке!
D)Көк болат темір жеті қат жер астынан мұнай тартып, дамылсыз жылжиды.
E)Бастамашылар өз уәделерінде берік тұрғанын дәлелдеген.
596_