Казахстан



Pdf көрінісі
бет4/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Электроэнцефалография.
Мидың 
электропотенциалын 
зерттеу әдісі. Басқа орнатылған электродтардың көмегімен 
жасалынады. Потенциал тербелістерін сия жазғыш аспап 
козғалғыш қағаз таспаға тіркеп отырады. Электроэнцефалография 
ми ісіктерінде, бассүйек ішілік қан құйылуда, эпилепсия және 
басқада ми ауруларында өзіне тән клиникалық симптоматиканы 
бейнелейді. Бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы жалпы мидың 
диффузды өзгерістерімен көрінеді. 
ЭЭГәдіci бойынша, мида патологиялық үрдістің бар екенін
орналасуын, динамикасын, сипатын айтып беруге болады. 
Потенциал тербелістерін көзбен көргеннен басқа, ЭЭГ 
нәтижесін компьютерге салып математикалық-статистикалық 
талдау үщін қолдануға болады. Карапайым ЭЭГ-мен мидың 
зақымдалу ошағын анықтай алмаған жағдайда осы әдісті қолдануга 
болады. 
Эхоэнцефалография.
Ультрадыбыстық локацияның көмегі – 
мен бассүйекішілік қалыпты және патологиялық түзілістердің 
кеңістік орналасуын анықтау әдісі. Физикалық сипаттамасы дыбыс 
толқындары сияқты. Жиілігі құлақ қабылдау мүмкіндігінен жоғары 



толқындарды – ультрадыбыс деп атайды. Бұл әдіс, ультрадыбыс- 
тың әpтүpлi акустикалық қасиеті бар 2 ортадан шағылысу 
кұбылысына негізделген. 
Зерттеуді арнайы аппарат – эхоэнцефалографтың көмегімен
жүргізеді. Бассүйек ішілік іciктep мен басқа да көлемді түзілістерді 
анықтауда, мидың орта кұрылысынан: ІІІ-шi карынша, эпифиз, 
мөлдір перде және т.б. шағылыскан "М-жаңғырық" – деп аталатын 
сигналдың маңызы зор. Қалыпты жағдайда ол дәл орта сызыктың 
бойында орналасады, сондықтан да М-жаңғырықтың осы жерден 2 
мм-ге ауытқуын патологиялық үрдістің: ісік, абсцесс, гематоманың 
осы жарты шарда орналасқанын көрсетеді, басқа да мәліметтер 
болса, онда мидың 2 мм-ден аз ауытқуы да ескеріледі. 
Ми жарты шарының ісігінде бұл әдicтiң дәлдігі адекватты 
қолдану шегіне қарай 100% болады. М-жаңғырықтың формасының 
кеңеюі, шынының айқын екіленуі Ш-ші карыншаның гидро- 
цефалиясын көрсетіп, сонымен қатар (басқа белгілері болса) 
этиологиясы бойынша ісіктік немесе ісіктік емес окклюзиялық 
гидроцефалияны дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет