Өндірістік жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары Өндірістік жабдық конструкциясының материалдары барлық жұмыс режимдерінде және пайдаланудың көзделген жағдайларында адам организміне қауіпті немесе зиянды әсер етпеуі, сондай - ақ өрт-жарылыс қауіпті жағдайларды тудырмауы тиіс.
Өндірістік жабдықтың конструкциясы жұмыстың барлық көзделген режимдерінде жұмыс істеушілерге қауіп төндіретін бұзылуды тудыруы мүмкін бөлшектер мен құрастыру бірліктеріне жүктемені болдырмауы тиіс.
Өндірістік жабдықтың жарақат алу қаупінің ықтимал көзі болып табылатын қозғалмалы бөліктері жұмыс істеушінің оларға қол тигізу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп қоршалуы немесе орналасуы немесе жарақаттанудың алдын алатын басқа да құралдар пайдаланылуы тиіс. Қорғаныс құрылғылары мен қоршауларға қойылатын талаптар ГОСТ 12.4.125-83 және ГОСТ 12.2.062-де, оның ішінде қоршау, құлыптау, тежегіш, сигнал беру құрылғылары мен қашықтан басқару құрылғыларында көрсетілген.
Жабдықтың қозғалмалы бөліктерінен пайда болған қауіпті аймақтардың (қысу, кесу, қармау, тарту аймақтары) қоршаулары, сондай-ақ арнайы бояуы және қауіпсіздік белгілері болуы тиіс.
Қызметкерлерге қойылатын талаптар Көтергіш-көлік жабдығына қызмет көрсететін адамдардың басқару құқығына куәлігі болуы тиіс. Қауіпті және аса қауіпті жүктерді тиеуге-түсіруге жіберілетін адамдар кейіннен аттестаттала отырып, еңбектің қауіпсіз әдістеріне арнайы оқытудан өтуге тиіс. Жүктерді Ілмектеуге жіберілетін адамдар ілмектеуші мамандығы бойынша оқытылуы және аттестатталуы тиіс. Жанғыш сұйықтықтарды, күйдіргіш және улы заттарды, сұйытылған газдарды тасымалдауға, тиеуге және түсіруге арнайы оқытылған қызметкер басшылық жасауға тиіс.
Жүк көтергіш крандарды қадағалау жөніндегі Инженер 3 жылда кемінде бір рет білімін тексеруден өтуі тиіс. Жүк көтергіш машиналарды басқаруға жасы 18-ден кем емес, арнайы оқытудан өткен және тиісті куәлігі бар адамдар жіберіледі. Еденнен жүк көтергіш машиналарды басқаруға (радио арқылы басқарылатын крандардан басқа), сондай-ақ осындай машиналардың ілмегіне жүктерді ілуге осы машиналарды пайдаланатын басқа кәсіптердің жұмысшылары жылына кемінде 1 рет өткізілетін нұсқаудан кейін рұқсат етілуі мүмкін.