Казақстан республикасының денсаулық сақтау


АУДИТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет33/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
2.12.АУДИТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Тапсырмаларды орындаңыз:
1. Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адамның биологиялық сұйықтықтарындағы фермент белсенділігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторларды пайдаланады.Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) белсенділігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дайындаңдар. Екі пациенттің ЛДГ белсенділігін есептеңдер. Ол үшін:
а) ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз;
б) субстрат, кофермент, витаминнің негізін қалаушыны, фермент көзін көрсетіңіз;
в) реакция өту жағдайларын атап өтіңіз (температура, уақыт);
г) ферментативті реакция жылдамдығын қай параметр бойынша бағалауға болатынын түсіндіріңіз;
е) пациент қанындағы ЛДГ белсенділігін ХБ/л бірлігімен есептеңіз. Қорытынды жасаңыз: Қай пациенттің белсенділігі жоғары?


2.4- кесте. ЛДГ белсенділігін анықтауға арналған мәліметтер







Параметрлер

Пациент 1

Пациент 2

Рекцияға алынған субстраттың бастапқы мөлшері, мкмоль

40

40

Пациенттің қан сарысуының көлемі, мл

5

5

Инкубация уақыты, мин

10

10

Реакциядан кейін қалған субстрат мөлшері, мкмоль



31

4



2. Адам гомойотермді тірі организмдерге жатады(температура бірқалыпты ұсталады). Медицинада кейбір жағдайда емдеу үшін экстремалды темпе-ратуралар қолданылады. Кейбір жағдайларда ұзақ операция кезінде гипотермиялық жағдайлар пайдаланылады. Әсіресе, бас миына және жүрекке гипотермиялық жағдайлар тіндерді коагуляциялау мақсатында қолданылады. Энзимология тұрғысынан, осы жәйттің дұрыстығын түсіндіріңіз. Жауап үшін:
а) адам үшін көптеген ферменттердің оптималды температурасы қандай болатынын көрсетіңіз;
б) ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін салыңыз;
в) гипотермиялық жағдайда ұзақ операцияның қажеттілігін түсіндіріңіз;
г) тіндердің термиялық коагуляциялау әдісінің негізін суреттеңіз;
д)адамға критикалық температураның әсерінің салдарын айтыңыз.


3. 35 жастағы ауру клиникаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуына, бұлшық еттерінің әлсіреуіне, конъюктивитке шағымданды. Ауру ұзақ уақыт бойы бірсарынды тамақтанған, рационында бауыр, сүт, ашытқы, қара бидай өнімдері болмаған. Дәрігер В2 витаминінің гиповитаминозын қойған. Байқалатын белгілердің себептерін түсіндіріңіз. Ол үшін:
а) В2 витаминінен түзілетін коферменттерді атаңыз;
б) осы коферменттер қандай реакцияға қатысатынын көрсетіңіз;
в) коферменттердің тотыққан және тотықсызданған формулаларын жазыңыз;
г) осы коферменттердің қатысуымен өтетін реакцияларды мысалға келтіріңдер (оқулықтан мысал келтіріңіз).


4. Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролизін катализдейді. Бұл фермент бауыр, көкбауыр жасушаларында, эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофагтарда, остеокластарда синтезделеді. Бұл фермент сонымен қатар, сперматозоидтардың акросомасында бар, ұрықтануда ооцит плазмолеммасының фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатазаның ең жоғарғы белсенділігі рН-тың қышқылды мәндерінде (4,7-6,0) байқалады. Реакция жылдамдылығының рН-қа тәуелділігінің графигін суреттеңіз. Қышқылды фосфатазаның белсенділігі өзгеруінің рН өзгеруіне қалай байланысты? Реакция сызбанұсқасын келтіріңіз. Ферменттің класын және арнайылығын анықтаңыз.


5. Пациент клиникаға миокард инфарктісі күдігімен түскен. Аурудың айтуынша дәрігерге келуінен 5 сағат бұрын алқыну пайда болған. Дәрігер миокард инфарктісін болжамдап, ауруды емханаға жатқызды. Емханада диагнозды дәлелдеу үшін бірнеше күн ішінде қанның биохимиялық анализін жасаған. Анализ нәтижелері 2.8 кестеде келтірілген. Алынған нәтижелер дәрігердің диагнозын расстайды ма? Жауап үшін:




а)2.5 кестені дәптерге көшіріңіз, фермент белсенділігінің мәндері келесідей болатынын ескере отырып, аурудың ферменттік белсенділігінің артуын есептеңіз. ХБ/л, КК үшін <190, АсТ үшін <47, ЛДГ үшін<250;
б)зерттелетін ферменттердің белсенділігінің өзгеру динамикасының графигін салыңдар (абсцисса өсіне- уақыт, ордината өсіне – еселі өсуі);
в)диагноз қоюдағы алынған нәтижелердің маңыздылығы туралы қорытынды жасаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет