Таяқ тартыс
Екі ойыншы бір-біріне қарап жерге отырады. Олардың созылған аяқтары
табандарымен тіресіп тұруы шарт. Ойыншылар қолдарын алға қарай созып,
саусақтарының ұшымен 80 см таяқшаны ұстап, тұлғасымен төмен иіледі. Белгі
берілген кезде қарсыласын өз жағына қарай тартып алуға тырысады. Кім тар-
тып ала алса сол жеңген болады.
Тәртібі:
1)
Ойыншылардың аяқтары алға созылып, бір-біріне тіреліп тұруы шарт.
2)
Аяқтардың арасын ашуға болмайдыц.
3)
Белгі берілген кезде бір уақыттатарту қажет.
4)
Тек қолдың күшімен және кеудені еңкейтіп қана тартуға болады.
5)
Тартыс кезінде қапталдап жатуға, қолымен немесе тұлғасымен жерге
жатуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |