Kazakh National Pedagogical University after Abai хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі247,87 Kb.
#119129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
sciPaper144777

Әдістеме
.
Кез келген елдің рухани саласының дамуына көз жіберсек, әдебиеті мен 
мәдениеті, тарихы өзінің бастауын халық ауыз әдебиетінен, этнофольклорлық үлгілерінен 
алғанына куә боламыз. Әлем халықтарында сөз өнері пайда болған уақыттан бастап күні 
бүгінге дейін фольклорға арқа сүйеп келеді. Әдебиет пен фольклордың даму процесі әр 
уақытта түрлі дамуды бастан өткізетіні белгілі. Танымал ресейлік әдебиеттанушы әрі 
фольклорист Д.Н. Медриш: “Әрбір ұлттық мәдениетте фольклор мен әдебиет арасында 
жалпы заңдылықтар өзіндік дамуға ие болып, қарым
-
қатынас жүйесі қалыптасады” [1., 23] 
деп жазса, зерттеуші А.Таңжарықова: “Кез
-
келген халық өз жазба әдебиеті мен мәдениетін 
ежелден келе жатқан алтын арқау, өнер атаулының алғашқы тұғыры фольклордан алатыны 
даусыз”; “Әдебиеттің даму тарихының әрбір кезеңінде этно
-
фольклор біте қайнасып, бірге 
тыныс тіршілік еткен және шығармаларда белгілі бір сюжеттік оқиғаны құруға, кейіпкердің 
образын ашуда, көркемдік тәсілдердің берілуінде, оқиға түйінін шешуде, аяқталуында, яғни, 
шығарманың өн бойында белгілі бір қызмет етіп отырған” [2., 54] деген пікірді алға тартады. 
Яғни, әр халық өзінің көркем әдебиетінің дамуы барысында фольклорлық образдардың алар 
орнын, тигізген ықпалын анықтап, түрлі ғылыми
-
теориялық, практикалық зерттеулер 
жүргізіп келеді. Әдебиет пен фольклордың арақатынасын зерттеуге славян халықтарының 
ғалымдары, атап айтқанда, М.К. Азадовский, Д.Н. Медриш, У.Б.
Далгат, А.И. Лазарев, А.А. 
Горелов, Т.М. Акимова, О.С. Кирилюк, В.А. Михнюкевич, Н.С. Пластун, Г.А. Левинтон, т.б. 
үлес қосты. Сондай
-
ақ, осы бағытта “Проблемы типологии литературного фольклоризма”, 
“Фольклорная традиция в русской литературе”, т.б. ғылыми
монографиялар жарық көрді.
Отандық әдеби туындылардағы фольклорлық сарындарды қарастырған көлемді 
зерттеулер жазылу үстінде. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
ғалымдарының “Қазіргі әдебиет және фольклор”, “Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық 
сарындар” атты ұжымдық монографиялары жазылса, жекелеген зерттеушілердің, атап 
айтқанда, Ж.Ибрагимованың “Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” романының поэтикасы”, 
А.Нұрпейісованың “Қазақ прозасындағы дәстүрлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі”, 
Ж.Дүйсенбаеваның “Ә.Кекілбаев прозасы: халықтық аңыздар және көркемдік шешім”, 
А.Мәуленовтің “Қазіргі қазақ прозасындағы аңыздар мен мифтердің көркемдік қызметі”, 
Ж.Айтмұхамедованың 
“Оралхан 
Бөкей 
прозасындағы 
мифологизм 
мәселесі”, 
А.Таңжарықованың “Қазақ прозасындағы этнографиялық және фольклорлық сарындар” 
және Г.Балтабаеваның “Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы” сынды еңбектері жарияланды. 
Ал, әдебиеттану мен фольклор жанрларының өзара байланысы мен аражігін қарастырған 
ғалымдар қатарында отандық фольклортануда С.Қасқабасов зерттеулерінің ғылыми
-
теориялық маңызы жоғары. 
Қазіргі
қазақ туындыларынан екі бағытты байқауға болады. Бірқатар қазақ 
қаламгерлері шығармаларында жалпыадамзаттық құндылықтарды, ғаламдық мәселелерді
оқиғаларды, т.б. бейнелеп, әлем әдебиетінің соқпағымен жүруге ұмтылса, келесі бір парасы 
қазақ қоғамындағы құбылыстарды, шындық деп таныған оқиғаларды көркем әлемге ендіріп, 
ұлттық құндылықтарды әдебиет арқылы насихаттауға көшкен. Екі бағытты бір арнаға 
тоғыстырып, жалпыадамдық және ұлттық мәселелерді бір туындыда көтеріп жүрген 
авторлар да бар. Әлемдік және ұлттық әдебиеттану қалыптастырған бағыт
-
бағдарларға 
тиесілі қазіргі қазақ туындыларында айрықша атап айтарлық көркем тың үдерістер мен 
жаңаша ой
-
тұжырымдар кездеседі. Соның бірі, қазіргі қазақ прозасының әңгіме жанрында 


236 
есте жоқ ықылым замандағы мифтік ой
-
жүйелері, фольклорлық мотивтер, сюжеттер мен 
этнографиялық үлгілер көркемдік таңба ретінде бейнеленуде. Біз нысанға алған әңгімелерді 
осы тұрғыдан қарастыратын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет