Kazakh National Pedagogical University after Abai хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі247,87 Kb.
#119129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
sciPaper144777
Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру, одежда преддип2023 Бектаева Д.Н.
Нәтижелер.
Фольклортану ғылымы ерте заманда туып, ұрпақтан
-
ұрпаққа аманат 
ретінде жалғасын тауып келе жатқан мұра болса, этнографиялық үлгілер де фольклормен 
үндесіп, халықтың тұрмыс
-
тіршілігінен ақпарат, дерек беретін этно
-
мәдени құбылыс. 
Фольклорлық, мифтік, этнографиялық сарындардың ХХІ ғасырдағы қазақ әңгімелерінен 
көрінуі ескі халықтық сана мен жаңа заманғы елдің ақыл
-
ой, танымында ұқсас белгілердің 
бар екендігін көрсетеді. Демек, қазіргі өмір сүру дағдымызда да фольклорлық, мифтік ой 
заңдылықтары өмір сүріп жатыр деп топшылауға болады. Өмірлік құбылыстарды жіті 
аңғаратын жазушы қауымы бұл заңдылықты көркем өнерде көрсетуге тырысуда. 
“Фольклорлық
-
генетикалық байланыс жасау көркем әдебиеттің қалыптасу кезеңіне тән, ал 
бүгінгі қазақ әдебиетінің дамуы үндестік байланыстың кең
қолданылғанын айғақтайды” [3., 
47], “... күрделі прозалық шығармалардан да ертегілік образдардың бүгінгі шығармадағы 
өзіндік қолданысын айқындауға болады” [3., 86].
Қазіргі
прозада кездесетін фольклорлық образдардың басты ерекшелігі –
таза 
қалпында, ел арасындағы таралған күйінде алынбай, трансформацияға ұшыраған күйінде 
қолданылуы. Жазушылардың туындыларында мифтік тотемдерді, фольклорлық сюжеттерді 
шартты түрде жіктейтін болсақ, төмендегідей мақсатта:

өз заманының қарама
-
қайшылы құбылыстарын баса көрсету үшін; 

заманауи кейіпкердің психологиясын беру мақсатында; 

жаңаша амал
-
тәсіл іздеп, прозада жаңа форма қалыптастырып, өзгеше 
эксперименттерге бару үшін қолданып жүргенін айтуға болады.
Зерттеуші А.Таңжарықованың пікірінше көркем шығармадағы фольклор мен 
этнографиялық сарындар белгілі бір сюжет құру мен кейіпкердің образын ашуда көркемдік 
тәсіл ретінде қолданылып келеді [4., 37]. Фольклорлық поэтикалық сюжеттерді, мотивтер 
мен мифтік тотемдерді жаңаша сипатта шығармаға арқау етудің ұтымды тәжірибесі кейінгі 
жылдары жарық көрген біршама прозалық дүниелерден де бой көрсетеді. 
Фольклорлық және этнографиялық үлгілерге, халықтық тәжірибеге сүйенсек, бөріні 
киелі деп санайтын түсінік бізде әлі күнге дейін сақталған. Әсіресе, бұл түркітектес 
халықтардың, оның ішінде, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінен кең көрініс тапқан. 
Бөрі культінің қазақ әдебиетіндегі көрінісі ретінде М.Мағауиннің “Қасқыр –
бөрі” 
әңгімесін қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет