35
6.3. Президенттік көпсайыс
Қазақстан Республикасы Үкметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы №
774 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы халықтың дене
тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы
ЕРЕЖЕ:
Президенттік сынамалар ұғымы.
Президенттік сынамалар – бұл бақылаулық мөлшерлер арқылы халықтың
оқуға, еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының және жастардың әскери
қызметіне даярлығының жалпы деңгейін анықтайтын жаттығулардың
жиынтығы.
Президенттік
сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының,
жастарының және ересек халқының дене тәрбиесі даярлығына қойылатын
мөлшерлік талаптардың негізі болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері.
Президенттік сынамалардың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау,
халықты дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту,өз
денсаулығын және өмірдің әртүрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының
деңгейін айқындауға оның қажетін қанағаттандыру.
Президенттік сынамалардың міндеттері – дене тәрбиесінің жай-күйі мен
дене шынықтыру жаттығулары әдістерімен халықтың сауығуын, жастардың
оқуға, еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып
табылады.
Президенттік сынамалардың құрылымы.
Халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары
күштілікті, шыдамдылықты, шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың
жеті түрін қамтиды.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене
тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен – Президенттік деңгей мен ұлттық
даярлық деңгейінен тұрады.
1. президенттік деңгей жан-жақты дене тәрбиесі даярлығы бар дені сау
адамдар үшін даярланған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да,
тұрғылықты жері бойынша да, спорттық секцияларда, топтарда, командаларда
дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін
арналған.
23 жастан асқан халық үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын
Президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым
сенімді тәсіліндей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге
/2400 м/ жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: