37
2.
Тұрған орыннан ұзындыққа секіру кез-келген тегіс жерде өткізіледі.
3.
Биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты
еденге тигізбей орындалады. Керме мойыннан иек жоғары өткен болса,
жаттығу орындалған болып есептеледі. Асылып тұрған қалыпта 5
секундтан артық дем алуға немесе шайқалып тұруға рұқсат етілмейді.
4.
Шалқалап жатқан қалыпта кеудені көтеру аяқ тізеден 90 градус бұрышқа
бүгіліп, қолдың саусақтары иыққа ұсталып, табаннан әріптестің ұстап
тұруымен орындалады.
5.
Ату ТОЗ – 8 немесе ТОЗ-12 үлгідегі шағын оқпанды винтовкадан таянып
жатқан қалыпта немесе қолмен бауын кере қолданумен №6-б нысана
бойынша 25 метрлік немесе №7 нысана бойынша 50 м қашықтықта
өткізіледі.
Иж-38 үлгідегі пневматикалық винтовкадан ату-тік таянып тұрған
қалыпта столға не тіреуге сүйеніп №8 нысана бойынша 5м. қашықтықта
өткізіледі.
Атыстар: 3 байқаулық, 5 есептелетін. Ату уақыты 15 минут.
6.
Шаңғымен жүгіру шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі
ара қашықтықта ауа температурасы 15/0/С
төмен болмаған кезде
өткізіледі.
7.
Қол добын лақтыру кез-келген тегіс алаңда 200 см биіктікке орналасқан
Көлемі 100х100 см қалқанға лақтырумен өткізіледі.
6.4. Баскетбол
Баскетбол (ағылшын basket-«тор», ball-«доп»)-спорт ойыны. Ойын
ережесін 1891 жылы АҚШ-тағы Спрингфилд колледжінің анатомия пәнінің
оқытушысы доктор Нейсмит жасаған. Баскетбол ашық алаңда, спорт залда, 26
x 14 метр алаңда ойналады. Биіктігі 305 см қалғанға тор бекітіледі. Ойынға 5
кісіден 2 команда қатысады. Ойынның мақсаты-допты қолмен лақтырып торға
түсіру, қай команда ұпайды көп алса, сол ұтқан болып есептеледі.
Баскетбол добы
Баскетболшы киімі