Казақстан республикасының денсаулық сақтау


сурет. Аллостерикалық ферменттердің құрылысы мен қызметінің сызбанұсқасы



бет25/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
2.18 сурет. Аллостерикалық ферменттердің құрылысы мен қызметінің сызбанұсқасы:
А – теріс эффектор (ингибитор) әсері. Аллостерикалық орталыққа ингибитордың (I) қосылуы фермент молекуласында, сонымен қатар ферменттің активті орталығында құрылысының кооперативті өзгеруіне әкеледі. Ферменттің субстратқа деген сәйкестігі төмендейді, нәтижесінде ферментативті реакция жылдамдығы да төмендейді;
Б – оң эффектордың (активатордың) әсері. Активатордың (А) аллостерикалық орталыққа қосылуы кооперативті конформациялық өзгерістерге әкеледі. Ферменттің субстратқа деген сәйкестігі жоғарылайды және ферментативті реакцияның жылдамдығы да артады.

Аллостерикалық ферменттердің реттелуі қайтымды: эффектордың реттеуші суббірліктен бөлінуі ферменттің бастапқы каталитикалық активтілігін қалпына келтіреді. Аллостерикалық ферменттер берілген метаболикалық жолдың негізгі реакцияларын катализдейді.


Жасушаның ішкі құрылымы өзгерісіне жедел әсер ететіндіктен, аллостерикалық ферменттер түрлі метаболикалық жолдарда маңызды рөл атқарады. Метаболиттік процесстердің жылдамдығы берілген реакцияның бастапқы және соңғы заттарының концентрациясына тәуелді. Бастапқы заттар метаболиттік жолдың аллостерикалық ферменттері- активаторлары бола алады. Сонымен қатар, метаболиттік жолдың қандай да бір соңғы заттарының көп түзілуі кезінде ол аллостерикалық фермент- ингибитор ретінде әсер ете алады. Ағзада таралған реттелудің мұндай жолы «теріс қайтымды байланыс» деген атқа ие:

Мұны АТФ молекуласының түзілуімен аяқталатын глюкозаның аллостерикалық реттелу катаболизм процесінің мысалында қарастыруға болады (2.19 сур.Северин,Биохимия,230б). АТФ молекуласы жасушада жұмсалмаса ол аталған метаболиттік жолдың аллостерикалық ферменттерінің ингибиторы болып есептелінеді: фосфофруктокиназа мен пируваткиназа үшін.


Сонымен қатар, глюкозаның катаболизмінің аралық метаболиті - фруктозо-1,6-бисфосфат пируваткиназа ферментінің аллостерикалық активаторы болып саналады. Метаболиттік жол жылдамдығының реттелуі соңғы өнімнің ингибирленуімен және бастапқы метаболиттің активтенуімен тығыз байланысты. Аллостерикалық ферменттер метаболиттік жолдың алғашқы реакцияларын, қайтымсыз реакцияларын, жылдамдықты лимиттеуші реакцияларын (ең баяу) немесе метаболиттік жолдың тармақталған жеріндегі реакцияларды катализдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет