Казахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серия «гуманитарно-педагогическая»



бет14/18
Дата02.05.2018
өлшемі3,96 Mb.
#40400
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ИНДЕКАТОРЛАРЫ

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Тұрақты дамуға өту экологиялық фактордың негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер жүйесіне қосылуын қажет етеді. Ғаламдық және ұлттық деңгейлерде тұрақты дамудың индикаторларын әзірлеп және есепке алу арқылы бұған қол жеткізуге болады. Олар тұрақты дамудың халықаралық және ұлттық бағдарламаларында, экономика дамуының жоспарлары мен бағдарламаларына, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әрекеттер жоспарына қосылуы керек.

Қазіргі бар дәстүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер (ішкі жалпы өнім (ІЖӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), тұрғындардың жан басының табысы) даму мен өсуді бағалағанымен экологиялық күйзелуді елемейді. Осы көрсеткіштердің өсуі қазіргі кезде техногенді табиғи көлемді дамуда қордалануы мүмкін. Осылайша болашақта табиғи ресурстардың тозып, қоршаған орта ластанған жағдайда экономикалық көрсеткіштер бірден нашарлап кету мүмкіндігі туындайды.

Әлемнің көптеген елдері үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де дәстүрлі экономикалық көрсеткіштерге бағыт ұстау жақын уақыттарда кері салдарын әкелуі мүмкін. Біршама асыра сілтей отырып, жер қойнауынан мұнай мен газ алып, беттік тәсілмен кен мен көмір өндіріп, ормандарды кесіп, жердің жүктемесін арттырып, арзан «лас» технологияларды пайдалана отырып, осы көрсеткіштердің жылдам өсуіне қол жеткізуге болады (сондай-ақ әлеуметтік- экономикалық дамуда ресми прогресске қол жеткізуге). Өкінішке орай бұл жағдайлар белгілі - бір дәрежеде қазір де болып жатыр. Көптеген энергетикалық және аграрлық бағдарламалар, пайдалы қазбаларды өндіруді арттыруға бағыт ұстау ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) арттыруы мүмкін. Дегенмен мұндай курстың төтенше кері экологиялық салдары да айқын [1].

Белгілі американдық экономист - эколог Г.Далидың пікірінше, әзірше адамзат игілігінің өлшемі дәстүрлі макрокөрсеткіштер болып қалуда, «өзгерістер жолында ауқымды кедергілер болады. Нарық тек тиімділікті көреді, ол әділдікті немесе тұрақтылықты сезуге икемделмеген».

Экономикалық даму мен прогресстің көрсеткіштеріне экологиялық түзетулер қажет. Табиғаттың техногенді шешімдермен күресуіндегі «бәсекеге қабілеттілікті» жоғарлату керек. БҰҰ-ның Рио – де - Жанейродағы (1992) конференциясында маңызды шешім қабылданды. Сол шешімге сәйкес, қатысушы 179 елдер экологиялық және әлеуметтік факторларды есепке алып, табиғи ресурстарды есепке алудың сателлитті жүйесін қалыптастыру үшін ұлттық статистиканы жетілдіруге келісті.


  • Тұрақтылықтың индикаторлары келесі негізгі критерийлерді қанағаттандыру керек:

  • Макродеңгейде ұлттық масштабта пайдалану мүмкіндігінің болуы;

  • Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерді үйлестіру;

  • Түсінікті болу және шешім қабылдаушы тұлғалар үшін біртекті интерпритацияға ие болу;

  • Сандық мәнге ие болу;

  • Қолда бар ұлттық статистикаға сүйену және ақпарат жинау мен есептер үшін айтарлықтай шығындарды талап етпеу.

  • Халықаралық қатарластырып қоюлар үшін репрезентативті болу;

  • Уақыттық динамикада бағалау мүмкіндігіне ие болу;

  • Саны шектеулі болу.

Халықаралық ұйымдар мен жекелеген мемлекеттерге көрсеткіштері күрделі жүйеде болатын тұрақты дамудың критерийлері мен индикаторларын ұсынады. Тұрақты даму индикаторларын әзірлеу ақпараттың үлкен мөлшерін талап ететін айтарлықтай кешенді және қымбат тұратын процедура болып табылады. Ал оған қажетті ақпараттарды алу күрделі не мүлдем мүмкін емес.

Мысалы: көптеген экологиялық параметрлер бойынша екі жолды бөлуге болады:

1) негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың дәрежесі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін интегралды, агрегатталған индикаторды құру. Агрегаттау әдетте үш көрсеткіштер тобы негізінде жүзеге асады:

Экология- экономикалық;

Эколого - әлеуметтік- экономикалық;

Экологиялық.

2) әрқайсысы тұрақты дамудың жекелеген аспектілерін көрсететін индикаторлар жүйесін құру. Көбінше жалпы шеңберінде көрсеткіштердің келесі жүйешелері бөлініп шығады:

Экономикалық;

Экологиялық;

Әлеуметтік;

Институционалдық.

Интегралды эколого - экономикалық индикаторлардың бар болуы макродеңгейде елдің дамуындағы экологиялық факторларды ескеру көзқарасы бойынша алып қарағанда, шешім қабылдайтын тұлғалар үшін маңызды болып табылады. Осындай бір көрсеткіш бойынша елдің тұрақтылық деңгейін даму траекториясының экологиялылығын бағалауға болар еді. Яғни бұл көрсеткіш ішкі жалпы өнімнің, ішкі ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың өзінше бір ұқсастығы болар еді. Осы көрсеткіштер бойынша қазір көбінде экономикалық дамудың, экономикалық игіліктің табыстылығын өлшейді. Алайда әдіснамалық және статистикалық мәселелерге байланысты, әлемде жалпы мойындалған интегралды индикатор әлі жоқ.

Сонда да бұл саладағы конструктивті жолдары айтарлықтай белсенді әзірленуде. Тұрақтылықтың агрегатталған индикаторын жасаудың интегралды жолы БҰҰ-мен Бүкіләлемдік банктің құрылымдарын әзірлеуде біршама толық жүзеге асырылған. Осы аталған халықаралық ұйымдар экологиялық факторларды ұлттық есептерге, ұлттық байлық көрсеткіштеріне қосуға мүмкіндік беретін әдістемелер ұсынды.

«Жасыл» есептер дәстүрлі экономикалық көрсеткіштерді екі мөлшердің есебінен туралаумен қалыптасады: табиғи ресурстардың тозуы құндық бағалау және ластаудың эколого - экономикалық зияндығы. Ұлттық есептердің экологиялық трансформациясы негізінде келесі көрсеткіш те бар - экологиялық бейімделген таза ішкі өнім (ЕДР- Еnvinonmentally adjusted net domestic product). Бұл көрсеткіш екі кезеңде болатын таза ішкі өнімді туралаудың нәтижесі болып табылады. Ең алдымен таза ішкі өнімнен (NDP) табиғи ресурстардың тозуының (DN) құндық бағасы есептеп шығарылады - ормандарды кесу, мұнай, минералды ішкі заттар өндіру. Сосын шыққан көрсеткіштен ауаның, судың ластануы, қалдықтардың орналасуы нәтижесінде орын алатын экологиялық залалдың (ЕД) құндық бағасы есептеліп шығады.

Осы әдістеме негізінде жекелеген елдер бойынша жүргізілген есептеулер дәстүрлі экоромикалық көрсеткіштер мен экологиялық реттелген көрсеткіштердің арасындағы ауқымды айырмашылықтарды көрсетті. Алдын - ала бағалаулар бойынша экологиялық бейімделген таза ішкі өнімнің мөлшері орташа алғанда ішкі жалпы өнімнің шамамен 60-70%-ын құрайды. Сонымен қатар әлемнің көптеген елдері үшін ресми экономикалық өсу кезінде экологиялық күйзеліс болып және экологиялық реттеу дәстүрлі экономикалық көрсеткіштердің олардың өсуінің кері мөлшеріне дейін қысқаруына алып келуі өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі таңда экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің әлем мен жекелеген елдерде кеңінен пайдаланылуына әдәстемелік сипаттағы бірқатар жағдайлар, ақпараттың жетіспеушілігі, экологиялық мәліметтерді құндық мәліметтерге аудару қиындықтары кедергі келтіруде. Нақты есептер табиғи ресурстардың тозуын, экологиялық заланды құндық есептеу шығаруға, ластанудың денсаулыққа және уақыт бойынша ресурстардың өнімділігіне ықпалын есептеуге, уақыт факторын есептеумен байланысты көптеген қиындықтарға ұшырасады. Сондықтан да «Жасыл» есептердің әдістемелік статистикалық қоры белсенді әзірленуі жалғасуда [2].

Тұрақты дамудың тиімді интегралды индикаторы «шынайы жинақтардың» көрсеткіші бола алады (qenuine (domestic) savinqs). Бұл көрсеткішті Бүкіләлемдік банктің мамандары әлем елдері үшін ұсынып отыр.

Шынайы жинақтар - табиғи ресурстардың тозуы мен қоршаған ортаның ластануының залалын тиісті есептегеннен кейін ұлттық жинақтардың жинақталуының нақты жылдамдығы. Бұл көрсеткіш жалпы ішкі жинақты, яғни жалпы жинақты реттеудің нәтижесі болып табылады. Дәстүрлі макроэкономикалық көрсеткіштермен салыстырғанда шынайы жинақтарды бағалау табиғи ресурстардың біршама кең есебін, есептердің жақсарған мәліметтерімен әдістерін, соның ішінде адамдық ресурстарды ескеруді қосады. Тұрақты даму саясаты үшін шынайы жинақтарды өлшеудің маңызы айтарлықтай анық: шынайы жинақтардың ұдайы кері темптері дамудың анти - тұрақты типінің қалыптасатындығын көрсетеді және игіліктің бұзылуына әкеліп соқтыруынан қаша алмаймыз. Саяси қызметкерлер тұрақты дамудың шынайы жинақтар темпінен байланысы тұрақтылықтың күшеюіне әсер етудің макроэкономикалықтан бастап экологиялық өлшемдерге дейін көптеген тәсілдері бар екендігін білдіреді.

Шынайы жинақтар экономикалық көрсеткіштерді ретімен туралаудың нәтижесі болып табылады. Осы орайда туралау екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде жалпы ішкі жинақ (GDS) пен физикалық капиталдың құнсыздану мөлшері (CFC) арасындағы айырмашылық ретінде таза ішкі жинақтардың (NDS) мөлшері анықталады. Екінші кезеңде таза ішкі жинақтар табиғи ресурстардың түзілу шығынының (EE) мөлшеріне артады және табиғи ресурстардың тозуы мөлшері (DN) мен қоршаған ортаның (ED) азаяды.

«Тірі планетаның» агрегатталған индексі (hivind Planet Jndex) планетаның табиғи экожүйесінің ахуалын бағалауға арналған және Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорында есептеледі (Wald Wild Fund). Сондай-ақ айтарлықтай конструкцияланған «экологиялық із» көрсеткіші де әзірленген.

Тірі Планета индексі (ПТИ) ормандардың, су және теңіз экожүйелерінің табиғи капиталын өлшейді және үш көрсеткіштің орташасы ретінде есептеледі: ормандағы, су және теңіз экожүйелеріндегі жануарлардың саны әр көрсеткіш экожүйедегі ағзалардың біршама көп іріктелсе популяцияларының өзгерісін көрсетеді. Ормандық экожүйелер бойынша есептік көрсеткіш жануарлардың 319 түрін қосады және 1970-2010 жылдар арасында 12%-ға төмендегенін көрсетеді, су экожүйелері бойынша 191 түр және 50%-ға төмендеген, теңіз экожүйелері бойынша – 21 % түр және 35 %-ға төмендеу. 1970-ші жылдары адамзат ғаламдық масштабта қалпына келуші мүмкіндіктердің шеңберінен шығып кетті. Бұл табиғи капиталдың тозуының себебі болып табылады және соңғы 30 жылда тірі планета индексінің 35% ға төмендеуінде көрінеді [3].

«Экологиялық із» көрсеткіші тұрғындардың азық пен материалдарды жердің және теңіз алаңының биологиялық өнімділігі эквивалентінде тұтынуын өлшейді. Ол алаңдар осы ресурстарды өндіруі түзілген қалдықтарды сіңіру үшін қажет, ал энергияны тұтыну – СО2 тиісті қалдықтарының абсорбциясына қажетті эквивалентті алаңда. 1970-2010 жылдар арасында экологиялық із 50%-ға өсті немесе жылына 1,5%. Бір адам басына келетін экологиялық із алты қоспаның сапасын береді, адам тұтынатын дәнді-дақылдарды өсіруге арналған егістік аумағы, мал өнімдерін өндіруге қажетті жайылым аумағы, ағаш пен қағаз өндірісіне қажетті орман алаңы, балық және теңіз өнімдерін өндіруге арналған теңіз аумағы, баспана және инфрақұрылым салынған аумақ.

СО2 қалдықтарын абсорбциялауға арналған орман алаңы. Әлемнің дамыған елдері арасындағы орташа тұтынудың экологиялық ізі жан табысы төмен елдердің тиісті тұтыну көрсеткішінен 4 есе асып түседі [4].

Экологиялық із әдісі қоғамның табиғатқа түсіретін нақты қысымын салыстыруға және табиғи ресурстардың болашақ қоры тұрғысынан мүмкін болатын запастарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Тұрақты дамудың жекелеген аспектілері – экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін көрсететін тұрақты дамудың индекаторларын құрудағы тағы бір жол көрсеткіштер жүйесін құрумен қалыптасады. Тұрақтылықтың интегралды индикаторларымен салыстырғанда бұл жол әлемде біршама кең таралған. Мұндай жолдың мысалы ретінде БҰҰ комиссиясының тұрақты дамуы бойынша әдіснамасы атауға болады. Сондай-ақ Бүкіләлемдік банктің зерттеулерін айта кетуге болады: «Әлемдік дамудың индикаторлары» атты жыл сайынғы баяндамасы шеңберінде ұсынылатын индикаторлар. «Қысым-ахуал-реакция» құрылымы негізінде әзірленген экономикалық әріптестік және даму ұйымының (ЭӘДҰ) эколого-экологиялық индикаторлар жүйесі әлемде кең таралған. Жекелеген елдердің еңбектері арасынан АҚШ пен Ұлыбританияның жүйелерін айта кету керек.

Өкінішке орай, жоғарыда айтып кеткеніміздей, әлемде әлі де жалпы қабылданған және жақсы негізделген интегралды көрсеткіш жоқ. Осыған байланысты индикаторлар жүйесін құруға көп мән берілді.

Индикаторлардың саны шектеулі болған дұрыс. Бұл микроэкономикалық саясаттың басымдықтары жүйесін әзірлеумен тығыз байланысты. Көптеген көрсеткіштер ұсынылған кезде шешім қабылдау, тұрақтылық деңгейін талдау қиынға соғады. Мысалы биліктің атқарушы және заңды құрылымдарында шешім қабылдаушы тұлғалар үшін 100-150 индикаторлардан тұратын жүйе дұрыс келуі неғайбыл. Индикаторларды басымдылық деңгейі бойынша рангілеу керек. Индикаторлар жүйесін әзірлеу кезінде барлық халықаралық ұйымдар мен көптеген елдер осы жолмен жүріп өткен.

Соңғы жылдары «Базалық индикаторлар» жүйесі кең таралды. Сонымен БҰҰ-ң тұрақты даму жөніндегі Комиссиясы 2001 жылы ұсынылатын 130 дан аса көрсеткіштерін 2 есеге қысқартты. Экономикалық әріптестік және дамуы ұйымы 10 базалық экологиялық индикатор, Еуропалық одақ 11 индикатор ұсынды. Көптеген елдер осыған ұқсас жолмен жүріп жатыр. АҚШ–та негізгі критерийлер бойынша 400 көрсеткішті таңдап, қосымша критерилер бойынша келесі іріктеуде олардың санын 40-қа дейін қысқартты. Ұлыбританияда жеті базалық индикаторлар бөлінді [5].

Көрсеткіштердің базалық тізімін пайдалану тұрақты даму көрсеткіштерінің ұлттық жүйесін құру бойынша жұмыстарының бастапқы кезеңіне қажетті шарт болып табылады. Айта кеткен жөн, көрсеткіштер болып жатқан процесстердің тұрақтылығы / тұрақты еместігі туралы сұраққа барлық уақытта жауап бере алмайды. Осы сұраққа жауапты алынған нәтижелерді дұрыс интерпритациялағаннан кейін алуға болады.

Тұрақтылықтың эколого-экономикалық саласында экологиялық мәселелер үшін экономикалық қабықты қалыптастырған жөн немесе экологиялық және экономикалық аспектілерді үйлестіру экологиялық мәселелерді шешу қоғамға экономикалық нәтижелер әкелуі керек. Қандай да бір дәрежеде «екілік ұтыс» саясатының ұқсастығы – яғни экономикалық мәселелерді шешу экологиялық нәтиже береді. Сондай-ақ экономикалық маңызы нақты және пайдалану экологиялық ахуалдың даму үрдісін табуға ықпал ететін эколого-экономикалық индикаторлар дұрыс орын алады.

Эколого-экономикалық индикаторларды таңдаудағы маңызды мәселе оларды жалпы натуралды көрсеткіштер немесе меншікті көрсеткіштер түрінде нақты интерпретациялау болып табылады. Индикаторлардың бірінші табына натуралды мән, екінші тобы үшін – «натуралды-құндық» мәні тән. Осы көрсеткіштер арасындағы таңдау индикаторды пайдалану мақсаттары және салаларымен анықталуы керек. Жалпы индикаторлар орын алған экологиялық ахуалды, оның адам мен қоршаған орта үшін игілікті деңгейін талдау үшін жаптырмайды. Бұл индикаторларды шектеулі аумақтар мен аумақтық талдау үшін қолдану ыңғайлы. Бір жағынан алғанда, құрылымдық-технологиялық үрдістерді экономика құрылымдарының өзгерісін бағалау үшін табиғи көлемділіктің, меншікті ластанудың меншікті көрсеткіштері қолайлы. Олар сондай-ақ экономикалық дамуды, қоршаған ортаға және экологиялық ахуалға ықпалдық өзгерісін болжауда тиімді.

Еліміздің 1990 жылдардағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бір экологиялық мәселенің талдауы шеңберінде индикаторлар қарама-қарсы динамикаға ие болуы мүмкін (мысалы, су үшін жалпы ластану азайып, меншікті ластану артқан) [6]. Басымды базалық индикаторларға ел үшін маңызды булы газдардың қалдығы көрсеткіші қосылған. Климаттың ғаламдық өзгерісі ары қарай ғылыми талдауды қажет ететін алыстағы экологиялық мәселе ғана емес. Базалық экология-экономикалық индикаторлардың ұсынылып отырған құрылымы «экономикалық нәтижелер және тұрақты даму» мәселесінің бөлінуі есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда жүйеге жалпы ішкі өнім мен шынайы жинақтардың көрсеткіштері қосылуы мүмкін, және басым индикаторлардың саны 9-ға дейін артады.

Дамудың тұрақты типі қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, алайда болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейді. Тұрақты даму концепциясы экономикалық ғылымда да, халықаралық тәжіри беде де кең таралған. Экономикалық жолдарға байланысты әлсіз және күшті тұрақтылық бөлінеді. Күшті тұрақтылық үшін төмен табиғи капиталдың сақталуы үлкен маңызға ие. Тұрақты дамуға өту үшін экологиялық фактор негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесіне қосылуы керек. Бұған тұрақты дамудың индикаторларын әзірлеумен және есептеумен қол жеткізеді. Қолда бар дәстүрлі экономикалық көрсеткіштер экологиялық күйзелісті көрсетпейді. Тұрақты дамудың индикаторларын әзірлеу кезінде екі тәсіл бар: интегралды, агрегатталған индикаторды тұрғызу, индикаторлар жүйесін тұрғызу, олардың әрқайсысы тұрақты дамудың жекелеген аспектілерін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Медоуз Д. Пределы роста, 1972. – С. 54-73.

  2. Бобылев С.Н., Ходжаев А.Ш. Экономика природопользования. – М., 2007.– С.10.

  3. Экономика природопользования: учеб. / Под ред. Папенова К.В. – М.: ТЕИС, ТК Велби, 2006. – 928 с.

  4. Қарабек Е. Бүгіннен бастап Киото хаттамасы күшіне кірдіhttp://www.azattyq.org/Content/Article/1157110.html

  5. Тонкопий М.С.Экономика природопользования. Алматы: Ғылым,2005.–С. 364.

  6. Нурланова Н.К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: проблемы теории и практики. Алматы: ИЭ КН МОН РК, 2009. 328 с.



ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ.

Лауланбекова Р. Т.ф.ғ.к., доцент., Төреханова Ф. 1- курс, Т 117-16 тобы студенті.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы,

Қазақстан Республикасы

Summary

The article considers statements of prominent speakers of Kazakh people.

Резюме

В данной статье определяются мысли и идеи казахских ораторов об отношении человека к разуму, знаниям.

Қазақтың шешендік сөз өнерін мұқият зерттеп, ыждағатпен оның түпкі терең сырына үңілсек, өн бойының философиялық ой-тұжырымдарға, таным-тағылымға тән қағидаларға толы екенін көреміз. Оның ішінде дүние, қоршаған орта, жеке адам, оның ақылы, іс-тәжірибесі, тілі және осылардың әрқайсысының өз орны туралы ежелден қалыптасқан пікірлермен қатар, жеке адамдардың есімімен байланысты жаңа, тың пайымдаулар, дәлелді, жүйелі ой-тұжырымдарды да байқаймыз. Мысалы: Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді?» - деген философиялық, танымдық мәні бар сұрақ қояды. Билер бір ауыздан халық ұғымында ежелден қалыптасқан дүние танымнан туған пайымдауын айтады, яғни:

Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді. – депті.

Ағын судың өлмейтіні, оның үздіксіз қозғалыста болуына қатысты айтылған пікір. Демек, бар тіршіліктің өмір сүру кепілі қозғалыс. Қозғалыссыз өмір жоқ, даму жоқ, өсу жоқ. Даму, өсіп-өну бұл қозғалыс. Екіншіден, даму, өсіп-өну бұл өзгеріс, жаңа сапаға, жаңа сипатқа, жаңа түрге ие болу, түрлену. Ағын су үнемі қозғалыста болады, сондықтан онда тіршілік нышаны бар.

Асқар тау, ай мен күн, қара жер дегені материалдық дүниенің, рухани дүниеге қарағанда, дәлірек айтсақ сол рухани дүниенің иесі адам өміріне, жалпы адамзат баласының өміріне қарағанда мәңгілігін ескерткені.

Бұл көне заманнан бері қалыптасқан космоцентристік әлемді, космосты танып білуге қатысты мәселе. Осы жерде билердің жауабына көңілі толмаған Жиренше шешен былай деген екен:

Ағын судың өлгені, -

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені, -

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені, -

Еңкейіп барып батқаны,

Қара жердің өлгені, -

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ,

Бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

Ғалымның хаты өлмейді.

Жиреншенің бұл жауабынан, біріншіден философияның негізгі мәселесін шешу барысында ежелден келе жатқан «не бірінші?» - деген сұрақтың шешімін тапқандай боламыз. Бәрі өткінші, тек адамның «ісі мен білімі, ақыл-ойы мәңгі» деген тұжырым мен одан да құдіретті жаратушы бар, барлығы Алланың ісі, «өмір де, өлім де тек сол Алланың қолында» деп түсіндіреді.

Екіншіден, Жиреншенің бұл сөзінен оның әлемді, дүниені адам өміріне, оның әлеуметтік тұрмысына, шаруашылығына, психологиялық көңіл-күйі мен қызығуына байланыстыра қарауға бетбұрыс жасағанын байқаймыз.

Егер осы айтысты баяғы өзіміз үйренген марксистік методологияның қалыбына салып жіберсек, философия тарихында ежелден шешілмей келе жатқан қайшылықты, «ымырасыз» екі бағыт, материализм мен идеализмнің арасындағы философияның негізгі мәселесін шешу барысында туған күресін байқаймыз.

Материалистік бағыттағы көзқарасты қолдаушылар Жәнібектің алпыс биі. Алпыс би – алты алаштың өкілі. Халық өз ішінен әдет-ғұрып заңына жетік, шешендік өнері бар адамдарды би деп таныған.

Демек, билер сөзі – ел сөзі. Олай болса, билер сол халықтың пікірін, дүние танымын елеп-екшеп қысқартып, ұстартып ханға жеткізіп отыр. Сондықтан, мұны халық арасында ежелден қалыптасып болған қоғамдық пікір деп түсіну керек. Дегенмен, байқампаз бабаларымыз ағын судың да, асқар таудың да, ай мен күннің де, қара жердің де өзгеріссіз қалмайтынын, өзгеретінін, жаңа сапаға өтетінін байқады. Жылдар өткен соң таудың төбеге, көлдің шөлге айналатынын, ай мен күннің де өзгеріссіз тұрмайтынын, қара жердің де келбеті қилы-қилы өзгеріске душар болатынын көріп, байқап жадына түйіп жүрді.

Адам өмірінің де өткінші екеніне күмәні болмады. Адам үшін ең ауыры – ажал. Ажал қашан, қай жағыңнан, қалай келеді? Оны білу қиын. Бұл сұрақтың жауабы жоқ, қиын сұрақ. Оған ешкім де жауап бере алмайды, кеткен қайтып келе алмайды, көргенін айтып бере алмайды. Ажалға араша тұрар күш жоқ. Оған Қорқыт атамыздың өлімі куә. Ажалдыны арашалап алып қалар ақыл бере алмайсың.

Тоқсан би ауырып, өлім халінде жатқанда көңіл айтуға келген билер: - Тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік болып кетсеңіз ештеңе айтпай кетесіз бе, бірдеңе айтыңыз деп қоймапты. Сонда Тоқсан би:

Көрмеген жерге барамын,

Танымайтын елге барамын.

Тар лақат қараңғы көрге барамын,

Ақылдарың болса маған айтыңдар! – деген екен.

Сол Тоқсан би айтқандай о дүние сыры беймәлім, жұмбақ дүние. Адамды ажал қақпаны Жиренше шешен айтқандай қай жерде күтіп тұрғаны да тек бір Аллаға ғана мәлім. Бірақ, ол жақсы адам болса, оның аты ешқашан өлмейді. Ұрпақтары оның есімін қастерлеп, қадір тұтады. Ақыл сұрап, әруағына сиынады. Жақсы адамның өзі болмаса да, қиын жерде жол табатын «сөзі» себепші, ісіңе көмекші болады. Бұл да бабаларымыздың назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да олар жақсының есімін біл, естен шығарма, келбетін көмескілендірмей өсиетін жадыңда сақта, сонда сұрағыңа жауап табасың, жол көрсетеді, ақыл-кеңесін аласың, - дейді.

«... Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!» - деп ұлы Абай атамыз тектен-текке зарламаған шығар. Абай атамыз өзін толғандырған сұрақтың жауабын бүгінгі ұрпағынан емес, ғасырлар қойнауынан талып жеткен Жиренше бабамыздың үнінен естіді.

Жиренше бабамыз: «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді», - балам деп тұрғандай. Өкінішке орай Абай атамыз естіген үнді біз естімей қор болдық қой. Өлді деген осы емес пе? Бабалар есімін есте сақтай алмай, жазған хатын төсте сақтай алмай өсиетін өзімен қоса көмдік деген осы емес пе?

Осылай, материалдық дүниенің мәңгі, шексіздігін дәлелдейміз деп жүріп, бабаларымызды «тар лақат көрге» көмдік. «Жатқан жерің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» халық елдігінен айырылып келмеске кетсе, материалдық дүниенің мәңгілігінен, шексіздігінен не пайда? Бабаларымыздың өзін де, сөзін де осы идеяның құрбаны етіп, рухани мәдениетімізден, алтын қазынамыздан жұрдай болып мәңгүртікке жеттік.

Сонымен, дүниеде не бар, не мәңгі екенін біліп қана қоймай, олардың адам үшін, адамзат үшін, адамзат қоғамы үшін қандай маңызы бар. Пайдасы, игі әсері болса жақсы, демек ол тіршіліктің нышаны, өмір. Пайдасы болмаса оның өліден несі артық. Себебі, адамзаттың өмір сүруіне, өсіп-өнуіне кедергі болады, тіршілікке тосқауыл қояды деп түсінуінен туған тұжырым.

Үшіншіден, Жиреншенің дүниеде бәрінен де жақсының ісін, білімдінің сөзін жоғары қойғанын көреміз. Бұл бағалылық, құндылық туралы пайымдау, ой-тұжырым жасау.

Бұдан біз халқымыздың рухани байлықты білімділік, әдептілік, игілікті бәрінен де жоғары қойғанын байқаймыз. Рухани мәдениеттің мәңгі өшпейтіндігін, өміршеңдігін оның атадан балаға мұра болып қалатын теңдесі жоқ алтын қазына ретінде мәңгі өмір сүретінін көреміз. Ақиқатында шешендік сөздер халықтың күнделікті іс-тәжірибесінің негізінде қалыптасқан көзқарасының қаймағы сияқты.

Білімді білгір даналар, ғұлама шешендер мен билер сол қаймақты кезінде байқап, бүлдірмей сүзіп алып, қажетіне жаратқан. Халыққа қысқа да нұсқа түрде жеткізе білген. Олай болса, халқымыздың философиялық көзқарасының қалыптасу кезеңін тек бүгіннен іздемей, әріден тереңдей іздестіру керек деп ойлаймын. Халқымыздың ежелден қалыптасқан даналық дәстүрі бар, философиялық көзқарасы, философиялық мәдениеті, өзіндік шешімін тапқан ерекше мәдениеті бар.

Олай дейтін себебім, қазақ ежелден өзінің ойын, көзқарасын, сезімін тақпақтап немесе өлеңмен қысқа да нұсқа етіп, аз сөзге үлкен танымдық, тағылымдық, даналық, әлеуметтік мазмұн беріп жеткізуге өте шебер болған. Оған дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Халық арасынан әлі де болса қайнап шығып жатқан суырып салма ақындарымыз сияқты өз толғауларында лек-легімен, тасыған бұлақтай ағытып, түйдек-түйдек келелі ой-пікірлер айту қабілеті қай халықтың дәстүрінде бар? Жалпы мәдениеттің дамуы тілге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Басқа қатынас құралдарының ішінде тілдің алатын орны ерекше. Халықтың бар мәдениеті, тарихы, әлеуметтік көңіл-күйі, тұрмысы, дүниеге көзқарасы, тілдің құдіретті күшінің арқасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жетіп отырған.

Қазір біз өз халқымыздың өткен өмірі жайлы бірдеңе білсек, ол тілдің арқасы. Ұмытсақ, демек тілдің кесілгені, тарихымыздың өшірілгені, мәдениетіміздің көміліп, келмеске кеткені. Басқа қатынас құралдарының /музыка, би, көркем өнер т.б./ ішінде тілді ерекше атауымыздың да тарихи-әлеуметтік негізі бар. Оның да ішкі, сыртқы себебі бар. Оған тоқталып жатпай-ақ қояйық. Тіл адам ойының материалданған көрінісі. Ол адам ойын өзгеге жеткізуші әмбебап құрал. Тіл жеке адамның өмірінде де ерекше орын алады. Адамды адам қатарына қосатын да, адам қатарынан шығарып тастайтын да, абыройын асырып бақ-дәулет әперетін де, бәрінен жұрдай етіп, сорлатып иесінің түбіне жететін де тіл. Бұл халқымыздың тіл туралы түсінігі. Шешендер оны өте шебер жеткізе білген. Соны айғақтайтын бір дәлел Бөкен би мен Сырымның арасында болған дейді. Бөкен бидің батасын алып, аттанғалы тұрғанда қария ым-ишаратпен басын шертіпті. Сырым оған аузын ашып тілін көрсетеді. Ауылдан шыққан соң жөн сұраған жол серіктеріне Сырым былай деп түсіндіреді. Ол кісінің басын шерткені «Басқа пәле неден?» дегені еді, менің оған тілімді шығарғаным «Басқа пәле тілден» дегенім еді – депті.

Бұл жерде біздің назарымыздан үнемі тыс қалатын мәселе тілдің санаға қатысы, яғни, сананың ойдың пайда болуындағы тілдің қызметі. Бір сөзбен тоқсан ауыз сөздің түйінін шешіп әдеттенген, бір қимылына ғаламдық, ауқымды мәселелерді сидырып әдеттенген халықтың өрен өкілі Бөкен қарт осы ойды да мегземеді ме екен деген ойға қаласың. Сырымның қимылынан ол бірнеше сұрақтың жауабын алдым деп қанағат тұтты.

Біріншіден, ойдың пайда болуындағы тілдің ерекше қызметін; екіншіден, тіл ойдың материалданған көрінісі екендігін; үшіншіден, тіл адамдардың ой-пікірін, дүниеге көзқарасын білдіретін басты қатынас құралы екендігін; төртіншіден, тіл адамның жеке басының қалыптасуында шешуші қызмет атқаратындығын; бесіншіден, тіл адамның бақ-дәулетінің де, сорының да себепшісі екендігін көрсетті.

Олай болса, бұл әңгіме бізге мынаны көрсетеді. Біріншіден, ишаратпен тілдің, сананың пайда болу этногенезінде атқарған қызметін анықтап отыр. Екіншіден, тілдің әлеуметтік мәнін көрсетіп отыр. Жақсылық та, жамандық та тілден, адамның ақыл-ойы, зерделілігі, жақсы, жамандығы да тілден екенін көрсетеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. «Ел аузынан». Алматы, «Жазушы» 1989

  2. Сейфуллин С. Шығармалар Алматы, 1964.

  3. Жүнісов С. Бабалар дәстүрі. Алматы, 1992.

  4. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1993.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет