Казахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серия «гуманитарно-педагогическая»



бет2/18
Дата02.05.2018
өлшемі3,96 Mb.
#40400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


«Гуманитарлы-педагогикалық» сериясы
Серия «Гуманитарно-педагогическая»


ШЫМКЕНТ-2016

ҚИПХДУ ЖАРШЫСЫ ВЕСТНИК КИПУДН


ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
НАУЧНО-ПУБЛИЦИСТИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ КАЗАХСТАНСКОГО ИНЖЕНЕРНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ДРУЖБЫ НАРОДОВ
ҚИПХДУ Ғылыми кеңесімен баспаға шығаруға ұсынылған

Рекомендовано к изданию Ученым советом КИПУДН



Төраға / Председатель:

Р.Ә.Қуатбекова,м.ғ.д., академик


Ғылыми редактор /

Научный редактор:

Т.Ж.Ниязов, э.ғ.д., профессор

Главный редактор

«Гуманитарно-педагогической» серии:
Е.Омар, п.ғ.д., профессор

Журнал 2014 жылдан шығады

Журнал издается с 2014 года
Меншік иесі: ҚИПХДУ

Собственник: КИПУДН
Ғылыми-публицистикалық журнал

2014 жылы ақпан айынан бастап шығады


Редакциялық алқа /

Редакционная коллегия:
Ә.Қуатбеков, х.ғ.д., академик

Н.Қуатбеков, т.ғ.д., профессор

Е.Жалбуров, з.ғ.д., профессор

А.Ақкөзов, ф.ғ.к., доцент

Техникалық редактор: Байғараева П.
Меншік иесі: ҚИПХДУ

Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 11.02.2014 жылы тіркеліп, №14153-ж куәлік берілген


Журнал ҚИПХДУ қоры есебінен қаржыланады

Қолжазбалар сарапталынады

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы, Төле би көшесі, №32 үй

Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 95 25 21




Научно-публицистический журнал

Издается с февраля 2014 года


Технический редактор: Арысбаев Б.

Собственник: КИПУДН


Регистрационное свидетельство журнала №14153-ж от 11.02.2014 года выдано Министерством культуры и информации Республики Казахстан
Рукописи рецензируются

Наш адрес:

г.Шымкент, улица Толе-би, дом №32

Контактный телефон: 8 (7252) 95 25 21

ӘОЖ 392.16.3

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елтаев А.Ж., п.ғ.к., профессор

Қазахстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университеті,

Шымкент, Қазақстан

Резюме

В статье рассматриваются особенности интеллектуального развития детей в начальных классах.

Summary

The article discusses the features of the intellectual development of children in the primary grades.
Баланың өмірге бейімделуі отбасынан бастау алады. Отбасында баланың дамып жетілуіне, дүние танымының кеңейуіне, жақсы мен жаманды айыра білуіне, қарым-қатынас мәдениетін игеруіне алғашқы қадамдар жасалынады. Осылай бала өзінің де, өзгелердің де тіршіліктегі орнын, атқаруға тиісті іс-әрекетін тәжірибе жүзінде біле де, байқай да алады. Осы жағдайлар жас өскін бойындағы жағымды мінез құлық нормалардың қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Отбасындағы психологиялық ахуалдарың тұрақтылығы мен құбылмалылығын зерттеуші ғылымдардың (Василюк Ф.Е, Герасимович Г.И., Ковалев С.В., Ковалев С.В. және т.б) пікірінше ата-аналардың өз функцияларын дұрыс атқаруы (бала тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлуі, үйдегі психологиялық жағдайды үнемі бақылауы, жақсы қалыпта ұстауы, үлгілі іс-әрекет көрсетуі) жас жеткіншектің ұнамды мінез-құлықты, әділетті, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсуіне ықпалын тигізеді.

Сондықтан отбасы тәрбиесі қашанда ең көкейкесті мәселенің бірі ретінде саналады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында отбасындағы бала тәрбиесіне, ерекше назар аударған [1]. Сонымен қатар осы мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы», "Білім туралы" Заңдарында, Қазақстан Республикасында жоғары және орта білімді дамыту тұжырымдамаларында нақтыланған [2,3].

Кейінгі кезде қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер отбасы тәжірибесіне де өз әсерін тигізуде. Біріншіден отбасы мүшелерінің құрамы едәуір кеміді. Бұрынғыға қарағанда балалар саны азаюда. Ғалымдардың бірқатары бұл ахуалды экономикалық жағдайлардың ұшығуымен тікелей байланыстырады. Екіншіден, күн көріс қамына орай көпшілік ата-аналардың жұмыс басты болуына байланысты олардың бала тәрбиесіне уақыттары жетісе бермеуде. Шын мәнінде, қазіргі қоғамда жас балалардың көпшілігі көп уақытын тәрбиешілермен өткізеді, ал ересектері ата-аналары назарынан тыс өздерімен-өздері қалуда. Бұл жағдай ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізбей қоймауда.

Баланың тұлға ретінде қалыптасуына қарым-қатынастың тигізер ықпалы зор. Осы орайда қарым-қатынас ең басты фактордың бірі ретінде танылады. Қарым-қатынас барысында адамдар арасында жарасымды байланыс орнығады бір-біріне деген сүйіспеншілік пайда бола бастайды да туысқандық, достық, жолдастық сезімге ұласады. А. В. Мудрик, С. М. Жақыпов және т.б. өз зерттеулерінде қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын ерекше орнына тоқталған [4,5,6].

Олардың пайымдауынша жағымды қарым-қатынастың арқасында адамдар бір-біріне етене жақындасады, қуаныш, қайғыларына ортақтасады, ең қиын деген мәселенің өзін ақылдаса ашығын дұрыс шешімін табуға мүмкіндік алады.

Отбасында ата-аналардың өздері және балалары арасында ынтымақтастық, түсінушілік болып, бір-бірінің пікірімен санасуы – жарасымды қарым-қатынастың кепілі. Осы жағдайда олар өзара ақпарат алмасады, дүние танымына қозғау салады, оны кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл жақсы қарым-қатынастың берік қалыптасуына ықпал етеді. Осындай отбасылардың болашағы сенімді болады. Ата-ана мен балалар қарым-қатынасының берік болуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор – олардың алға қойған мақсаты. Олардың барлығының мақсаты бір жерден орын теуіп жатса, онда іс-әрекет нәтижесі де бәріне ортақ, жемісті болады. Осындай жағдай ата-аналардың өздерінің арасында ынтымақтастықпен орын алып жатса, ол әрине, олардың ұрпақтарына да өнегелі ықпалын тигізері сөзсіз. Ата-аналардың өздерінің балдары, қыздарымен бірлесе еңбек етуі отбасының материалдық жағдайын жақсартумен қатар, әлеуметтік, маральдық құндылықтардың дамуына септігін тигізетінін ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр.

Отбасындағы қарым-қатынас мәселесінде ата-ана мен жеткіншек жас арасындағы қарым-қатынас ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Себебі бұл кезең тұлғаның қалыптасуында және дамуында ерекше мәнге ие. Шын мәнінде бұл өтпелі кезең, тәрбие жұмысына едәуір кері ықпалын тигізетін мезгіл. Жеткіншек жастың психологиясы өте күрделі, мұқият көңіл бөлуді қажет етеді. Осы кезеңнің барлық жастары бұл дәуірден өтеді және қоғам дамуындағы ерекшеліктерге сәйкес өз проблемаларын шешіп жатады.

Психолог ғалымдар осы кезең жастарының ерекшеліктерін қасиеттерін білуге көп көңіл бөліп келеді. Психологтардың пікірінше бұл дәуір қиындығы көп “өтпелі”, “бетбұрыс” кезеңі. Cебебі ол жас өркенге тән, балалық кезеңнен келесі кезеңге өтумен байланысты болатын күрделі даму үдерісі[7].

Осы кезеңде жас өркен бойында өзінің “Мені” бой көтереді. Бұл көп жағдайда ересектермен қарым-қатынаста қарама-қайшылық туғызады. Балдардың ер жетіп, қыздардың бой жеткенін ересектердің мойындағысы келмегендіктен пайда болатын қарама-қайшылық, отбасы қарым-қатынасында дағдарысқа әкеледі.

Отбасындағы қарым-қатынас жақсы бола тұрыпта жеткіншек жас дағдардарысын басынан кешіреді. Себебі бала ата-анадан өзіне “әлі бала” деп қарамауын, онымен санасуын, пікіріне құлақ асуын, қажет болған жағдайда дұрыс қабылдауын қалайды. Мысалы, қыз бала да, ұл бала да киім киісте, жүріс-тұрыста өз қалауларын, өздеріне ұнағандарын жасағысы келеді. Көп жағдайда бұл ата-анаға ұнай бермейді. Олар қарсы болады. Себебі ата-аналар оларға әлі бала (ісі шала) деп қарайды. Олардың есейіп қалғанын, өмірге өз көзқарасы бар екендігіне күмәнмен қарайды. Ал жастар болса өздерін “әлі бала санап отыр деп” ересектерге ренжиді. Бұл жағдай тез арада оң шешуді талап етеді. Олай болмаған жағдайда ересектер мен балалар арасына сызат түседі, бір-бірін тусінуден қалады. Бұл бала психикасына орасан зор кері ықпалын тигізеді. Ол ашуланшақ, ызақор болады. Ата-ананың айтқанын теріс көріп, оларды кіналап, талаптарын орындаудан бас тартады.

Балалар мен ересектердің бірін-бірі түсінбеуі көп жағдайда жан-жалға, ұрыс-керіске ұрындырады. Бұл жағдайлар көбінесе қалалық отбасыларда жиірек орын алып жатады. Көбінесе ересектер қауымы ата-ананы жақтап (олардың өздері кінәлі болған жағдайда да) балаларды кінәлауға дайын тұрады. Бұл әрине жастардың наразылығын туғызып, өршелендіре түседі, ересектерге деген сенімсіздігін нығайтады.

Сонымен жастардың ересек адамдарға қоятын орынды талабын толығымен теріске шығарудың өзі дұрыс емес. Оны төмендегі жағдайлардан аңғаруға болады. Біріншіден, ата-ана өзінің жас кезіндегі іс-әрекетін түгелдей баласынан талап ету, “сен де солай болуың керек” деп айту – қате пікір. Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар балдарына осылай кінә артып жатады. Қазіргі қоғам, әлеуметтік-экономикалық жағдай бұрынғыдан (ата-ананың жастық шағындағыдан) тіпті бөлек. Қоғам алдындағы (жастардың да) талаптар да басқа. Екіншіден, ата-ананың жас кезіндегі іс-әрекетінде қолданылған амалдары, әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда толықтай пайдаға аса бермеуі мүмкін.

Жас өскін ата-аналармен қарым-қатынас әрекетінің қандай да бір мезгілінде өзіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбегенін байқаса, бұл оның психикасының дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Көп жағдайда жас өркендерде ересектерге еліктеу, олардың кейбір іс-әрекетіне ұқсас жұмысты орындау сияқты ықыласы байқалып жатады. Шын мәнінде ондай жұмысты атқаруға жеткіншектердің мүмкіндігі бола бермейді (білімі, ентілігі, дағдысы, тәжірибесі жетпейді). Осыдан барып қиыншылықтар туындайды. Бұл бүгінгі қоғамдағы орын алған көптеген факторлардың (толассыз ақпараттар ағымының әсері, ата-аналардың жұмыс бастылығынан бала тәрбиесіне аз көңіл бөлуі, баланың көп уақыт өзімен-өзі болуы, құрбыларымен қарым-қатынас жасауы) әсерінің нәтижесінен екендігін мойындауымыз керек.

Жас өркеннің есеюі олардың әрқайсысы үшін әр түрлі бағытта өрбуі мүмкін. Мысалы, жастардың бір тобы үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе кітап оқу, көбірек білім қорын жинақтау, ал қалған шаруалардың бәрі ол үшін аса мәні жоқ, екінші немесе үшінші кезектегі дүниелер болса, екінші бір жас өскіндер үшін ең мәнді нәрсе сабақ оқу емес өмірдегі бүгінгі күннің “ағымынан” қалып қоймау, өзі “маңызды”, “қажет” деп санайтын құбылыстарға жақын болу, соған ұқсауға тырысу, ал үшінші бір “топ” үшін жоғарыдағы жайттар аса қызықты емес, ол үлкендерге де еліктей қоймайды, ата-анасының қамқорлығынан әлі шыға қоймаған, балалығы басым. Осы үш нұсқа көрсеткендей жас өскіннің даму, есею процесі әр түрлі өрбиді де, мазмұны жағынан да түрліқұндылықтарға ие болады: жастардың бір тобы үшін аса құнды болатын дүние, енді біреулері үшін еш қандай мән-мағынасы жоқ. Жеткіншек жастық дәуірде балдардың өзінің “мені” адами құндылықтары, әлеуметтік жауапкершілігі орныға бастайды.

Жеткіншек жастық дәуір ең қиын, өтпелі кезең. Олай дейтініміз, біріншіден, осы кезеңде бала өмірінде өзгеріс байқалады. Бұл өзгеріс түбегейлі саналық сипат алуы мүмкін. Бала өзінің осы уақытқа дейінгі іс-әрекетін, қарым-қатынасын тіпті басқа қырынан көрсетуге ұмтылады. Екіншіден, бала өміріндегі өзгеріс әр қилы кедергілерге тап болады, солармен бірге қат-қабаттаса жүруі мүмкін. Бұл өз кезегінде бала тәрбиесіне кері ықпал етпей қоймайды. Осы кезеңде жас өркен үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ аса бермейді, өз пікірінің дұрыстығындәлелдеуге тырысады, олардың орынды талаптарына наразылық таныта бастайды. Наразылықтың әр түрлі формада (қырсықтық, бұзақылық, дөрекілік, қарсылық, тұйықтық) берілетіні туралы психолог Б.Ананьев өз зерттеулерінде дәлелдеп отыр [8]. Өтпелі кезеңдегі жас өркендердің мінез-құлқындағы өзгерістерге әр түрлі әлеуметтік, биологиялық, экономикалық факторлардың әсер ететіні туралы шетелдік және отандық психологтардың таласы әлі күнге дейін жалғасуда. Жеткіншек кезеңге аяқ басқан шақта балалар өзінің мінезімен де, киім киісі, жүріс-тұрысымен де үлкендерге ұқсай қоймайды. Олар балалық психологиядан шыға алмай, аласұрып, анағанда, мынағанда тиісіп, ойына келгенін істейді, бұзақылықта жасайды, өзгеге де өзінеде маза бермейді, бір орнында тыныштық таппайды, барлық жерде белсенділік танытқысы келеді, бірақ адам жақсы нәтиже шығара алмаған соң басқа іс-әрекетке ұрынады, біреуді ұнатуы да, жек көруі де қабаттасып жатады, қарым-қатынаста тұрақтылық танытпайды, екінші біреудің айтқанына тез иланғыш, соның жетегінде кете барады. Дегенменде бір қарағанда балалығынан арыла қоймаған сияқты көрінгенмен, оның ішінде жаңа сапалардың біртіндеп қалыптасу процесі болып жатқандығын аңғаруға болады. Жас өркеннің сырт көзге әлі бала сияқты бола жүріп, есейгенін байқамай қаламыз.

