Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
6.2. Жеңіл атлетика 

 Жеңіл  атлетиканың  ішінде  жаттығулардың  бес  түрі  бар  спорттық  жүру, 

жүгіру,  секіру,  лақтыру  және  көп    сатылы  жарыс.  Олардың  әрқайсысының 

ерекшеліктері,  түрлері    бар.  Жеңіл  атлетиканың  жарыс  ережесіне  сәйкес 

ерлерге,  әйелдерге  және  жас  спортшыларға  арналған  арақашықтары  және 

жарыс өткізетін шарттары бар. 

Негізгі  жеңіл  атлетиканың  жаттығулары  Олимпиада  бағдарламасына, 

Әлем, 


Еуропа 

және 


Азия 

біршіліктріне, 

Ұлттық 

жарыстардың 

бағдарламаларына енеді.  

Жүру

 - адамнын, кәдімгі қозғалу әдісі. Спорттық жүрудің кәдімгі жүруден 

айырмашылықтары  өте  жылдам  жүруде,  өзгеше  техника  мен  үнемділік 

қимылда.  Спорттық  жүрумен  жүйелі  түрде  айналысатын    спортшыда    жүрек 

тамырлары,  демалу  және  организмнің  басқа  жүйелерін  белсендіреді, 

шыдамдылықты  шынықтырады, қайсарлықты, қайраттылықты, табандылықты,  

қиындықты  бастан    кешіруді,  кажығандық  пен  күресуге  үйретіп    тәрбиелейді. 



27 

 

Спорттық  жүру  жарыстары  стадионның  жолдарында,  кәдімгі  тас  жолдарда 



3.5.10.15.20.30.50 шақырым кашықтықта өтеді.  

 Спорттық  жүру  жарысына  қатысатын  спортшылар  белгілі  ережелерді 

қолдануы  міндетті.   

Жүгіру

  -

  жеңіл  атлетиканың  негізгі,  ең  басты  түрі.  Бүдан 

басқа,  жүгіру  жеңіл  атлетикаыың  ішіндегі  ұзындыққа,  биіктікке,  сырықпен 

және  үшдүркін  секіруде,  найза,  граната  және  доп  лақтыруда  қолданылады. 

Жүгіру деп өзгешелігіне байланысты, ол адамның ағзасында әр түрлі әсер етеді. 

Бақтың  ішінде, не болмаса орманда  жай,  ұзақ  жүгірудің  гигиеналық  мәні бар, 

денсаулықты  жақсартады.    Спринтерлік  жүгіру  жылдамдық,  күш-қуат 

қасиеттерді  дамытады.  Орта  және  ұзын  қашықтарға  жүгіру  -  ептілікті  және 

көтеріңкі  қозғалыс үйлестілікті дамытады. 

 Жүгірудің өзі бірнеше топқа белінеді. Тегіс /стадион жолдарында/ жүгіру, 

кедергіден өтіп жүгіру, эстафеталық жүгіру табиғи жағдайда. 

Жүгіру  ,/кросс/.  Өз  кезегінде  тегіс  жүгірудің  өзі  тағы  түрлі  топтамаларға 

бөлінеді: 

1. Кысқа қашықтыққа  жүгіру /30 метрден 400 метрге дейін/ 

2. Орта қашықтыққа жүгіру /500 метрдсн 2000 метрге дейін/ 

3. Ұзын қашықтыққа жүтіру - 3000 метрден 10000 метрге дейін 

4. Ұзын қашықтықтан аса жүгіру - 20.25.30 шақырым 

5. Бір, екі, сағат жүгіру  және марафондық жүгіру /42 шақырым 195 метр/. 

Кедергілерден өтіп жүгіру. 

Ол  стадион  жолдарында  50  метрден  400  метрге  дейін  қашықтықтарға 

өткізіледі /қашықтықта бір түрлі кедергілер бір қалыпты қойылады/ 

Эстафеталық  жүгіру

  -  бұл  командалық  жүгіру.  Бұл  топта  арақашықтық 

этаптарға бөлінеді.  

Эстафеталық жүгірудің мақсаты -. өте жылдам жүгіре келіп эстафетаны бір 

- біріне табыс етіп сөреден мәреге жеткізу. Этаптардың ұзындығы бірде  қысқа 

және  орта  қашықтықтарда    немесе  әр  түрлі    аралас  қашықтықтарда    болуы 

мүмкін.  

Эстафеталық  жүгіру  стадион  жолдарында.  кейде  қаланың  көшелерінде  

айналма, не болмаса жұлдызша эстафеталары  өткізіледі. 

Табиғи  жағдайда  жүгіру  /крос/

  -  15  шақрымға  дейін  арақашықтықта 

өткізіледі, бұл табиғи және басқа жаратылыс кедергілерден өтіп жүгіру.   Бұдан 

басқа елді мекеннің арасында өтетін дәстүрлі жарыстар болады /мысалы Тараз - 

Мерке, Құлан-Мерке/ т.б. 

Секіру.  

Жеңіл  атлеткада  секіру  ұзындыққа  және  биіктікке  секіру  болып  бөлінеді. 

Ұзындыққа  және  биіктікке  бір  жерден  немесе  екпінімен  секіруге  болады.   

Секіру  әр  түрлі  әдістермен  орындалады.  Мысалы  ұзындыққа  мынадай 

әдістермен секіру болады "аяқты бүгіп", "иіліп", немесе "қайшы". Биіктікке  — 

"аттап", "домалату", толықын, «аспалы» ,/алмалы, салмалы/, «фосбери - флоп» 

әдістермен  секіруге  болады.  -  Секріу  әдістерін  бірнеше  варианттары  бар. 



28 

 

Мысалы,  «домалату»  әдіспен  секіруді  тақтайшаның  сыртынан  сүнгіп,  немесе 



сүнгімей  -ақ  орындауға  болады.  Тақтайшаны  арқамен  немесе  бүйірмен  өтуге 

болады, күшті немесе әлсіз аяққа қонуға рұқсат. 



Үштеп  секіру  орындалуы

:  «Қарғу»,  «Қадам»  және  «Секіру»  бөлімдерден 

құрылады. 

Лақтыру

 

бұл    арнайы  құралдарды  итеру  жәке  тастау  жаттығулары. 

Лақтырудың нәтижесі метр, сантиметрмен, өлшенеді. Лақтыру қолдың бұлшық 

еттеріне, иық буындарына, кеудеге қысқа мерзімді, бірақ өте көп салуды қажет 

етеді. Жеңіл атлетика құралдары алысқа лақтыру үшін күштін, жылдамдықтың, 

ептіліктің  ең  жоғарғы  деңгейі  қажет.  Спортшы  бар  күшін  салып  лақтырады. 

Лақтырумен  шұғылдану  осы  маңызды  қасиеттерді  дамытудан  басқа,  дененің 

бар  бұлшық  еттерін  үйлесімді  дамытады.  Орындау  төсілдеріне  байланысты 

жеңіл атлетика да лақтыру үш түрге бөлінеді. 

1.Бастан асырып лақтыру /найза, граната/ 

2. Айналып лақтыру /диск, молот/ 

З. Итеріп лақтыру /ядро/ 

Лақтыруды  орындау  тәсілдерінің  ерекшелігі  снарядтардың  формасына 

және  салмағына  байланысты.  Жеңіл  құралдары  тура  жүгіріп  бастан  асырып, 

алысқа  лақтыруға  болады.  Тым  ауыр  құралды  айналып  лақтыру  ыңғайлы.  Ал 

мынадай  ядро  сияқты  арнайы  ұстайтын  жері  снарядтты  итеріп  лақтыруға 

болады. 

Көп сатылы жарысқа

 жүгірудің, секірудің және лақтырудың бірнеше түрі 

енеді.  Көп  сатылы  жарыстың  бірнеше  түрі  бар.  Мысалы,  үш  сатылы,  төрт 

сатылы, жеті сатылды, он сатылы жарыс болып бөлінеді. Көп сатылы жарыспен  

шұғылданып  жүрген  адамдарға  жоғары  талап  қояды.  Оған  техникалық 

шеберліктен  басқа  ептіліктің  жылдамдықтың  лақтырғыш  күші,  секіруші 

ырғағы,  кедергімен  жүгіруі  жоне  сырықпен  секіруші  батылдығы  орта 

қашықтыққа  жүгіруі  шыдамдығы  болуы  керек.  Көп  сатылы  жарыспен 

шұғылдану  жеңіл  атлетиканың  жеке  түрлерінен  арнайы  жаттығуларға  жақсы 

негіз  жасайды.  Көп  сатылы  жарыста  спортшының  жетістіктері  ұпайдың 

санымен арнайы кесте бойынша есептеледі. 

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы. 

60 м және 100 м жүгіру 

Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  –жылдам  жүгіретін  жаттығу,  берілген 

арақашықтыққа  барынша  қатты  жүгіру  керек.  Бұл  қашықтыққа  жүгірудің 

ерекшелігі аяқ барынша тез жұмыс істейді. 

Қысқа  қашықтыққа  жүгіру    төрт  бөлімге  бөлінеді:  сөре,  сөреден  кейінгі 

жүгіру, арақашықтыққа  жүгіру және жүгіруді аяқтау. 



Төменгі сөре.

 

Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін арнайы жүгіру колодкасын 

пайдаланады. Старт кезінде алдыңғы колодка старт сызығынан 1-1,5 табан, ал 

артқы  колодка  1,5  табан  артқа  қойылады.  Команда  бойынша  «Дайындал!» 

дегенде  жүгіруші  екі  аяғын  колодкаға  қойып,  бас  бармағы  мен  сұқ  саусағын 



29 

 

сызықтың бойына қояды. Екі қол тік, басты төмен түсіреді, 2-3 м алға қарайды, 



иық сызықтан алға қарай сәл өтіп, салмақты екі қолға түсіреміз.  

Команда  бойынша  «Дайындал!»  жайлап,    жамбасты    сәл  иық  көлемінен 

жоғары көтереді. 

Команда  бойынша  «Жүгір!»    -  дегенде  екі  қол  мен  аяқпен  бірдей  жүгіру 

төсенішінен  итереді. 

Сөреден  кейінгі  жүгіру.

   

Жылдамдықты  алу  үшін,  бірінші  6-8  қадамды 

еңкейіп  жүгіру  керек.  Жүгірген  кезде  аяқтың  арасын  ашып  жүгірудің  маңызы 

зор. 


Арақашықтыққа  жүгіру. 

Сөреден  бастағаннан  кейін  жүгірушінің  аяғы  мен  қолдарының  жұмысы 

тезірек жұмыс істеуі керек. 

Мәреге жету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет