Ол екеуінің төрт әнін бүкіл ауыл жатқа біледі.
A)бастауыш
B)баяндауыш
C)толықтауыш
D)пысықтауыш
E)анықтауыш
484_
Дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігу арқылы жасалған сан есім
A)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
B)Ер қаруы - бес қару.
C)Қызға қырық үйден тыйым.
D)Айла алтау, ақыл жетеу.
E)Жігітке жеті өнер де аз.
485_
Сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болатын түрі
A)есептік
B)реттік
C)болжалдық
D)жинақтық
E)бөлшектік
486_
Жинақтық сан есім қатысқан сөйлем
A)Мені біреу оятқандай болды.
B)Біреу білмегенді біреу біледі.
C)Құлақ екеу, тіл біреу, екі тыңдап, бір сөйле.
D)Оның жұмысын біреулер аяқтайды.
E)Біреу суырылып алға шықты.
487_
Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрі
Онымыз да батырмыз. Мыңды қостап, бірді жоқтап, жұбымыз жазылмайды.
A)болжалдық
B)бөлшектік
C)топтау
D)есептік
E)жинақтық
488_
Сөйлемдегі сан есімнің қызметі
Біріншіден, ол ақылды, екіншіден, ол өжет, үшіншіден, ол өте сұлу.
A)реттік сан есім, қыстырма сөз
B)жинақтық сан есім, одағай сөз
C)есептік сан есім, қаратпа сөз
D)топтау сан есім, қыстырма сөз
E)бөлшектік сан есім, қаратпа сөз
489_
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. A)бастауыш
B)баяндауыш
C)анықтауыш
D)толықтауыш
E)пысықтауыш
490_
Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есім
A)Келген адамдардың саны алпыстай.
B)Бидайдан жыл бойы алынатын өнім он бес центнер.
C)Су толған ыдысты екеулеп үйге әзер кіргіздік.
D)Алынған сыйлықтар саны жетпістен асады.
E)Бөлінген адамдар саны жетеуден.
491_
Заттанып тұрған сан есім
A)Іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
B)Отыз күн оразаның бір күн айты бар.
C)Алтаумын деме, жетеуге жолығасың.
D)Бір жылы сөз бір күнге азық.
E)Ат баспаймын деген жерін үш басады.
492_
Дефис қойылмайтын орын
A)6 сынып
B)1 қатар
C)ХХ ғасыр
D)2 орын
E)4 тоқсан
493_
Қалып етістігі қатысқан сөйлем
A)Оның шығармалары әлі де айтылып жүр.
B)Оларды байқау арқылы таңдап алады.
C)Денесін шынықтыру үшін жаттығу жасауға тура келеді.
D)Ғарышкер болу үшін ұзақ мерзімді жаттығу керек.
E)Қозғалу үшін ешқандай күш жұмсаудың қажеті болмайды.
494_
Есім негізді етістік қатысқан сөйлем
A)Санақ санамай, сегіз деме.
B)Қонақ келсе, құт келер.
C)Кешіре білмеген кекшіл келеді.
D)Атақты көтере алмаған ақыры адасады.
E)Елдің көңілінен шығу - іскерлік.
495_
Жедел өткен шақ қатысқан сөйлем
A)Сол сезімімді кезінде өлең етіп те жазғанмын.
B)Есенқұл сол күні-ақ әскерге жүріп кеткен.
C)Мен оған аңыздағы қасиетті адамдардай қызығып қараушы едім.
D)Құнанбай осы жолы сол сөз қайта шықса, келісіп аттанбақ.
E)Сол арқылы қоғамдық жарастықтың орнығуына қызмет етеді.
496_
Ортақ етіс
A)ақылдасты
B)көмектесті
C)сөйлесті
D)қарсыласты
E)жәрдемдесті
497_
Болымсыз етістік
A)шақырмайды
B)шықылықтайды
C)жазғырады
D)демалады
E)өзгереді
498_
Есімшенің сөйлемдегі қызметі:
Көрген сайын "сіз" десіп, Сыйласқанға не жетсін! A)пысықтауыш, толықтауыш
B)бастауыш, баяндауыш
C)толықтауыш, анықтауыш
D)анықтауыш, баяндауыш
E)баяндауыш, пысықтауыш
499_
Сабақты етістіктен салт етістікке айналған сөз
A)айтты
B)берілді
C)сөндірді
D)өсірді
E)тастады
500_
Пысықтауыш қызметіндегі етістікті сөйлем
A)Көшерімді жел білсін, қонарымды сай білсін.
B) Көңілді қалдырған ағайын жат болады.
C)Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің.
D)Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
E)Шайнаған бұйырған емес, жұтқан бұйырған.
501_
Шартты райлы етістік
A)сұрасамшы
B)алсаңыз игі еді
C)көрейін
D)барғаймын
E)орарсың
502_
Есімше жұрнағы жалғанған сөз
A)сырмақ тікті
B)құймақ пісірді
C)бармақ басты
D)кебек ұшырды
E)қарамақ болды
503_
Есім негізді етістігі бар сөйлем
A)Төрге бұрын шыққан тілеген жеріне отырар.
B)Балалығыңды сағынсаң, нағашыңа бар.
C)Айтысқан ауыл болмас, болыспаған бауыр болмас.
D)Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
E)Адасссаң, руыңмен адас.
504_
Бірыңғай есімшеден болған сөйлем
A)Ағайының бай болса, асағаның май болар.
B)Қаршыға салғанның қанжығасы тоқ.
C)Шайнаған бұйырған емес,жұтқан бұйырған.
D)Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
E)Өспейтін бала өнбейтін дауды даулайды.
505_
Толықтауыш қызметіндегі көмекші етістік
A)Атай Ықыласты әңгіме етті.
B)Қазыбектің шешен екендігін аңыз қып айтады.
C)Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ем.
D)«Кім боп шығар екенсің?»деген жыр жолдары халық үмітін білдіреді.
E)Хан ұялғанынан еш нәрсе демепті.
506_
Есімдіктің мағыналық түрі:Сол жақтан аттыларды көзі шалды. A)сілтеу есімдігі
B) жіктеу есімдігі
C)өздік есімдігі
D)сұрау есімдігі
E) жалпылау есімдігі
507_
Нұсқау, меңзеу мағынасында жұмсалатын есімдік
A)өздік есімдігі
B) жіктеу есімдігі
C)сілтеу есімдігі
D)сұрау есімдігі
E) болымсыздық есімдігі
508_
Тәуелденген күйінде қолданылатын есімдік
A)белгісіздік есімдігі
B) болымсыздық есімдігі
C)жіктеу есімдігі
D)сілтеу есімдігі
E) өздік есімдігі
509_
Бір, әр, әлде сөздері ұйытқы болатын есімдік
A)жіктеу есімдігі
B) сілтеу есімдігі
C)өздік есімдігі
D)белгісіздік есімдігі
E) жалпылау есімдігі
510_
Толықтауыш қызметіндегі есімдік
A)Әй, хан, мен айтпасам білмейсің?
B) Жазылы, алтын, қол кескен, алдаспаным өзіңсің.
C)Өзін бүгін санады мұңсыз жанға.
D)Алдынан шыға алмады ешкім мұның.
E) Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
511_
Көмекші есіммен тіркесіп келген есімдік
A)Екеуі сол арада құшақтасты.
B) Сол шоқты өшірем деп біраз әуреленді.
C)Баланың қытығына тиетін жері - осы жері.
D)Сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек.
E)Бұл - Құнанбайға қадірі бар кісі.
512_
Өздік есімдігі қатысқан сөйлем
A)Өзге балаларының ажарынан бөлек.
B) Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан сол.
C)Өзге қазақтан бөлек тағы да өзге ұлт өкілдері бар.
D)Өзге егіз болғанда, Қудай жеке.
E) Оның көңілі өзгеше бір сезімнің әсеріне толы.
513_
Пысықтауыш қызметіндегі сілтеу есімдігі
A)Абылай сол жылы-ақ осы жолды қалаған.
B) Саған одан ұтымды жағдай жоқ.
C)Ешқайсысы оның ойына бөгет болмауға тиіс.
D) Ертеңімді содан да артық көрем.
E) Ол екеуінің сөзін енді анық есітті.
514_
Түрленіп тұрған есімдік
A)Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
B) Өз үйім - өлең төсегім.
C)Әлде түн бе, ақ таңның кезі ме еді?
D)Ол ұлы ақын мынау үлкен замандағы.
E) Әркім қолда барын ұсынады.
515_
Жіктеліп тұрған есімдік
A)Ары бар, ұяты бар үлкенге сен.
B) Сенсің менің қосылып салған әнім.
C)Бар мәселенің бәрі сонда.
D) Өз үйім - өлең төсегім.
E) Көптік қайда болса, тоқтық сонда.
516_
Негізгі үстеулердің өзара қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеу
A) жоғары-төмен
B) қолма-қол
C) қолды-қолына
D) бет-бетімен
E) жата-жастана
517_
Негізгі үстеулердің өзара тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеу
A) айта келе
B) соңын ала
C) күні кеше
D) ала сала
E) құр бекер
518_
Сын-қимыл үстеуі мағынасында жұмсалып тұрған етістік
A) Жақсы тауып айтар, Жаман қауып айтар.
B) Тіл қоса алар жер мен көктің арасын.
C) Құлаққа кірген суық сөз көңіліңе барып мұз болар.
D) Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.
E) Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.
519_
Пысықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған сын-қимыл үстеуі
A) Досыңа ат берме, ат берсең, ақырын жүр деме.
B) Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
C) Жақсымен жүрсең, жақсы боларсың.
D) Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
E) Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.
520_
Заттанып келіп бастауыш қызметін атқарып тұрған мөлшер үстеуі
A) Аулымның күнбатысы қалың қамыс.
B) Тау ішінің жаңбырлы қараңғы түні.
C) Қалың жылқы белдің ар жағындағы шатта жатыр.
D) Таң атқанша әннің бірталайы да шырқалып болды.
E) Есіктен төрге шейін жайылған кілем.
521_
Толықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған мезгіл үстеуі
A) Бүгін кешке осыннан жолығарсың.
B) Ести сала қолына садағын алды.
C) Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
D) Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой.
E) Мамыражай жұмсақ жылы жаздың түні.
522_
Мөлшер үстеуіне жататын сөз
A) анда-санда
B) бостан-бос
C) бекерден-бекер
D) емін-еркін
E) бірен-саран
523_
Мөлшер үстеуімен тіркесіп келген өлшем атауы
A) бір қыдыру жер
B) түстік жер
C) айшылық жол
D) екі елі қазы
E) бие сауым уақыт
524_
Күшейткіш үстеуі қатысқан тіркес
A) онша биік емес
B) недәуір ұзын
C) сәл жүріңкіре
D) әдейі айтты
E) анағұрлым жаңа
525_
Себеп-салдар үстеуі қатысқан сөйлем
A) Оған бар шындықты бекерге айтқансың.
B) Астық тартқан машиналар жүздеп саналады.
C) Аяғында ауылдан әбден ұзап шығып кетіпті.
D) Жатын бөлмеде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр.
E) Құстар жоғары көтеріліп ұшты.
526_
Дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған еліктеу сөз
A) шолп
B) жалт
C) жарқ
D) кілт
E) лып
527_
Бейнелеуіш сөз
A) лып
B) морт
C) тыңқ
D) тоңқ
E) шіңк
528_
Етістік түбірден жасалған еліктеу сөз
A) елпең
B) қаңғыр
C) сылаң
D) қиқаң
E) маң-маң
529_
Еліктеуіш сөзден жасалған туынды етістік қатысқан сөйлем
A) Жұпардай жағымды иіс танауын жарып жібергендей болды.
B) Қонақ аз отырып, көп сынайды.
C) Жан-дәрмен есін жинап алып, сайға қарай бүкеңдей жөнелді.
D) Нөсер алдында найзағай ойнайды.
E) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
530_
Пысықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған еліктеуіш сөз
A) Тастақ бетті тасыр-тұсыр, тақыр-тақырбасып өтіп бара жатты.
B) Шыңнан төмен шапшаң-шапшаң, секіре-секіре құлай түсіп кетті.
C) Олар мұны көре сала айғайлап жіберіп, шауып келе жатты.
D) Көп сәйгүліктің аяғы шымды жерді дүңк-дүңк еткізеді.
E) Көңілі талай күнгі кірбеңінен жадырағандай.
531_
Еліктеу сөзден жасалған есім сөзі бар сөйлем
A) Жалтарыс шаттарын, тоғайларын кезіп аралап байқаған.
B) Ұзақ бойы түгелімен бұрқ-сарқ етіп тасиды.
C) Өсімдік атаулы күзгі желге елбідей бас ұрады.
D) Ылдиға қарай құлдырап, тез төмендеді.
E) Осының бәрі оның санасынан жарқ-жұрқ етіп өте шықты.
532_
Бейнелеуіш сөз қатысқан сөйлем
A) Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді.
B) Дүр етіп кептерлер аспанға ұшып кетті.
C) Баж-бұж еткен айқайдан шошып оянды.
D) Кездеме матаны дар-дар етіп жырта бастады.
E) Гүрс-гүрс атылған зеңбірек үнінен құлақ тұнады.
533_
Етістіктен жасалған туынды еліктеу сөз
A) сылаң
B) желбіре
C) күбір
D) дүрсіл
E) сымпың
534_
Гүл сөзіне қатысты туынды еліктеу сөз
A) үлбіреді
B) желбіреді
C) салбырады
D) бұраңдады
E) томпаңдады
535_
Одағайдан жасалған туынды етістік қатысқан сөйлем
A) Түу, қандай тымырсық түн!
B) Япырмау, жастық деген қандай қызық?!
C) Оның кім екенін Алдияр ә дегенде білген жоқ.
D) Майланбаған арбалардың шиқылы оның ойбайын естірткен жоқ.
E) Ауыр жүк көтерген адамдардың уһлеген дыбысы естіледі.
536_
Бұйрық мәнінде қолданылатын одағай сөз
A) әйда
B) моһ
C) қош
D) әттең
E) түге
537_
Фразеологиялық тіркес құрамындағы одағай сөз
A) шу дегеннен
B) құрау-құрау
C) ойпырым-ай
D) құр босқа
E) маңыраған мал
538_
Заттанып келген одағай сөз
A) О,шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!
B) Ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай!
C) «Аухау-аухау» деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
D) Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді!
E) «Ойпырмайыңды қоя тұршы,»- деді Абай.
539_
Одағай қатысқан сөйлем
A) Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
B) Паһ,мына жүйріктің шабысын-ай!
C) Жоқ, бұл Құлагердің нағыз өзі!
D) Алатау сен неткен биік едің?!
E) Күл, күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады.
540_
Одағай қатысқан сөйлем
A) Апырай, мақтаса мақтарлық, алдынан аң құтылмас, бойына шаң жұқтырмас нағыз жүйрік екен!
B) Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады.
C) Жаңа бір күш біткендей болды.
D) Желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам, желге ұшам, сайға қонам.
E) Қайда келеді екен, қайда барады екен дөңгеленіп?
541_
Туынды одағайға тән қатар
A) ойпырмай
B) әттең
C) шіркін
D) пұшайт
E) алақай
542_
Тіркесті одағайға лайық қатар
A) бәрекелді
B) беу, шіркін
C) паһ-паһ
D) тамаша
E) әттең
543_
Дефис арқылы жазылатын шылауы бар сөйлем
A) Беріп кет сақинаңды мыс та болса.
B) Ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты.
C) Бағзы заманда бір балықшы болыпты-мыс.
D) Қанша байбалам салғанмен, үлкен кісілердің мысы басып тұрады.
E) Күннің мысы басып тұр екен.
544_
Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылау
A) бірге
B) таяу
C) сайын
D) гөрі
E) бұрын
545_
Сөйлемдегі шылау түрі: Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. A) шектік мәнді демеулігі
B) болымсыздық мәнді демеулігі
C) нақтылау мәнді демеулігі
D) сұраулық мәнді демеулігі
E) күмәндік мәнді демеулігі
546_
Күшейткіш мән үстеп тұрған шылауы бар сөйлем
A) Алайын мынасын ба, анасын ба?
B) Үлкен үйге кірген соң, бәрі де кішірейіп кеткендей.
C) Күрең ат, күрсінесің, жалықтың ба?
D) Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті.
E) Разы емен осындай ат мінбесем.
547_
Күшейткіш демеулігі қатысқан сөйлем
A) Байжан да, Жұмабек те мұндай олжаға кездесеміз деген жоқ-ты.
B) Оның ойлағаны болды да, мәселе тез шешіле қойды.
C) Күн бұлттанды да, жаңбыр жауа бастады.
D) Ауылдың үлкендері де, жастары да осында.
E) Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар, қалан.
548_
Атау септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған септеулік шылау
A) Сағы сынды
B) Әлия сынды
C) Әйнек сынды
D) Сынды көтерді
E) Терезе сынды
549_
Сұраулық демеулік қатысқан сөйлем
A) Бүгінгі күні қазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын көрер ме еді солар?
B) Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.
C) Қонақ қойдан жуас, май берсең де жей береді.
D) Дұшпаннан түк тартса да олжа.
E) Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
550_
Кезектес мәнді жалғаулығы бар сөйлем
A) Бірде-бір адам бұл сөзді қолдамады.
B) Аталмыш жерге бірде-бірі келген жоқ.
C) Ол бірде өз дегенін жасайды, бірде достарының пікіріне құлақ асады.
D) Қар түнімен үздіксіз жауғанмен, бірде-бір аңның ізін кезіктіре алмады.
E) Бірде аяқ асты көрінбес боран болды.
551_
Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі
A) тұрғын үй
B) ауланы тазалады
C) достардың кеңесі
D) сөзге жетік
E) кітапта жазылған
552_
Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесі
A) Гүл мен жапырақ
B) Сәбит - жазушы
C) Тарс-тұрс айқай
D) Аталы сөз
E) Қап-қап ұн
553_
Балаға мейірімді тіркесі жататын қатар
A) қиысу
B) матасу
C) меңгеру
D) жанасу
E) қабысу
554_
Сөз тіркесі бола алмайтын қатар
A) спорттық ойын
B) тапқыр адам
C) жазылған хат
D) ақ жүрек
E) рухани парыз
555_
Толықтауыштық қатынасқа тән қатар
A) қабысу
B) меңгеру
C) жанасу
D) қиысу
E) матасу
556_
Бағыныңқы сыңары өлшем атауымен жасалған тіркес
A) орылған шөп
B) бір үзім нан
C) бес-алты дәптер
D) барлық халық
E) аласа бойлы азамат
557_
Меншіктілік қатынасты білдіретін матасу
A) желдің лебі
B) қылыштың жарасы
C) етіктің қонышы
D) інімнің кітабы
E) көлдің ортасы
558_
Тек анықтауыштық қатынастан тұрған сөйлем
A) Көл жиегі - толған тұрақ.
B) Қалың қарағай жел лебімен ырғалып қояды.
C) Бұл жолға аттың аты ғана жарайды.
D) Оспанның келгеніне қатты қуандым.
E) Қайда кеткенін білмегені дұрыс.
559_
Интонация арқылы байланысқан сөйлем
A) Өнерпаз болсаң - өр бол.
B) Көлдің тік жағасы - толған құрақ.
C) Ақыл айтсаң - бақыл айт.
D) Отың жанбаса - қорлық.
E) Жан-жағына қарап еді,- ештеңе көрінбеді.
560_
Суреттеу, баяндау мақсатында айтылатын сөйлем
A) хабарлы
B) сұраулы
C) лепті
D) бұйрықты
E) атаулы
561_
Сұрау есімдігінен жасалған сөйлем
A) Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан?
B) Біздің ауылдан қонақ осылай аттанғанын қашан көрдің?
C) Ол жер жаяуға біраз жер емес пе?
D) - Теңіз деген осы ма?- деп қараймын.
E) Бөрінің бірі арасына кіріп кетті ме?
562_
Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлем
A) лепті
B) сұраулы
C) хабарлы
D) бұйрықты
E) атаулы
563_
Бұйрықты сөйлем
A) Екі құбақан өгіз жеккен кемпір келе жатыр екен.
B) Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші.
C) Жігіт болып қалыпсың ғой, құлыным!
D) Санмен жазғаныңа мен қалай түсінем, қалқам-ау?!
E) Құдық басында шор аяқ күрең тұр.
564_
Сұраулы сөйлем
A) Қараңғыда жақын жіберу қауіпті, байқа.
B) Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың ғой.
C) О да бір қызық дәурен екен-ау.
D) Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай.
E) Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді.
565_
Хабарлы сөйлем
A) Қарағым, біздің хал-жағдайымыздың шет-жағасын көріп-біліп отырған шығарсың
B) Бақшасында бұдан көркем ағаш жоқ, гүлдері қандай
C) Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан
D) Жолаушылыр таң ата жүріп кететін болсын
E) Мен жаз жайлауға барайын, менімен ол да барсын
566_
Бұйрықты сөйлем
A) Содан бері ол біздің үйге кірген емес.
B) Даусы мұнша зор болар ма!
C) Мен енді айтпай тұра алмаймын.
D) Мен білмейді деймісің?
E) Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар!
567_
Хабарлы сөйлемге тән тыныс белгі
A) леп белгісі
B) көп нүкте
C) сұрау белгісі
D) нүкте
E) нүктелі үтір
568_
Тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлем
A) Келші, қалқам, қасыма отыршы.
B) Қане, осыдан тіл алмай көрші.
C) Менсіз ол ауылға барып көрші.
D) Темірді қызған кезде соқ.
E) Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал.
569_
Жақсыз сөйлем баяндауышы болатын идиомалық тіркес
A) үмітін үзді
B) мұртын балта шаппайды
C) белді бекем буды
D) ата жолын қуды
E) жүрек жалғап алды
570_
Жақсыз сөйлемге лайық қатар
A) Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.
B) Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық.
C) Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі.
D) Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.
E) Қуанғанынан көзінен жасы ыршып кетті.
571_
Жақсыз сөйлем болатын қатар
A) Не болса да барып көрмек керек.
B) Өз үйіңнің бағын жандыра біл.
C) Бұл кезде тоғай кемеліне келіп толықсып тұрады.
D) Бір кезде атты қалт тоқтатып, артына бұрылды.
E) Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.
572_
Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлем
A) Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.
B) Иен қыстауда неше қонарым беймәлім.
C) Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар.
D) Бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын едік.
E) Қайсардың шешесі Бәден апай - шалқып сөйлейтін адам.
573_
Жалаң сөйлем
A) Біреулер аяғын асыға басады.
B) Жағасы - бал-құрақ.
C) Көп нәрсені білдік.
D) Адам туралы аңыз да көп.
E) Баяндаманы Ержан жасаған.
574_
Жайылма сөйлем
A) Есіл тасып жатыр.
B) Аты жүйрік екен.
C) Атыңды сатамысың?
D) Жазғаны мәлім болып отыр.
E) Күн ашық болатын.
575_