Ол біздің көзімізге түсе бермейді. Баланың есейуінің байқалу сипаты, көрінісі әртүрлі болады. Алғашқыда баланың мінез-құлқы, іс-әрекеті үлкендерге жағымсыз әсер қалдырады. Бала бойында “жаңаны” үлкендер түсіне бермейді. Оны ескермейді де. Осыдан барып тәрбиелік іс-әрекеттің тиімділігі төмен болады. Соның нәтижесінде тұлға қалыптасу процесі бей-берекетсіз қалыпта өтуі мүмкін.

Жеткіншек кезеңіне қадам жасаған жастың бойында болатын өзгерістер оның ақыл-ойынан, ой-өрісінен көрініс табады. Соның салдарынан қоршаған орта мен жас өркен арасындағы қарым-қатынаста өзгеріске ұшырайды. Жас өскіннің санасындағы саналық өзгеріс оның жеке «менін» қалыптастырады. Ол енді өзіне бала деп емес, ересек деп қарай бастайды және де өзгелердің осылай қабылдағанын мақұл көреді. Шын мәнінде бұл оның психикасында болып жатқан өзгерістен туындайды. Алайда үлкендердің пікірі бұл көзқарастан әлдеқайда алшақ жатады. Балада пайда болған ересектік сезім- бұл оның сана- сезімінің ерекше құрылымы. Осы арқылы жас өскін өзінің өмірге жаңаша көзқарасын, дүниетанымының өзгешілігін танытқысы келеді.

Жеткіншек шаққа қадам басқан жасқа ерекше тән қасиет – оның әлеуметтік ортада белсенділік танытуы. Бұл белсенділік сол кезеңде орныққан қоғамдық ережелер, заңдылықтар, өлшемдер, құндылықтар, мінез-құлық нормаларын меңгеруге бастағандығының куәсі.

Бала ересектікке қадам басқан сайын оның санасында, мінезінде өзгеріс байқала бастайды. Бұрындары өзі құлшына, бар ынта- ықласымен атқаратын жұмыстарды орындауға асықпайды, кей жағдайда оларды орындауға үзілді-кесілді қарсылық білдіреді.

Ол ересектердің оның пікірімен санаспағанға, оның құқығына араласқанға реніш танытады. Үлкендердің оған әлі бала ретінде қарайтынына келіспейді, себебі оның «ер жеткендік» туралы өзінің ұғымына қарама –қайшы келеді. Ол үлкендер атқаруға тиісті іс-әрекетті енді-өзі атқара алатынына сенеді. Себебі өздеріне олармен тең дәрежеде болдық деп есептейді. Осыны үлкендердің мойындауын талап етеді.

Отбасы тәрбиесі арқылы балалардың жағымды қарым-қатынас мәдениеті құндылықтарын жетілдіру туралы зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып осы мәселені оң шешу мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасалады:



  1. Ата-ана мен бала арасында жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында отбасында өзара түсіністік, ынтымақтастық, сыйластық, достық қатынас орнату қажет. Ата-ана баланың жан дүниесіне еніп, оның кез-келген жақсы баламасына құрметпен қарап, пікірмен саналып, іс-әрекетіне түсінушілік танытып көмек көрсетуі тиіс;

  2. Ата-ана өз балаларының «достық», «жолдастық» туралы түсініктерін тереңірек ұғындырда отырып шынайы «достық» сезімнің артуына ықпал етуі тиіс;

  3. Отбасында орын алған түсінбеушілікті, қақтығысты шешуде сабырлық танытып, балалардың пікірін ескере отырып шешім қабылдаған жөн;

  4. Коррекциялық түзету жұмыстарын жүргізуде балалармен бірге ата-аналарда қатыстырылғаны жөн. Бұл өз кезегінде отбасындағы көкейкесті мәселелерді оң шешуге ықпал етеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана, 2012.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2010.

  3. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы. – Астана,2012.

  4. Мудрик А.В. Общение в процессе воспитания. – М.: Педагогическое общество россии, 2001.- 320 с.

  5. Жақыпов С.М.. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. –Алматы, 2002.-117 с.

  6. Жақыпова С.М. Жалпы психологияға кіріспе:Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  7. Мұқанов М.М Жас және педагогикалық психология. - Алматы: Білім, 2002.

  8. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-Л.: Изд-во ЛГУ, 1968.-327 с.

ӘӨЖ: 37013-05787



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Камардинова У.О. доцент. Урматова Т. К.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті,

Шымкент, Қазақстан

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

Шымкент, Қазақстан
Жеке тұлғаның психологиялық қаситеттерін зерттеп, оның даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр.

Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі — сенсомоторлық үйрену — қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады.



Үйрену — іс-әрекеттің орнықты нысаналы өзгерісі, бұл өзгеріс мұиың алдындағы іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болады және организмнің тікелей туа біткен физиологиялық реакцияларынан туындамайды. Мұндай жалпы түрде түсінілетін үйрену жануарларда да бар. Алайда іс-әрекеттің мұндай орнықты өзгеруінің жануарлар мен адамда ортақ жайлары бар болғанымен қоймай, сипаттарының сапалық айырмашылықтары бар.

Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек [1].

Интеллектуалдық үйрену іскерліктерді үйренумен толықтырылады. Адамның үйренуі - әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы процесс. Мәселен, сенсорлық және моторлық үйрену бір деңгейде қамтылады. Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі - сенсомоторлық үйрену - қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады [2].

Үйретушінің ықпалы үйренушінің белсенділігін оятады, ал бұл орайда күні бұрын қойылған тиянақты мақсатқа жеткенде осы арқылы бұл белсенділікті басқарады. Сондықтан оқытуды бұған қоса тағы оқушының сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және оны басқару процесі деп көрсетуге болады. Үйретуші үйренушінің белсенділігі үшін қажетті жағдайлар жасайды, оған бағыт береді, бақылайды, бұған қажетті құралдар мен информация береді. Бірақ адамда білім, іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу процесінің өзі оның белсенділігінің нәтижесінде ғана болады [3].

Бастауыш сынып оқушысына толық білім, іскерлік пен дағдылар қалыптасу үшін оқушының нақ қандай белсенділігін жасау керек және оны қалай бағыттау керек? Барынша тиімді болу үшін оқыту қалай ұйымдастырылуы тиіс? Бұл сұрақтарға жауаптар негізгі проблеманың оқушының қандай ішкі және сыртқы белсенділігі оның білімінде, іскерліктері мен дағдыларында бейнеленеді және бұл іскерліктерді, білім мен дағдыларды туғызады деген проблеманың қалай шешілетініне байланысты. Дегенмен үйрену процесі тек қана арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана емес, сонымен қатар бала өмір сүретін әлеуметтік ортаның көптеген факторлары әсерімен, басқа адамдардың тәжірибесінен үйрену, немесе жол-жөнекей үйрену үлкен орын алады.

Интеллектуалдық қабілет адамның барлық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға негіз болады. Сондықтан интеллектті және оның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу және оның қалыптасуына әсерін тигізетін факторларды, әдіс-тәсілдерді анықтау ежелден бері ғалымдарды қызықтырып келе жатыр.

Интеллектуалдық жағынан қабілетті адамдардың әлеуметтік - мәдени контексте дамуын қарастыруға бағытталған зерттеулерде олардың тәжірибесінің қалыптасуына ықпал ететін макроәлеуметтік факторлар да атап көрсетілді.

Макроәлеуметтік факторлар қатарына кіретіндер ретінде келесілер анықталды:

1)дәстүрлі білім беру: білім беру процесі қабілеттілік әлеуетін белгілі шекке дейін көтереді, сонан кейін мәселені шешудің жалпы қабылданған әдісіне бейімделудің күшеюі нәтижесінде кері әсер орын алады;

2)қабілетті адамның рөлдік моделінің болуы: бала қабілеттіліктің көптеген нақты көрсеткіштеріне өте ерте қол жеткізуі тиіс;

3)соғыс: бұл жағдайда қабілеттілік негізінде жатқан сапалар түгелдей жойылып кетуі мүмкін;

4)саяси тұрақсыздылық: бұл жағдай жас таланттардың жетілуін тоқтатады, өйткені дарынды болу үшін дүниенің болашағын болжауға мүмкіндік беруі және бақылауға көнуі керек, болашаққа дегенге сенімді болуды талап етеді, ал саяси ойындар және одан кейін болатын әлеуметтік анархия бұл сенімді қиратады.

Интеллектуалдық қабілетті тұлға дамуының бастапқы кезеңдеріндегі сыртқы әсерлер кейінгі қалған өмірге көрсетілетін әсерлерге қарағанда әлдеқайда маңызды екендігі туралы факт ерекше атап көрсетеді. Басқаша айтқанда, дарынды адамдар бала күнінде, жеткіншек шақта және ерте жасөспірім кезінде қалыптасады немесе өзгереді.

Сонымен, зерттеулер нәтижесі қабілетті адамдарды интеллектуалды қабілетті тұлға өзінің қалыптасу процесінде құрамы мен құрылымының айрықшылығы экстрақарапайым интеллектілік мүмкіндіктердің психологиялық негізі болып табылатын жеткілікті өзіндік ақыл-ой тәжірибесінен туатынын көрсетті.

Интеллектуалдық қабілеттің дамуын зерттеудің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл мәселені зерттеуде психология балалырды зерттеумен шектеледі де, әдетте студенттік жаста үзіліп қалады. Өйткені дәстүрлі бағыттардың ішінде тек Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеулері ғана оқшаулықтан шыққан жас кезеңін де зерттеуге көңіл бөледі [4]. Бұл көзқарас таным процестерінің интеллектуалдық қабілетке негіз болатынымен байланысты.

Ең алдымен жасқа сәйкес болмайтындай көрінген жас ерекшелік психологиялық әсерлердің қатынасты болуы өзіне назар аударады: бір жағынан, негізі вербалды емес қабілеттер деңгейінің жас ұлғаюмен сөзсіз төмендеуі (жедел жады көлемінің кемуі, назар аудару ақауларының артуы, кеңістіктік операциялардың нашарлауы т.б. түрінде) және, екінші жағынан интеллектілік нақты өнімділіктің, жас аралығында шығармашылық интеллектілік жетістіктердің жоғарылап, интеллектуалдық қабілетінің мүмкіндігі артадындығы дәлелденген.

Онтогенездің кештеу кезеңдеріндегі интеллектуалдық жетілуді зерттеумен айналысқан зерттелінушілердің интеллектілік іс-әрекеттерінің қорытынды байқауларына интеллектілі қабілеттілік мәні мәліметтеріне қатысты конфронтациялық позиция әлдеқайда айқын көріне бастайды. Егер интеллектілі қабілеттілік - шын мәнінде интеллект тестілерімен және креативтілік тестілермен өлшенетін болса, онда елде және қарт адамдар (бұған технологиялық емес қоғамдардың өкілдерін де қосамыз) өте төмен интеллектілі әлеуетке ие. Дегенмен, бұл тектес тұжырым тым болмағанда оғаш көрінуі мүмкін, өйткені егде және қарт адамдар психологиясының материалында, сондай-ақ дәстүрлі қоғамның өмір сүру психологиясында «дана адамның» архетипі қалыптасты, адамның тіршілік әрекетінің міне осы таралу аймақтарында «қабілеттілік» атауын алған құбылыстың түп тамыры жатыр. Даналықты психологиялық зерттеулер енді ғана қолға алынуда. Солай бола тұра, қазірдің өзінде даналық дегеніміз табиғи интеллектінің бір қыры (құраушысы), өйткені оның болып жатқан оқиға туралы ақпаратты өңдеуге де, бейімделу процестеріне де тікелей қатысы бар екені анық. Сонымен қатар, даналық өмірдің күнделікті образы контектісінде байқалатын және өмірлік тәжірибесінің ұзақ та ерекше процесінің нәтижесі болып табылатын интеллектілік жетістіктердің арнайы жағайын білдіреді.

Холледей мен Чандлер интеллектуалдық қабілеттілерді «дана адам» деп бағалап бұл ұғымының мәнін қалай түсіндірге болатынын зерттеді. Зерттеушілер айтқан көптеген пікірлерді жүйелеу арқылы дана адамның портретін жасауға мүмкіндік беретін бес факторды атап көрсетті. Төменде осы бес фактордың атаулары мен психологиялық сапаларын бейнелейтін сипаттар келтірілген.

1-фактор: өмірден алған тәжірибеге сүйенуге қабілеттілігі - барлық болып жатқан нәрселерді ерекше нақты түсінуі, байқампаздығы, кез келген ақпаратты қабылдағанда оны талдап, нәтижесін дұрыс ойға сүйеніп бағалауы, жағдай мәнін көре білуге қабілетілігі т.с.с.;

2-фактор: басқа адамдарға бағдарлануы - жақсы ақыл-кеңес беруге, әр түрлі көзқарастарды келістіруге, көптеген адамдарды қызықтыратын нәрселер туралы айтуға, оқиғаны ауқымды контексте көре білуге қабілеттілігі т.б.;

3-фактор: жалпы біліктілігінің жоғарылығы - білімділік, зиялылығы, қызығушылығы, ұғымдық қорының ауқымдылығы, түсінімпаздылығы т.с.с. қабілеттерінің дамығандығы;

4-фактор: интердербестігінің жоғарылығы - жақсы тыңдаушы, сүйкімді проблемалармен байсалды т.б.;

5-фактор: әлеуметтік биязылығы – импульсивті емес, ығыр етпейтін, тыныш, ұстамды мінез көрсететін, нәзік жанды, драмалық емес қабілеттері басым келеді.

Интеллектілі дамудың жоғары деңгейлерінің бірі ретіндегі даналықтың психологиялық негізін, өзінің нәтижесі ең алдымен, метакогнитивті тәжірибе рөлінің артуы болатын, жеке менталды тәжірибенің ауқымындағы интеграциялық процестер құрайды және болып жатқаннның ремазентациясының өзгеруі соның нәтижесі. Сөйтіп, жеке менталды ой-тұжырымының өздігінде, яғни адам болмысты қалай қабылдайтынын да түсінетінін және түсіндіретінінде болатын интеллектілі қабілеттіліктің басты сипаттамасына қайта келеміз.

Интеллектуалдық даму барысында қиял арқылы жеке адамдық басқа да қасиеттерді көрініс береді. Қиялдау жеке адамның өзіне және басқа адамдарға деген қатынасын білдіретін сипатының қалыптасуына қажетті шарт болып саналады. Өзін-өзі сіңірген еңбегі мен жағдайына сай ұстай білмейтін адам туралы «күйінуін - ай» деп айтылатын, санауға деп тиетін сөз бар. Адамның өзін - өзі бағалауы басқалардың бағалауы әсерімен қалыптасатыны белгілі. Бірақ адамның өзін-өзі жаңа коллективте, жаңа өмір жағдайларында қалай ұстайтыны қиялдауына байланысты. Ол адамның қалыптасып қалған өзін-өзі бағалауымен сәйкес оның жаңа жағдайдағы мінез-құлқын программалауға қатысады [5].

Бастауыш сыныптарда Д.Б. Элькониннің, В.В.Давыдовтың, Б.Тұрғынбаеваның дамыта оқыту концепцияларына сүйене отырып балалардың қызығатын оқу-әрекеттерін түрлендіруге көптеген дидактикалық ойындар мен ойын коррекцияларын пайдалануға болады. Балалардың интеллектуалдық қабілетінің қалыптасуы, ақыл-ой қызметіне қызығушылығы, шығармашылығы, қиялының ерекше дамуы және шабыттануы оқыту барысында дамиды. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың таным процестерін бағалау және дамыту [6]. Таным процестері адамның барлық интеллектуалдық қызметтеріне негіз болып, жаңа білімді, техниканы, технологияны тез меңгеруге жол ашады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет