Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет7/10
Дата29.06.2017
өлшемі1,76 Mb.
#20631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аудармашы біліктілігі деген не?

2. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының ролі қандай?

3. Ақпараттық текстерді аудару барысында терминдер қалай құрылады?

4. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындалуы қалай жүреді?

5. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына қандай факторлар әсер етеді?

6. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну жәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларныдағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігінің маңызы қандай?
Негізгі әдебиет:12-(68-81 беттер)

Қосымша әдебиет:9-(29-50;82-86 беттер)
Дәріс 23
Тақырыбы: Шетелдік аударматану

Мазмұны: 1. Ағылшын аударматанушыларының еңбектеріндегі аударма теориясы мәселелері .

2. Франция мен Канададағы аударматану

3. АҚШ-ағы аударматану

4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударма теориясының дамуы

5. Скандинавиядағы аударматану

6 .Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматану жайы

7 Ресейдегі аударма теориясының дамуы


Барлық басқа елдердегі сияқты Англияда да аударма саласында теориялық қорытынды жасауға алғашқы қадамды аудармашылардың өздері болды. Олардың арасында белгілі жазушылар мен ақындар болды. Олар аударма принциптері мен ережелерін жасауға тырысты. Солардың бірі ағылшын ақыны және аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың үш түрін ұсынды. Біріншіден, «метафаза»- түпнұсқаны сөзбе-сөз, дәлме-дәл беру. Екіншіден, «парафраза»- түпнұсқаны еркін аудару, яғни оның формасы емес, мазмұнын беру. Үшіншіден, «имитация» (еліктеу)- түпнұсқа тақырыбын вариациялау. Аудармашы үшін ең дұрысы метафаза мен парафразаның ортасы екенін көрсетіп, Дж.Драйден аударма ережелерін көрсетеді. Оның ережесі бойынша аудармашы:

-ақын болуға,

-өз тілі мен түпнұсқа тілін білуге,

-түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуге,

-өз талантын түпнұсқа авторының талантымен біріктіруге,

-түпнұсқа мағынасын сақтауға,

-түпнұсқаның тартымдылығын оның мазмұнына зиян келтірмей беруге,

-аудармада өлеңнің сапасын сақтауға,

-авторды қазіргі заманғы ағылшындарға сөйлетуге мәжбүр етуге,

-түпнұсқаны өте сөзбе-сөз аудармауға,

-түпнұсқаны жақсартуға тырысуы тиіс.

Мұндай ережелер сол дәуірге тән болды. Аударма теориясы жайлы неғұрлым негізгі еңбектер ХХ ғ. екінші жартысындапайда бола бастады. Бұл жерде Т.Сэворидің «Аударма өнері» (Лондон, 1952) еңбегін атауға болады. Бұл еңбегінде автор аудармалық мәселелерді кеңінен қарауға тырысты. Бұл зерттеудің лингвистикалық негізі жеткіліксіз болса да, автор бірқатар ережелерді жасады. Ол аударманың төрт түрін ұсынады:

-совершенный (мінсіз, ең жақсы) аударма- таза информациялық фразаларды аудару,

-адекватты аударма- аударманың тек мазмұнын сақтап аудару,

-үшінші аударма типінің аты жоқ, бұл классикалық шығармаларды аудару. Мұнда түпнұсқаның формасы да, мазмұны сияқты маңызды болу керек,

-адекватты аудармаға жақын тип. Ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару.

ХХ ғ. 60 жылдарында аударма теориясы саласында лингвистикалық зерттеулер пайда бола бастады. Солардың ішінде ағылшын лингвистері Дж.Ферс және М.А.К.Хэллидей болды. М.А.К.Хэллидейдың пікірі бойынша аударма теориясы- салғастырмалы тіл білімінің бөлігі, аударма кез-келген тілдік бірліктер мен структураларды салғастырудың негізінде жатыр,- деді. Мұндай салғастырудан олардың эквиваленттілігі шығатынын айтты.

Қазіргі заманғы ағылшын аударма теориясының қалыптасуында Дж.Кэтфордтың «Лингвистикалық аударма теориясы» еңбегі маңызды роль атқарды. Сонымен қатар, аудармашы П.Ньюмарктың еңбектері де аударма теориясын жасауға үлкен негіз болды. П.Ньюмарктың пікірі бойынша аударма теориясының басты міндеті- аударма тәсілдерін, мәтіндердің типін анықтау.

Қазіргі заманғы Англиядағы аударматануда теориялық зерттеулер мен концепциялар көптеп жасалынуда. Солардың ішінде М.Снелл-Хорнбидің «Аудармалық зерттеулер. Интеграциялық көзқарас» еңбегін атауға болады (1988).

Аударматану тарихында француз тілінде еңбектер бірінші болып шықты және осы ғылымның қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Франция мен Канададағы аударматануға тән нәрсе аударманың лингвистикалық концепциялары және психология мен психолингвистиканы аудармада қолдану. Бұл елдердегі аударматануда болашақ аудармашыларды дайындауда теориялық білімді практикалық міндеттермен байланыстыруға тырысу байқалды. Аударма теориясын дамытуға үлес қосқан канадалық лингвистер Ж.П. Вине мен Ж. Дарбальненің «Француз және ағылшын тілдерінің салғастырмалы стилистикасы. Аударма методы.» еңбектері болды. Белгілі француз тіл маманы Жорж Мунэн аударма проблемасына көңіл аударып «Аударманың теориялық проблемалары» (1963), «Аударма тетриясы және тарихы» (1965) еңбектерінде тіл білімі мен аударма теориясының байланысын ашады.

АҚШ-та лингвистикалық аударма теориясының дамуына Юджин Альберт Найданың «К науке переводить» еңбегінің маңызы зор. XX ғасырдың 80 жылдарында Америкада аударма проблемасына көп көңіл бөлінді. Бұл кезеңдегі басты аудармалық еңбекке С. Басснетт-Макгайрдың «Аудармалық зерттеулер» еңбегін жатқызуға болады.

Германияда аударма мәселесіне көңілді белгілі мәдениет қайраткерлері болды. Аударма жайлы өз ойларын айтқан И. Брайнтингер және А. Шлегель, И. Гете және Ф. Шлейермахер, В. Гумбальдт және т.б. болды.

Аударма саласында теориялық зерттеулер жүргізуде Шығыс Германия басты орында болды. Неміс лингвисі Отто Каде Германияда лингвистикалық аударма теориясын дамытуға зор үлес қосты. О. Каде екі тілді қарым-қатынаста және аудармада аударма процесіне әсер ететін 3 түрлі параметрді анықтайды:

1тілдік жүйелер; 2) объективті шындық және оның бейнесі; 3) қарым-қатынасқа түсушілер.

Неміс лингвисі және аударма оқытушысы Альберт Нойберттің де аударма саласында көп еңбектері болды. Ол өзінің «Аударманың прагматикалық аспектілері» еңбегінде адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтауға тиіс – деді. А. Нойберт прагматикалық адекваттылық проблемасын прагматикалық қатынастың 4 түрлі типімен байланыстырады.

Батыс Германияда әлі күнге дейін жеке аударма мектебі болмаса да батыс германиялық лингвистер аударма проблемасына қызығушылық танытып, қазіргі заманғы аударма теориясын дамытуға едәуір үлес қосты. Аударма жайлы теориялық еңбектердің ішінде Катарина Райс, Вольфрам Виллс, Ханс П. Крингс, Эрнст-Август Гуттың т.б. еңбектері басты орынды алады. Батыс германиялық аудармашылар басты көңілді аударма мен қазіргі заманғы аудармашылық әлеуметтік рөліне бөлді. Олар аудармашы қызметін кеңейтуге талпынады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Көрнекті ағылшын аударматанушылары мен олардың еңбектері ?

2. Франция мен Канададағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

3. АҚШ-ағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

5. Скандинавиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері?

6 .Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматанушылар мен олардың еңбектері?

7 Ресей аударматанушылары мен олардың еңбектері?


Негізгі әдебиет:5 (3-7беттер)

7(10-100)

Қосымша әдебиет:2 (3-17 беттер)

24-Дәріс

Тақырыбы: Отандық аударматану.

Мазмұны: 1. Аударматанудың Қазақстандағы дамуы: теория және практика.

Қазақ қоғамында елеулі өзгерістердің болуы, қоғам мен дүниежүзілік өркениет арсындағы ынтымақтастықтың жедел өркендеуі, сондай-ақ өзге тілден қазақ тілінде аудару мәселесіне «қоғамдық тапсырыстың» қалыптасуы нәтижесінде ғасырдың бас тұсында әредік қана көрініс берген аударманың практикалық тәжірибесі елуінші жылдардан бастап кең ауқымда өрістеді. Анығырақ айтқанда, қазақ мәдениетінде аударманың практикалық жағы теориялық тұрғыдан талдауына қарағанда, анағұрлым ілгері кетті. Қорланып жинақталған аударма туындылардың, оның ішінде әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне тәржімаланған көркем әдебиеттің ғылыми пайымдалуына көңіл бөліне бастаған кез – 50 жылдардың орта тұсы. Бұл мәселе қазақтың зиялы қауымының өкілдері – ғалымдар, жазушылар, сыншылар, журналистер, кәсіби аудармашылар белсене атсалысты.

Мәселенің теориялық тұрғыдан қойылсы классик – жазушы, тәржімандық тәжірибесі өз алдына бір төбе М. Әуезовтың есімімен тығыз байланысты. Алғашқы мақаласының өзінде-ақ М. Әуезов проблеманың ғылыми тұрғыдан анықталуы «үзілді-кесілді күйдегі» пікірлермен, «сұрқадай пішінді» аудармаларды кінараттаумен шектелмейтіндігін, шын мәніндегі теорияның қажеттілігін және бұл үшін қандай мәселелерге назар аударудың нәтиже беретіндігіне тоқталады. Осы ретте нақтырақ айтатын бір жағдаят бар, ол – М. Әуезовтың аударма тілтану объектісіне де ене ме, әлде ол бірыңғай әдебиеттану ғылымының үлесіндегі сала ма деген сұраққа берген жауабы. Әрине, «... одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі біздіңше дұрыс бейім, аударманың сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді көркемдік принциптерді алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясы зерттейтін объекті деп қарайды». (1,6-7) дегеніне қарағанда қаламгердің тәржіманы сөз өнері, шығармашылық өнер деп танитындығы аңғарылады. Әдебиеттану бойынша өзге зерттеушылер де, М. Әуезовтың осы сөзін тілге тиек етеді. (9,79). Алайда осы еңбегінің өзінде ұлы жазушы әдебиет тануға қарай ойысу «дұрыс бейім» дей тұрса да, аудару процесіндегі тілдің, тілдік құралдардың ролін жоққа шығармайды, түпнұсқаның сөз, стиль өнерінің берілуі аудармашы қолданған түрлі құрал-тәсілдермен (синоним, идиома, интонация, ырғақ, бейнелеу құралдары) анықталатындығын дәлелдейді.(1,7)
Әдебиет ғылымы шеңберінде аударманың зерттелуі көрнекті жазушылар, ғалымдар, сыншылар – Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Нұрпейісовтың, Т. Ақтановтың, Ы. Дүйсенбаевтың, М. Жанғалиннің, М. Әлімбаевтың, Ә. Дербесалиннің монографиялық еңбектері мен шолу мақалалырнда айтылады. Зерттеушілердің осы прблема турасындағы әдебиет танымдық тұжырымдамалары «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деген жинақта, сондай-ақ Ә. Сатыбалдиевтің (9), С. Талжановтың (10) арнайы еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Ғалымдардың барлығы да айтатын ортақ пікірлерді жинақтар болсақ, онда негізгі бағыттар : а) аударма шығармашылықтың және сөз өнерінің бір түрі екендігіне, б) аудармада түпнұсқаның тілдік-стильдік ерешеліктерін сақтай отырып, «қазақ тіліне тән нормадан шықпау» қажет екендігіне (10); в) көркем аудармаларда кездесетін кемшіліктердің себептерін анықтауға барып саяды.

Сөз болып отырған объекті үшін ең маңыздысы – аударма процесінің тіл ғылымына байланысы, яғни аударма тілтану саласына жата ма, жоқ па деген сауалдың жауабы. Бұл турасындағы көзқарастар екі арнаға қарай таралады: оның бірі – аударма тек әдебиет танудың объектісі, өйткені ол белгілі бір жазушының шығармашылық қабілетінен туындайтын сөз өнері деген түйін, екінші – аударма әдебиетпен қатар лингвистикалық зерттеулердің өзегі болуға тиіс дегенді білдіретін тұжырым. Міне, осы соңғы пікірге келгенде, көзқарас «аударманың негізгі материалы – тіл, демек, ол тілдік тұрғыдан талдануға керек» деген жалпылама қағидамен тұйықталады. Әдебиеттік анализдің өзі тілдік құрал – тәсілдердің берілуі ерекшеліктеріне келіп, ұштасатын болғандықтан, әдебиет танушылар тәжіманның тіліне қатысты дәйектемелерін де айтып отырады. Ә. Сатыбалдиев тіл ғылыми шеңберінде әсіресе жеке сөздерге ұлт тілі қорындағы архаизмдердің, синонимдік мәндес сөздер қатарынан балама табудың, тұрақты тіркестерді қолданудың, аудармадағы синтаксистік құрылымның айырым белгілерін талдаудың қажеттігін атап өтеді. Ғалымның пікірінше, аударма кәсібі араласқаннан бері қарай бұл сала «Қазақтың бар сөзінің сараптап өтіп» сұрыпталуына үлкен ықпалын тигізді (9,8).

Қазақ ғылымында, сөйтіп, аударма мәселесіне әдебиет тану аспектісінде көбірек мән берілгенін көруге болады. Оның өзінде де мәселенің қарастырылуы «жекеден жалпыға қарай» принципінде өрбіп отырады, басқаша айтқанда, ғалымдар көркем әдебиеттің жеке бір нұсқасының – бір автордың бір немесе бірнеше шығармасының негізінде әдеби талдау жасап, осы арқылы ортақ заңдылықтарды анықтауға әрекет жасайды. Бұған, мәселен, Ә. Дербісалиннің Ы. Алтынсарин жасаған тәжімаларға тоқталуы, С. Талжановтың Н. Гогельдің бірнеше шығармасы төңірегінде ой қорытуы, Ә. Сатыбалдиевтің В. Г. Белинский шығармаларын талдауы, Т. Ахтановтың Ә. Нұрпейісовтің «Анна Каренинаның» қазақшалануы жөнінде пікір айтуы және т. б. Дәлел бола алады.

Халықтар арасындағы рухани қазынаның алмасу процесін мақал-мәтелдер, жұмбақтар айналасында, өз тәжірибесінен түйіндеулер жасайтын М. Әлімбаевтің еңбектерінде де аударма әдебиет саласы бойынша қарастырылады.

«Жекеден жалпыға қарай» принципі арқылы зерттеу жүргізу жұмыстары соңғы кезеңдерде бой көрсете бастады. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, және жаңаша ұлттық дамудың деңгейінен қарай отырып, жеке бір аударманың ерекшеліктерін зерттеу(2,6), нақты бір дәуірдегі 20-30 жылдардағы көркем аударманың дамуын қарастыру (4) арқылы тәжіматанудың ғылыми ұстанымдарын анықтау нышандары бар. Қазақ тілінен орыс тіліне аударудың айрықша күрделі, өз алдына дербес проблема екендігін атай отырып, осы ретте қазақ поэзиясының, оның ішінде халық эпосы үлгілерінің өзге тілдегі нұсқалануын талдаған Н. Сағындықовтың (8) зерттеуінің теориялық – танымдылық рөліне де назар аудартуға тиіспіз.

Тәржіма тәжірибесі тіл ғылымы аясында қарастырылған еңбек – ғалым Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» деп аталатын зерттеуі (3). Тілдің бір ғана қаттауы – фразеологизмдерді М. Горкийдің бірнеше шығармасының түпнұсқасы мен қазақ тіліндегі нұсқасын салыстыру негізінде зерттеуші қазақ тіліндегі идиомдардың, мақал-мәтелдердің аудармадағы номинативтік және бейнелеуіш қызметі жөнінде бірқатар құнды мәліметтер айтады, фразалардың тәржімалануының тиімді тәсілдерін көрсетеді. Аударманың не тіл, не әдебиет объектісі болуына қатысты жалпы көзқарастарды жинақтай келіп, Ө. Айтбаев «бірыңғай лингвистикалық тұрғыдан көркем аударманы әдеби лингвистикалық проблема есебінде қарастыру жөн» екендігін баса айтады (3, 222-223).

Көркем әдеби аудармалардан «басқа түрлерді», яғни қоғамдық-саяси әдебиеттің қазақшаланған нұсқаларын талдауды тіл білімімен қараушылық К. Сағындықовтың, Қ. Шариповтың, Қ. Жарықпаевтың, Ғ. Ахметовтың (7, 11) еңбектерінде байқалады. Оларда мәселенің қойылысы соншалықты нақты болмаса да, жекелеген сөздердің, терминдердің төл тілдегі баламаларын қалыптастыру қоғамдық-саяси мазмұндағы шығармалардағы тұрақты тіркестердің қазақшалануы жөніндегі пікірлер, сөз семантикасы, мағыналық бірлік, эквиваленттілік, сөз мағынасының өзгеруі, тілдік құралдардың функционалдық тармақтарға қарай сұрыпталуы, тіл мен норманың арақатысы тәрізді бірыңғай лингвистикалық проблемаларға барып тіреледі. Көрсетілген зерттеушілердің үлкенді-кішілі еңбектерінің әсіресе 50-70 жылдардағы қазақ терминологиясының жай-күйін, оның қалыптасуына аударманың ықпалын танып-білу тұрғысынан қарағанда, маңызы өте зор. Бір тілден екінші тілге аудару процесі мен осы процестің нәтижесінде алынған туындының тіліне лингвистикалық талдау жасау жұмыстары өзге түркі тілдерінде енді-енді қолға алына бастаған шаруа. Ал бұл проблема орыс тіл білімінде едәуір тиянақталған дәрежеге жетті. Дегенмен орыс ғаламдарының да тәржіманың лингвистикалық табиғаты жөніндегі көзқарастары әр түрлі. Бұл жөнінде қорытынды пікір айту - өз алдына жеке мәселе болмақ.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Қазақстанда аударматану қай кезден басталады?

  2. Қазақстандағы аударматанушылар және олардың еңбектері?

Негізгі әдебиет:6-(10-41 беттер)

2 Семинар сабақтары
1-семинар

Тақырыбы:Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны.

Мазмұны:1)Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері.

2)Еркін аударма және көркем аударма.

3)Отандық және шетел мәдениеттіің көрнекті

өкілдерінің аудармашылық қызметі.

4)Қазіргі таңдағы аударма.

Мақсаты: :Көне дәуірден бастап қазіргі таңдағы аудармаға дейінгі аудармашылардың қызметтері мен еңбектеріне анализ жасау.

Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.



Әдістемелік нұсқау: жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді.
Негізгі әдебиет:1,5

Қосымша әдебиет:2
2-семинар

Тақырыбы:Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.

Мазмұны:1) Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.

2)Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырымдалуы.

3)Аударылмау теориясының негізгі ретіндегі тілдік мәдени тарихи

алшақтықтар.

4) «Аударма шеберлік ұғымы».

5)Аударма териясының жалпы білім беру,лингвистикалық және

қолданбалы тұрғыдағы мәні.

Мақсаты: Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырымдалуын талқылау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Негізгі әдебиет:1,5,6

Қосымша әдебиет:2
3-семинар

Тақырыбы:Аударма теориясының негізгі ұғымдары.

Мазмұны:1) Аударма түпнұсқаға коммуникативтік тұрғыдан барабар текст

ретінде


2) Коммуникативтік барабарлықтық функционалдық,мағыналық,

Құрылымдық аспектілері.

3)Аудармашылық іс-әрекеттің объективті және субъективті

жақтары.


4) «Аударма шеберлік ұғымы».

5)Аударма териясының жалпы білім беру,лингвистикалық және

қолданбалы тұрғыдағы мәні.

Мақсаты: Аудармашылық іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтарын талқылауТермин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. . Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Негізгі әдебиет:1,2

Қосымша әдебиет:1
4-семинар

Тақырыбы:Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері

Мазмұны:1) Қысқартылған аударма.

2) Өңделген аударма.

3)Аннотация

4)Реферат,резюме.



Мақсаты:Қысқартылған аударма өңделген аударма,аннотация, реферат, резюме аудармаларының ерекшеліктерін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көз қарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. .Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Негізгі әдебиет:1

Қосымша әдебиет:1
5-семинар

Тақырыбы:Аудармашылық іс-әрекеттің типологиясы.

Мазмұны:1) Көркем шығарманы аударудың өзіндік ерекшеліктері мен

оның түрлері.

2)Ақпараттың текстерді аудуарудың негізгі міндеттері мен оның

түрлері.



Мақсаты: Аударманың негізгі екі классификациясының әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін талқылау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Негізгі әдебиет:1,3,6

Қосымша әдебиет:2,8
6-семинар

Тақырыбы:Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелдігі

Мазмұны:1) Қоғамдық-саяси,ресми-іскерлік және ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.

2)Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері.

3)Аудиозуальды аударманың ерекшеліктері.

Мақсаты: Ғылыми-техникалық,қоғамдық-саяси,ресми-іскерлік,бұқаралық ақпарат құралдарына арналған аудармалардың әрқайсысының өздеріне тән басты-басты ерекшеліктерін атап көрсету. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Негізгі әдебиет:1,3

Қосымша әдебиет:1,5
7-семинар

Тақырыбы:Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы

Мазмұны:1) Жазбаша аударма және оның ерекшеліктері.

2)Ауызша аударма және оның ерекшеліктері.

3)Аудиозуальды аударманың ерекшеліктері.

Мақсаты: Жазбаша аударма мен ауызша аударманың айырмашылықтарын,ерекшеліктерін көрсету.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Негізгі әдебиет:1

Қосымша әдебиет:3,4
8-семинар

Тақырыбы:Ауызша аударманың түрлрі мен типтері

Мазмұны:1) Ілеспе аударма және оның ерекшеліктері.

2)Синхронды аударма және оның ерекшеліктері.



Мақсаты Ауызша аудармашыға қандай ерекше дағдыларды меңгеруі қажеттілігін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет