Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Баскетбол ойыны туралы 

 

Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр 

командада  барлығы  12  адамнан,  ауыстыруға  шектеу  қойылмайды).  Әр  ко-

манданың  мақсаты  –  қарсыластың  торлы  шеңберіне  (себетіне)  қолмен  допты 

лақтыру  және  басқа  команданың  допқа  иелік  етулеріне  және  өздерінің  себет-

теріне  лақтыруға  кедергі  келтіру.  Себет  еденнен  3,05  м  биіктікте  орналасады. 

Жақын  және  орташа  қашықтықтан  лақтырылған  допқа  екі  ұпайдан,  алыс 

қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай есептеледі, айыптық 

лақтыру  бір  ұпаймен  бағаланады.  Баскетбол  алаңының  стандартты  өлшемі  – 

ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің 

бірі.   Баскетбол  Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  1936  жылдан 

(ойынды  ойлап  тапқан  Джеймс  Нейсмит  онда  қонақ  ретінде  қатысқан)  енген. 

Ерлер арасындағы баскетболдан әлем чемпитонаты — 1950 жылдан бері, әйел-

дер  арасында  —  1953  жылдан  бері,  Европа  чемпионаты  –  1935  жылдан  бері 

өткізіліп келеді. 

 Баскетбол  допты  тек  қолмен  ойнайды.  Допты  еденге  соқпай  жүгіруге, 

аяқпен тебуге, аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен ұруға тиым салына-

ды.  Байқаусызда  табан немесе  аяқ  тиіп  кеткен  болса  ол  ереже  бұзу  болып  са-

налмайды. 

Баскетболда жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда неғұрлым көп ұпай 

жинаған команда саналады. Негізгі уақытта ойын тең аяқталған болса овертайм 

белгіленеді (әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде оның аяғында тең түссе 

бір  команда  жеңімпаз  болмайынша  екінші,  үшінші  және  т.б  овертаймдар  бел-

гіленеді. 

Допты себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай сандар саналуы мүмкін: 

˗

 



1 ұпай – айыптық лақтыру 

˗

 



2  ұпай  –  жақын  немесе  орташа  қашықтықтан  лақтыру  (3  ұпайлық  сыз-

ықтың ішінен) 

˗

 

3 ұпай – үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м 24см) қашықтықтан 



Ойын орталық шеңберде даулы лақтырудан басталады, допты дауласушы 

бір жақ қағып жібереді. Екінші және үшінші, төртінші ойындар арасындағы де-

малу ұзақтығы – он бес минут. Үлкен демалыстан кейін командалар себеттерін 

ауыстырулары тиіс. 

Ойын  ашық  алаңқайда  немесе  биіктігі  7м  кем  емес  залда  өткізіледі. 

Қалқанның  өлшемі  180х105  см.  Қалқанның  астынғы  шеткі  нүктесінен  еденге 

немесе  топыраққа  дейін 290 см болуы тиіс. Себет  металлдан  жасалып,  сақина 

тәрізді болады, түбі жоқ тормен жан-жағы тартылады. Еденнен 3,05м деңгейде 

орналасады.  FIBA  стандарттарымен  ерлер  жарыстары  үшін  доптың  ауқымы  – 

74,9 –  78  см, массасы –  567  – 650  г, әйелдер  жарыстары үшін  –  72,4  – 73,7  см 

және 510 – 567 г бекітілген. 

˗

 



аут – доп алаң сыртына шығып кетеді; 

˗

 



жүгіріп өту – допты бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы аяқ алуды 

ережеде бекітілгеннен асырып жіберу; 




39 

 

˗



 

допты алып жүруді бұзу – допты екі қолмен олып жүру; 

˗

 

3 секунд – шабуыл аймағында оның командасы допқа иелік еткен уақытта 



жабуылшы  жақтың  ойыншысы  қарсыластың  «бояуында»  (шеңбердің  астындағы 

тікбұрышты аймақ) үш секундтан артық болса; 

˗

 

5 секунд – ойыншы лақтыруды орындау кезінде доптан бес секунд айы-



рылмай қойса; 

˗

 



Тығыз қамқорлықтағы ойыншы – тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд 

ішінде доп бере алмайды және шеңберге допты лақтыра алмайды; 

˗

 

8 секунд – тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген команда алдыңғы ай-



маққа 8 секунд ішінде допты шығармаса;  

˗

 



24  секунд  –  команда  допқа  24  секунд  иелік  етіп  шеңберге  допты 

лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестір-

леді. Осыдан кейін шабуылдаушы команда шабуылдаудағы таңдауға және тағыда 

24 секундқа ие болуға құқылы. Егер фоль  алса немесе қорғанушы команда тәртіп 

бұзса  (доптың  алаң  сыртына  шығып  кеткенін  есептемегенде)  немесе  ойынды 

басқада  себептермен  тоқтатқан  жағдайларда  жабуылдаушы  команда  келесілерге 

құқылы болады: 

˗

 



жаңа 24 секундқа ие болады, егер лақтыру допқа иелік етуші команданың 

қорғаныс аумағында орын алса;  

˗

 

уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд қалған сәттен жалғастырыла-



ды;  

˗

 



жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік етуге 13 немесе секунд қалса; 

˗

 



қорғаныс аумағына допты қайтаруды бұзу – шабуылдау аумағында допқа 

иелік етуші команда оны қорғаныс аумағына ауыстырса. 

Фол – бұл ережелерді сақтамау, дербес жақындау немесе спортқа тән емес 

қылықтар  көрсету.  Фол  түрлері:  дербес  –  қарсыласпен  жақындасу  кезіндегі 

ойыншы  фолы,  техникалық,  екі  жақты,  спортқа  тән  емес,  дисквалифиция-

лаушы. 


Ойында  5  дербес  фол  (ҰБҚ  6  фол)  немесе  спортқа  тән  емес  фол  алған 

ойыншы  ойын  алаңынан  аластатылады  немесе  ойынға  қатыстырылмайды 

(бірақта оған запастық орындықта қалуға рұқсат етіледі). 2 техникалық ескерту 

немесе  дисквалифициялаушы  фол  алған  ойыншы  алаңқайдан  аластатылады 

және  ойын  өтіп  жатқан  орынды  тастап  кетуі  тиіс  (ойыншыға  запастық 

орындықта қалуға рұқсат етілмейді). 

Ойын кезінде мынадай әдіс-тәсілдер іске асырылады:  

1) Орын ауыстыра білу;   

2) допты беру мен қағып алу;  

3) Допты ыршытып алып жүру; 

4) Допты торға лақтыру; 

Жастар көбнесе кіші баскетбол ойынын ойнайды. Кіші баскетбол - әдеттегі 

баскетболдың  қысқартылған  түрі.  Бұл  ойында  жеңіл  доп  қолданылады,  тор 

ілінген қалқанның биіктігі аласыртылады, ойын алаңының аумағы қысқартыла-

ды.  Кез-келген  тәсілді  орындау  ойыншының  тік  тұрған  қалпынан  басталады. 

Баскетболшы екі аяғын иықтың көлеміндегі қалыпта қояды. Бұл кезде дененің 




40 

 

салмағы  екі  аяққа  бірдей  түседі.  Екі  қолы  шынтақтан  бүгіліп,  кеуде  тұсында 



ұсталады.  Осындай  қалыпта  болу  ойыншының  алаңды,  өзге  ойыншыларды 

жақсы көруіне, қажетті бағытқа жылдам орын ауыстыруына, кез-келген тәсілді 

оңай орындауына мүмкіндік береді.  

 Секірудің  екі  тәсілі  бар:1-  екі  аяқпен  бірдей  серпіле  секіру.  2-бір  аяқпен 

серпіле секіру. Екі аяқпен серпіле секіру бір орнында тұрып орындалады: тізені 

бүгіп, екі қолды сәл артқа жіберген қалыптан жоғары қарай  екі аяқпен бірдей 

жерден серпіле секіру. Бұл кезде кеудесін тез жазып, екі қолын жоғары әрі алға 

қарай  сілтей  көтереді.  Бір  аяқпен  серпіле  секіру-  жүгіріп  келе  жатқан  бетте 

орындалады.  Секірудің  алдындағы  соңғы  адым  алдыңғыға  қарағанда  біршама 

кеңірек болады. 

Секірудің екі тәсілі де жерге екі аяқтың арасы алшақ, тізе бүгілген қалыпта 

түсу керек.  

Тоқтау  –белгілі  бір  бағыттағы  қозғалысты  кенет  тоқтатуға  мүмкіндік  бе-

ретін тәсіл. Тоқтаудың 2 түрі бар.1-2 аяқпен, 2-1аяқпен тоқтау. 

Бұрылу  допты  алу  үшін  ойыншылар  бір  жерге  топтаса  қалғанда,  допты 

алып  келе  жатқан  немесе  допқа  ең  жақын  тұрған  ойыншы  оны  өзгелерден 

қалқалау үшін қолданылады. Бұрылудың алға бұрылу және артқа бұрылу дей-

тін 2 тәсілі бар. 

Допты беру-серіктес ойыншылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін 

негізгі тәсіл. Сенімді түрде және дәл беру-өзара жақсы іс-қимылдық нәтижесін-

де іске асады. 

Допты 2 қолмен ұстау. Ұшып келе жатқан допты мүмкіндігінше қарсыла-

сыңнан бұрын ұстау керек. Бұл үшін баскетболшы бойын тіктеп, доптың үшып 

келе  жатқан  бағытына  қол  созады.  Допты  шынтақты  бүге  беріп  саусақтың 

ұшымен ұстайды да,оны жеңіл қимылмен денеге қарай жақындатады. Осымен 

бір мезетте 2- тізе бүгіліп, баскетболшы бастапқы қалыпқа келеді. 

Допты 1 қолмен ұстау кезінде ұшып келе жатқан допқа бір қолды ғана со-

зады.  Қолдың  жазылған  саусақтары  алға  және  сәл  ішке  бағытталады.  Доп 

саусақтардың ұшына тиген бойда оның екпінін бәсеңдету үшін қолды бүге қою 

керек.  Ал  допты  түсірмей  ұстап  қалу  үшін  алақанды  жеңіл  ғана  жоғары  бұру 

қажет. 

Допты бір қолмен жоғарыдан беру кезенде доп бастың деңгейінен жоғары 

көтерілге қолда болады. Доп қолдың шынтақ буынын жазумен және саусақтар-

мен қосымша серпу арқылы беріледі. 

Допты  алып  жүру-алаңда  ойыншының  орын  ауыстыруына  мүмкіндік  бе-

ретін  тәсіл.  Ол  қалқандағы  торға  доп  жеткізу,допты  қауіпті  аймақтан  алып 

шығу кездерінде қолданылады. 

Допты  алып  жүру  кезінде  ойыншы  оны  саусақтарымен  жерге  ұра 

ыршытып  алға  ұмтылады.  Допты  алып  жүрудің  екі  тәсілі  бар.Жай  ыршытып 

алып жүру және мықын денгейіне дейін ыршытып алып жүру.Допты ыршытып 

алып жүру кезінде баскетболшының 2 аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, 

допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады. 




41 

 

Допты  алақан  және  саусақтардың  ұшымен  жерге  итере    жүріп  ұшырады. 



Допты  алып  жүру  ойыншының  қозғалу  бағытымен  байланыстыра  жүргізіледі. 

Допты оң қолмен де, сол қолмен де,  алып жүруге болады. Допты алып жүрген-

де адымды кең ашып, баяу жүгіруге де болады. 

Допты  2-қолмен  кеуде  тұстан  торға  лақтыру  көп  жағдайда  бір  орында 

тұрғанда орындалады және 6 м немесе одан да қашық жерден торға лақтыруға 

тиімді тәсіл болып есептеледі. Допты кеуде тұсына лақтыру үшін алғашында 1 

аяқты  тізе  бүгілген  қалыпта  аздап  ілгері  қойып,  допты  кеуде  деңгейінде  қос 

қолмен ұстап тұрады. Тізені тіктеумен бір мезетте қол да алға қарай жазылып, 

доп торға доға жасай бағытталып лақтырылады. 

Допты екі қолмен бастан жоғары деңгейден лақтыру орташа қашықтықта 

қолданылады. Мұнда да бүгілген тізені тіктеумен бірмезетте қол алға қарай жа-

зып, доп бағытталып лақтырылады. 

Баскетболшы мазмұны мен негізгі ережелері. 

Әр ойынға 20 минут уақыт беріледі.20 минутта ойын  2 рет ойналады .Әр 

камандада  5 ойыншы ойналады және олардың қосалқы ойыншылары болады. 

Төреші 2 команданың алдында допты жоғары лақтыру арқылы  ойынға қосады. 

Ойыншы  допты  ойын  барысында  торға  -2  ұпай,  айып  допын  лақтырғанда  

түсірсе  1  ұпай  алады  .Ойыншы допты  ойын барысында  торға  түсірсе  -2  ұпай, 

айып добын лақтырғанда түсірсе 1 ұпай алады . 

Допты  ұстап  жүгіруге  болмайды.  Қолына  доп  тиген  ойыншы    оны  жерге 

ұрмай  2-  ақ  адым  аттай  алады.  Одан  кейін  ол  допты  өз  командасының  бір 

ойыншысына беруге  болады. 

 

Баскетбол ойынындағы төрешілер алқасы және олардың міндеттері. 



Баскетбол  ойынындағы  төрешілер  алқасын  бекіту.  Төрешілер  алқасы  әр 

ойынға  төрешілер  тағайындайды.  Баскетбол өткізуден бұрын  төрешілер  алды-

мен  қажетті  ұйымдастыру  мәселесі  жөніндегі  сұрақтарды  шешіп  алу  керек. 

Бекітілген төрешілер алқасы жарыс өткізуде, жарыстың шартын негізге алады. 

Барлық жауапкершілік бас төрешіге жүктеледі. Мысалы, жарыс орнының таза-

лық  мөлшерінің  сақталуы,  ойынға  төрешілерді  бекіту,  жарысқа  қатысушылар-

дың құжаттарын тексеру және т. б. Бас хатшы жұмысы – жарысқа қатысты бар-

лық құжаттарды реттеу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет