Казахский язык класс 11 каз



бет14/15
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34030
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Еңбеккер, көшбасшы, дем беруші, нық қадам сөздеріне қатысты стиль
A)көркем әдебиет стилі
B)ауызекі сөйлеу стилі
C)ресми іс қағаздар стилі
D)ғылыми стиль
E)публицистикалық стиль
597_
Публицистикалық стильге тән қатар
A)Тап жібектей балбыраған әрбір көк шөп ән салып тұрғандай.
B)Жақындатылған дененің қуаты таяқшалардың қуатымен тектес болғаны.
C)Мұсаның қуанатыны - диқанның маңдай терінен нәр алған астық шығымы.
D)Осы күні жөнделмегенде, қашан жөнделеді?
E)-Есенсің бе? - Шүкір.
598_
Ауызекі сөйлеу стиліне тән тіркес
A)көлденең сөз
B)жүзіктің көзінен өткендей
C)жібі түзу
D)қолы ашық
E)иттің етіндей жек көру
599_
Ғылыми стильге қатысты сөйлем
A)Үйі тар болғанмен, көңілі дариядай.
B)Өсімдік гүлдеп, гүлін төгеді, бірақ жеміс салмайды.
C)Тапсырыс бойынша акт жасалды.
D)Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог Ы.Алтынсарин.
E)Мал әлі жайылымда, жаз қызуы бойда.
600_
Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлем
A) Күңіреніп Асан қайғы күй толғанды,
Желмая желе жортып жерді шалды.
B) Қасиет күші Ұлы Отанның
Қанатын бер қыран құстың.
C) Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
D) Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
E) Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
601_
Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлем
A) Күн астында көк төбелер түледі,
Менің елім, менің елім - гүл елі.
B) Баласы Әлімқұлдың Сапақ мырза,
Бір сылқым, құрық бермес, асау бұл да.
C) Жатыр жақпар.Қарағайды аралайды жел ескен,
Жапырақтар, жапырақтар, сыбыр-сыбыр кеңескен.
D) Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
E) Қырларға сонау көктемді сыйлап жүргендей,
Қос қанаттарын шапаттап ұшқан көбелек.
602_
Амал пысықтауыш қатысқан сөйлем
A) Сапар отырған қалың ауыл тік көтеріле кеткен.
B) Тек кереге түбінде, жүк астында сақталған шөптер ғана тірі.
C) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.
D) Ойлы, нұрлы көзінде бөлек бір шұғыла бар.
E) Салалы саусақтарында сабырсыз діріл бар.
603_
Жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүше қатар келген сөйлем
A) Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
B) Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтап сөйлемеске.
C) Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың
Алданбайсың артынан ере берсең.
D) Күймен, жырмен мадақтап,
Бәйіт қылып беретін.
E) Арқаға аяқ салып түскен барып,
Екі оттың - орыс, қытай арасына.
604_
Оқшау сөздерге тән тыныс белгі
A) нүкте
B) үтір
C) сызықша
D) жақша
E) қос нүкте
605_
Мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлем
A) Әрқашан әділеттілік дәріптеледі.
B) Қуанғаннан орнынан қозғалмай қалыпты.
C) Сенің көңілшектігіңнен осылай болды.
D) Асқан ерлігі үшін батыр атанды.
E) Оспан бұл жолы білмей қателесті.
606_
Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлем
A) Біз Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды пір тұтқан халықпыз.
B) Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, қарақат та өседі.
C) Көжек, Ержан, Земцов - үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр.
D) Шешенге қажет басты қасиет: сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық.
E) Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді.
607_
Сөйлемге негіз болатын сөйлем мүшесі
A) бастауыш
B) баяндауыш
C) анықтауыш
D) толықтауыш
E) пысықтауыш
608_
Төл сөзді сөйлем
A) "Мал жұтайды, өнер жұтамайды",-деген Абай.
B) "Тойдың болғанынан боладысы қызық" деген емес пе?!
C) "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген мақалдың дәурені өткен.
D) "Жаны тәттілердің" атын аударамыз, қамшы береміз.
E) Бірлік болмай, тірлік болмас.
609_
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар
A) А.Жұбанов былай деген: Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті.
B) Сапарың оң болсын! деген ақ тілектер айтылды.
C) -Қазақ халқында "Ұлық болсаң, кішік бол" деген нақыл бар,- дегенді жиі айтатын.
D) "Қайда жүрсек те, бір-бірімізді ұмытпайық"-деп айырылысады.
E) "Арман деген - көп белес, біріне шықсаң, бірі бар": дейді Ғ.Мұстафин.
610_
Төлеу сөзге лайық сөйлем қатары
A) "Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім",- деп Жамал даусын солғындай шығарды.
B) Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
C) Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәніндегі қымбат табыс.
D) Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген.
E) Елеусіз көлдің неге Қызылкен атанғанын сұрады.
611_
Төлеу сөзге лайық сөйлем
A) Асан әкесінің көп жылдардан бері Жарасбайдың жылқысын бағатынын айтты.
B) "Арман деген - көп белес, біріне шықсаң, бірі бар",- дейді Ғ.Мұстафин.
C) Би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.
D) Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай балғын да ерке.
E) Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілері бұлаңдайды.
612_
Автор сөзіне қатысты етістік
A) де
B) ет
C) айт
D) сұра
E) бол
613_
Төл сөзге тән тыныс белгі
A) нүкте
B) сызықша
C) нүктелі үтір
D) жақша
E) қос нүкте
614_
Төл сөзді сөйлемі бар қатар
A) Мінез-құлық міні рухани кеселге жатады.
B) - Бұл Әминаның шырқаған даусы ғой!
C) Ә.Кекілбаев былай деген: "Адамдар әділ болса, өмір әрқашан да әділ".
D) Естен кетпес іс еттің-ау, қарғаш!
E) Қазақтың "Сөйлей-сөйлей шешен боласың" деген мақалы орынды айтылған.
615_
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөз
A) -Ана тілін ұмытқан адам,- деді Ғ.Мүсірепов,- өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
B) Ана тілін ұмытқан адам,- деді Ғ.Мүсірепов,- өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
C) -Ана тілін ұмытқан адам деді Ғ.Мүсірепов өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
D) -Ана тілін ұмытқан адам: деді Ғ.Мүсірепов: өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
E) -Ана тілін ұмытқан адам,- деді Ғ.Мүсірепов өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
616_
Төл сөзге тән тыныс белгі
A) тырнақша
B) жақша
C) қос нүкте
D) нүктелі үтір
E) үтір
617_


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет