Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата30.05.2017
өлшемі199,89 Kb.
#17156
түріСабақ

САБАҚ: математика

Мектеп

Күні:14.02.2017ж

Мұғалімнің есімі:Каюпова П

СЫНЫП:5

Тақырыбы:Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану.

Қатысқандар саны:

24

Қатыспағандар саны:2

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 90%ондық бөлшектердің ережесімен танысып,жатқа оқи алады.Жай бөлшекпен ондық бөлшекті ажырата біледі


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ондық бөлшекпен танысып,оны жай бөлшектен ажырата алады.



Оқушылардың басым бөлігі:Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды біледі.

Кейбір оқушылар:

Ондық бөлшектерді оқи алады



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді талдайды.

(істей) алады


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үлестер,разрядтар,жай сан,бүтін бөлігі



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Берілген сұрақтарға

уақытқа қарай жауап береу.


Сіз неліктен ...... екенін айта аласызба?

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырмай-ақ есептерді шығаруға болатынын айта аласызба?



Жазылым бойынша ұсыныстар

Ережеге сәйкес жазу.



Алдынғы тақырып

Өткен тақырыпты қайталауға арналған

Кеспе қағазын беремін.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2- мин

2-мин
3-мин

3-мин


Оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін,

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын

қалыптастыру. Оқушылардың мүндағы мақсаты,бір-бірімен жақсы қарым-қатынас

орнатады.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан жаралған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Ішінде мақал-мәтел жазылған стикерлерден өзіне ұнаған түсті алып,сол топқа отырып,топтан бір мақалдан оқиды.

Үй жұмысына берілген есепті әр топтан бір оқушының дәптерін тексеріп әрі қарай өз топтарын сол оқушы тексереді.

Әр топқа 2 кеспе қағазын таратамын

1-топ Жай бөлшек дегеніміз не ?

53/1-бұрыс бөлшекке айналдырады.

2-топ Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

28/9-санын аралас санға айналдырады.

3-топ Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай көбейтеміз.

3/2х6/1 тең

4-топ Бұрыс бөлшек дегеніміз не ?

3/5 бөлеміз 2/5 тең.





Кеспе қағазы,плакаттар,стикерлер

Ортасы

10 мин

5-мин

15-мин



Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында 4 топқа бірдей:»Тасбақаның суретіне есептер жазылған,сол есептерді шығарып жауабына сәйкес бояуды қазақшаға аударып бояйды.

Бағалау критерий арқылы бағалайды.

»Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

1.----Мына сызық қалай аталады?

2. Жай бөлшектің алымы мен бөлімі немен ажыратылады?

3.352,346- разрядтары бойынша қандай санның асты сызылған.?

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы №2010 бастап №2016 есепке дейін әр топқа 2 есептен бөліп,бір топқа 14 есептен стикерге жазып таратамын.Әр топқа жауаптарымен қоса,оларды шатастыру мақсатында басқа да жауаптары жазылған плакат беремін.Олар стикердегі есептерді шығарып жауаптарына сәйкес болса,онда сол жауаптың үстіне жабыстырады.Өз топтарының бағалары шығады.

Есептердің дұрыстарын дәптерлеріне жазады.


Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Аяқталуы

5-мин


Үй жұмысы №1222

Рефлексия

Өз ойларын стикерге жазады.




Қосымша ақпарат



Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетүді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
АКТ-ны пайдаланамын кеспе қағаз,күрделі сұрақ,кері есеп құрастыруға беремін


Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Басбармақ

2.Смайлик

3.Табыс критерий

4.Өзара бағалау.

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

Интербелсенді тақта орыс тілі,әдебиет пәні арқылы бағалау

Рефлекция сабақ/оқу мақсаттары шынайыма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныпта ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетүлер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бүгін оқушылар ондық бөлшек жайлы білді.

2.Жай бөлшекпен ондық бөлшекті ажыратуды білді.

3.Мен белгіленген уақыт бойынша кішкене ауытқулар болды,бірақ дәл уақытында аяқтадым.

4.Мен үлгерімі төмен оқушылармен көбірек жұмыс беру арқылы сабаққа деген ынтасын арттыруым керек.

5.Мен өткен тақырыпты қайталауға көп уақыт кетірдім,ендігі сабақта жаңа тақырыпқа көбірек уақыт бөлер едім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:Оқушылар тасбақаның суретін боярда есепті шапшаң шығарғандығы.

2:Жаңа сабақтың есептерін стикерге жазып,оны плакатқа жабыстыру.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:Ынтымақтастық атмосферасы.

2:Топтық жұмыста бір-бірлерін қолдап,көмектескені.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Мейлінше жаңа сабақты төрт топқа бөліп берсем,сол тақырып бойынша түсінгендерін зө ойларымен топ болып қорғап шықса жақсы болады екен.Сонда уықытта жеткілікті болады деп ойлаймын.Дарынды мен талантты балдарға көбірек деңгейлік тапсырмаларды беріп тастау керек.

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ШАБЛОНЫ.

.

САБАҚ: математика

Мектеп №61

Күні :15.02.2017ж

Мұғалімнің есімі:Каюпова П

СЫНЫП: 5

Тақырыбы: Ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы

Қатысқандар саны:

24

Қатыспағандар саны:2

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ондық бөлшектердің оқылуын қолдана отырып,есептердің шығарылуын талдап жазады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ондық бөлшекті,оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі

Бөлімдері 10,100,1000 разряд бірліктері болатын жай бөлшектерді оқи отырып жазады.



Кейбір оқушылар

Күрделі есептерді шығарып,кері есептер құрастырады.



Тілдік мақсат

Оқушылар: ондық бөлшектердің бүтін бөлігін,ондық,жүздік,мыңдық үлестерін ажырата алады.

(істей) алады



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үлестер,разрядтар.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Разряд бірліктері бойынша берілген есептерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар.



Сіз неліктен ...... екенін айта аласызба?

Бөлімдері 10,100,1000 болмаса оны бірден ондық бөлшекке айналдыруға болмайды



Жазылым бойынша ұсыныстар

Өз идеяңызбен тиімді тәсіл ойлап шығара отырып,есептердің шыққан мәні бірдей болсын.



Алдынғы тақырып

Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырудың тәсілін біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2-минут


2-минут
4-минут

3-минут


«Ынтымақтастық атмосферасын» құру.

Мен мектептемін,мен сабақта отырмын,менің көңіл күйім жақсы,мен мұғалімді зейін қойып тыңдаймын,мен сабаққа дайынмын.

Сиқырлы қоржыннан асықтарды алу арқылы 4 топқа бөлінеді.

«Төрт қалпақ» -әдісі арқылы үй жұмысын екі шеңбер құрып бір-біріне қалпақта жазылған сұрақтарға жауап береді.

Өзара бағалайды.

Үй жұмысына берілген есепті,жеке бір оқушыны тұрғызу арқылы тексеремін.






Ортасы

3-минут


10-минут

5-минут
4-минут

5-минут
4-минут


»Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

1.Сіздер мұғалім тапсырма берсе бірінші ішінде не жайлы жазылғанын білу үшін не істейсіз?

Тақырыпты әр топқа бөліп беремін

1-топ. Ондық таңбалар дегеніміз не екенін түсіндіреді.

2-топ.Ондық бөлшектерді разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болатынын түсіндіреді.

3-топ.2,817 ондық бөлшегінде неше үлестері бар екенін түсіндіреді.

4-топ.Бөлімдері 10,100,1000 болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу түрлерін түсіндіріп, сол бойынша тақырыпты өздері ашады.

Басбармақ арқылы бағалау

Оқулықпен жұмыс.

№1223 тест ретінде әр топқа таратамын.

Жауабы бойынша жұптасып бағалайды.

№1224 оқушылардың барлығы жеке орындайды.

Смайлик арқылы бағалаймын.

№1227 Пирамида шыңына қай топ бірінші шығар.Сол топ шашудың тәттілерін жейді.

№1228 Сәйкестендіру тесті.

Топпен жұмыс.

Бір-бірлерін бағалайды.




Тест сұрақтары
Графикалық проектор.

Сәйкестендіру парағы.

Түрлі-түсті қарандаш.



Аяқталуы
2-минут



Үй жұмысы №1229

Рефлексия

1.Есеп шығаруға не жетпеді?

2.Сабақ барысында қиындықты жеңуге кім көмектесті?





Қосымша ақпарат




Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетүді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
АКТ-ны пайдаланамын кеспе қағаз,күрделі сұрақ,есеп беремін


Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Басбармақ

2.Смайлик

3.Өзара бағалау.

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

Интербелсенді тақта орыс тілі пәні,қазақ әдебиеті арқылы бағалау

Рефлекция сабақ/оқу мақсаттары шынайыма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныпта ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетүлер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бүгін оқушылар ондық бөлшек жайлы білді.

2.Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды білді.

3.Мен белгіленген уақыт бойынша кішкене ауытқулар болды,бірақ дәл уақытында аяқтадым.

4.Мен үлгерімі төмен оқушылармен көбірек жұмыс беру арқылы сабаққа деген ынтасын арттыруым керек.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:Оқушылар жаңа тақырыпты өздері оқып,өз оқығаны бойынша түсіндіргендігі.

2:Пирамида шыңына қай топ бірінші шықса,сол топ «Шашудың» тәттілерін жейді дегенде оқушылар алғырлықтарын көрсетті.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:»Миға шабуыл»-әдісі арқылы тақырыпты ашу.

2:»Төрт қалпақ»-әдісінде әдемі қалпақтары.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Үлгерімі төмен оқушылардан көбірек сұрасақ,сол балаларда талпынып,жаңа тақырыпты толық меңгермеседе,тақырып жайында біршама мәліметтер есінде қалады екен.


САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ШАБЛОНЫ.



САБАҚ: математика

Мектеп №61

Күні :16.02.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні:Каюпова П

СЫНЫП: 5

Тақырыбы: Есептер шығару.

Қатысқандар саны:

24

Қатыспағандар саны:2

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдаланып,тақырыпты толық игеру арқылы ойларын анықтайды,есептерді шығаруға үйреніп,практикада қолданады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ондық бөлшек пен жай бөлшектің айырмашылығы мен ұқсастықтарын біледі.Оқи отырып разрядтары бойынша жіктеп жазады.

Оқушылардың басым бөлігі

Бөлімдері 10,100,1000 разряд бірліктері болатын жай бөлшектерді оқи отырып орта деңгейлі есептерді шығарады.



Кейбір оқушылар

Күрделі есептерді шығарып,кері есептер құрастырады.



Тілдік мақсат

Оқушылар: ондық бөлшектердің бүтін бөлігін,ондық,жүздік,мыңдық үлестерін ажырата алады.

(істей) алады



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үлестер,разрядтар,бүтін сан,жай сан.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Разряд бірліктері бойынша берілген есептерді ондық бөлшек түрінде жазып,есептер шығарады.



Сіз неліктен ...... екенін айта аласызба?

Есептер шығару барысында үтірдің астына үтірді келтіріп барып қоспаса болмайтынын айта аласызба?



Жазылым бойынша ұсыныстар

Өз идеяңызбен тиімді тәсіл ойлап шығара отырып,есептердің шыққан мәні бірдей болсын.



Алдынғы тақырып

Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырудың тәсілін біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3-мину


3-минут

«Ынтымақтастық атмосферасын» құру.

«Тілектер бұрқасы»-әдісінде түрлі түсті қағазға бір тілектен жазып жоғары лақтырады,өздеріне ұнаған түсті алып сол бойынша төрт топқа бөлінеді.Әр топтан бір тілек оқылады.

.Үй жұмысына берілген есепті,жеке бир оқушыны тұрғызу арқылы тексеремін.





Ортасы
2-минут

4-минут


5-минут
3-минут

7-минут

10-минут

5-минут

«Әй,осы математика...» сайысы.

Бүгінгі ұранымыз:

2030-дың біз барысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз.

Өту жоспары:

1.Математика жайлы әңгімелер

2.Логикалық есептер

3.Мақал-мәтелдер сайысы

4.Есепке кім жүйрік?

5.Кім көп біледі?

6.Қорытынды.

1. Қазақтың қандай математиктерін білесіңдер?Басқада қандай елдердің ғалымдары математика жайлы зерттеген?

2. 4 топқа бірдей есептер таратамын

1.7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса,100 жұмыртқаның бағасы неше теңге ?

2.1т темір ауыр ма,әлде 1000кг мақта ауыр ма?

Өзара бағалайды.



3. Әркім өзіне сәйкес мақалды орындайды.

4. Әр топқа екі есептен беріледі.Топпен жұмыс.

0,1,2,3 Цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар.Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасы неге тең?

Өзара бағалайды.

Кім көп біледі?



5. Әр топқа 7 сұрақтан қойылады.

1.Санауда қолданылатын сандар?

2.Санның ең үлкен бөлгіші неге тең?

3.2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады?

4.Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

5.жай сандар кестесін жасаған кім?

6.1/2-ге кері сан?

7.Ғасырдың жартысы неше жыл?



5.» Математикалық диктант»-әр топқа есеп таратамын.

1-топ. 6,35 санын жай бөлшек түрінде жазады.

2-топ. 3,892 санын жай бөлшек түрінде жазады.

3-топ. 15/100 ондық бөлшек түрінде жазады.

4-топ. 46/1000 ондық бөлшек түрінде жазады.



Тест сұрақтары
Графикалық проектор.

Сәйкестендіру парағы.

Түрлі-түсті қарандаш.



Аяқталуы
3-минут



Үй жұмысы №1229

Рефлексия

«Менің сабақтан кейінгі әсерім»-кестесі



  1. Не түсіндім?

  2. Не ұнады?

  3. Не қиын болды?




Қосымша ақпарат




Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетүді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
АКТ-ны пайдаланамын кеспе қағаз,күрделі сұрақ,есеп беремін.


Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Басбармақ

2.Смайлик

3.Өзара бағалау

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.

Интербелсенді тақта.

Қазақ әдебиеті,ағылшын тілі

Рефлекция сабақ/оқу мақсаттары шынайыма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныпта ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетүлер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бүгін оқушылар ондық бөлшек жайлы білгендерін есептер шығаруда қолдана білді.

2.Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды білді.

3.Ондық бөлшектердің разряд бірліктері арқылы көптеген есептер шығарды.

4.Сайыс сабағы болғандықтан логикалық есептерді шапшаң шығарды.

3.Мен белгіленген уақыт бойынша кішкене ауытқулар болды,бірақ оқушыларды бағалап,журналға қоя алдмадым.

4.Мен үлгерімі төмен оқушылармен көбірек жұмыс беру арқылы сабаққа деген ынтасын арттыруым керек.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:»Тілектер бұрқасы» –әдісі.
2:Математикалық диктант
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
1:Бүгінгі тақырып есептер шығару болғандықтан,сайыс сабағын өтіп едім,оқушылар шапшаң есептерді таласып шығарды.
2:Логикалық есептерді күнделікті өмірмен байланыстырып түсіндіргені.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Егер оқушыларға дұрыс бағыт бағдар берсек,олар сол мезетте тез түсініп алатындығын білдім.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет