Казахский язык класс 11 каз
1_
Әріптестердің қызмет бабындағы қарым-қатынасындағы қажеттілік.
A) қарапайымдылық.
B) ресмилік.
C) жауаптылық.
D) адалдық.
E) тиянақтылық.
2_
Ресми қатынастағы сөйлеу тілінің сипаты.
A) әдеби тілмен шешен сөйлеуге құрылған сөздер мен сөйлемдер.
B) ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздер мен сөйлемдер.
C) қалыпты, дәстүрлі сөздер мен сөйлемдер.
D) талап етуге құрылған сөздер сөйлемдер.
E) ескертуге байланысты сөздер мен сөйлемдер.
3_
Ресми іс қағаздарының негізгі міндеттері.
A) маңызды мағлұматтарды сұрау, нақты жөн көрсету.
B) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақтылықты талап ету.
C) маңызды мағлұматтарды хабарлау, келісіп шешім қабылдау.
D) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақты жөн көрсету.
E) маңызды мағлұматтарды хабарлау, өзінің жеке шешімін ұсыну.
4_
Ресми-іскерлік қатынас тіліндегі мүмкіндігі шектеулі сөздер.
A) ресми реңктегі, хабарлау мәнді сөздер.
B) сезім күйге байланысты және тұрмыстық мазмұндағы сөздер.
C) даяр үлгідегі түпқазық сөздер, әкімшілік термин сөздер.
D) қалыптасқан үлгідегі баяндау, бұйыру, үндеу сөздер.
E) белгілі бір ортақ атауды айқындап тұратын сөздер.
5_
Автобиографияның басқа өмірбаян түрлерінен тілдік ерекшелігі.
A) ғылыми тілмен мемуар түрінде баяндалуы.
B) саяси терминдер тілімен баяндалуы.
C) экспрессивті-эмоциялық түрде баяндалуы.
D) көркем әдеби тілмен шығарма түрінде баяндалуы.
E) көркем әдеби тілмен естелік түрінде баяндалуы.
6_
Автобиографиядағы негізгі басымдылық.
A) жалпы көпшілікке үлгі аларлық жағы басым болады.
B) жалпы көпшілікті таңдандырар жағы басым болады.
C) жалпы көпшілікті елең еткізер жағы басым болады.
D) жалпы көпшілікке өзін насихаттау жағы басым болады.
E) жалпы көпшілікке өзін мадақтау жағы басым болады.
7_
Жеке адамның немесе мекеменің атынан жазылатын өтініште сақталуға тиіс этикеттік сөздер.
A) «аса құрметті» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.
B) «аса қымбатты» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.
C) «аса мәртебелі» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.
D) «мәртебелі» деген сөздердің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.
E) «мырза», «ханым» деген сөздердің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.
8_
Өтініш иелерінің өтінішін растайтын нәрсе.
A) өтініш соңындағы қойылған қолдары.
B) өтініш соңында көрсетілген мерзімі.
C) басшының аты-жөніне қоса жазылған этикет сөздер.
D) өтініш жазушының атақ-дәрежесі.
E) өтініш жазушының өмір жолы.
9_
Арыздың тілдік тәсілдері.
A) тұжырымды пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған сұраулы сөйлемдер.
B) қорытынды пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған хабарлы сөйлемдер.
C) нәтижелі пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған бұйрықты сөйлемдер.
D) салыстырмалы пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған хабарлы сөйлемдер.
E) сипаттамалы пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған лепті сөйлемдер.
10_
Арыздың стильдік белгілері.
A) келісушілік, жұмыс тәртібінің бұзылуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалмауы.
B) келіспеушілік, жұмыс тәртібінің бұзылуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.
C) келіспеушілік, жұмыс тәртібі, т.с.с. жағдайлар айғақтармен баяндалады.
D) келіспеушілік, жұмыс тәртібінің сақталуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.
E) келісушілік, жұмыс тәртібі, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.
11_
Түсініктеме жазудың талабы.
A) түсініктеме стандартқа (үлгіге) сай әзірленбейді.
B) түсініктеме стандартқа (үлгіге) сай әзірленеді.
C) түсініктеме талап етушінің ұсынысына сай әзірленеді.
D) түсініктеме оны жазып отырған адамның қалауына сай әзірленеді.
E) түсініктеме мекеме басшысының талабына сай әзірленеді.
12_
Азаматтың жеке меншігіндегі бұйымын екінші біреуге пайдалана тұруға берудегі заңдылық.
A) сенімхат арқылы құжат жасалады.
B) сенімхат арқылы келісім жасалады.
C) сенімхат арқылы жасалған құжат қажет болып табылады.
D) сенімхат арқылы жасалған құжат заңды деп табылады.
E) сенімхат арқылы жасалған құжат заңсыз деп табылады.
13_
Ресми хаттағы баяндауыш тұлғасы.
A) тұжырымдылық пен нақтылықты білдіретін өзгелік етіс тұлғасы.
B) тұжырымдылық пен нақтылықты білдіретін ырықсыз етіс тұлғасы.
C) сыпайылық пен нақтылықты білдіретін өздік етіс тұлғасы.
D) өтініш пен тілекті білдіретін ырықсыз етіс тұлғасы.
E) жауапкершілікті білдіретін ортақ етіс тұлғасы.
14_
Ресми хатта қолданылатын тілдік құралдар.
A) сабақтас сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
B) салалас сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
C) лепті сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
D) хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
E) сұраулы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
15_
Жеделхаттың артықшылықтары.
A) мекен-жай, қабылдаушының аты-жөні сияқты нәрселер қажет емес.
B) жіберуші мекеме мен жіберген адам туралы мәліметтер қажет емес.
C) қабылдаушы мекеме, қабылдаушы адам туралы мәліметтер қажет емес.
D) виза қою, рұқсат алу, тексеру сияқты формальды нәрселер қажет емес.
E) виза қою, келісу, редакциялау сияқты формальды нәрселер қажет емес.
16_
Телефонограмманы жіберуге қойылатын талап.
A) сөзі анық, көркем болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.
B) сөзі анық, шағын болып, жазуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.
C) сөзі анық, шағын болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.
D) сөзі анық, көлемді болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.
E) сөзі анық, шағын болып, айтуға жеңіл тиетін сөздер қолданылмауы керек.
17_
Іс қағаздарының тіліне қатысты құжаттардың түрлері.
A) келісімшарт, анықтамалар, баяндама.
B) келісімшарт, хабарландыру, диссертация.
C) келісімшарт, хаттама, сценарий.
D) келісімшарт, хаттама, жеделхат.
E) келісімшарт, жеделхат, мақала.
18_
Ресми іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мен жазу тілі.
A) сыпайы, анық, ешбір қысылмай сөйлеу, түзу жазу.
B) қатаң, дәл, ешбір бұлтақсыз сөйлеу, сауатты жазу.
C) дұрыс, дәл, ешбір бұрмалаусыз сөйлеу, әдемі жазу.
D) қатаң, дәл, ешбір босаңсусыз сөйлеу, біркелкі жазу.
E) нақты, дәл, ешбір кедергісіз сөйлеу, таза жазу.
19_
Ресми іс қағаздарының мәтінін құрастыруда қойылатын талап.
A) аса қажетті деректермен, мәліметтермен ғана шектелмейді.
B) қажетті деректер, мәліметтер көріктеуіш сөздермен әрленіп жазылады.
C) аса қажетті деректер, мәліметтер әдеби көркем тілмен жазылады.
D) аса қажетті деректермен, мәліметтермен ғана шектеліп жазылады.
E) аса қажетті деректер, мәліметтер мол қолданылып жазылады.
20_
Хабарландыру мәтінінде міндетті түрде жазылуға тиіс нәрселер.
A) болатын іс-шара, орны, уақыты, көлік, жүргізушісі.
B) болатын іс-шара, орны, уақыты, ұйымдастырушысы, жүргізушісі.
C) болатын іс-шара, орны, уақыты, өндіріс орны, жүргізушісі.
D) болатын іс-шара, орны, уақыты, жеке тұлға, жүргізушісі.
E) болатын іс-шара, орны, уақыты, кәсіпкер, жүргізушісі.
21_
Жарнаманың мақсаты.
A) өз игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.
B) ата-анасының игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.
C) әріптестерінің игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.
D) халық игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.
E) мекемесінің игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.
22_
Анықтаманың құрылымы.
A) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, жарамдылық мерзімі.
B) құжат аты, негізгі мәтін, берген мекеме, жазылған мерзімі.
C) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, мерзімі.
D) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, берілген мерзімі.
E) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, көрсетілген мерзімі.
23_
Анықтаманың берілгенін растау тәртібі.
A) анықтама беріп отырған ұйым басшысы мен анықтаманы алушының мөрі.
B) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы алушының қолы.
C) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы берушінің қолы.
D) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы берушінің мөрі.
E) анықтама беріп отырған ұйым басшысы мен анықтаманы берушінің қолы.
24_
Алқалық ұйым төрағасының күн тәртібіне қатысты құқығы.
A) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен соны жаңалықтар енгізе алады.
B) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен арнайы түзетулер енгізе алады.
C) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен жаңаша ауыстырулар енгізе алады.
D) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
E) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен жаңа тапсырыстар енгізе алады.
25_
Алқалық ұйым мүшелеріне күн тәртібін жіберу тәртібі.
A) ең маңызды деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.
B) ең күрделі деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.
C) ең өзекті деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.
D) ең қажетті деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.
E) ең ауқымды деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.
26_
Сөйленген сөздер мәтіні мазмұнының тілдік сипаты.
A) бірінші жақта, жекеше түрде жазылады.
B) екінші жақта, көпше түрде жазылады.
C) екінші жақта, жекеше түрде жазылады.
D) үшінші жақта, жекеше түрде жазылады.
E) үшінші жақта, көпше түрде жазылады.
27_
Хаттамадағы қаулы мәтініне қойылатын талаптар.
A) мәтінде не істелетіні, орындаушысы, қалай орындайтыны нақты жазылады.
B) мәтінде не істелетіні, орындаушысы нақты көрсетіліп жазылады.
C) мәтінде не істелетіні, орындаушысы жазылады, нақты мерзімі көрсетілмейді.
D) мәтінде не істелетіні, мерзімі нақты көрсетіліп жазылады.
E) мәтінде не істелетіні, орындаушысы, мерзімі нақты көрсетіліп жазылады.
28_
Берілген етістікті сөз тіркестері жиі қолданылатын хаттама бөлімінің пункті.