Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет30/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
2.11.2. ЭНЗИМОТЕРАПИЯ
Ферменттердің дәрілік заттар ретінде қолданылыуы келесі бағыттарда белсенді дамуда:
1) орынбасушы терапия - ферменттердің жетіспеушілігінде ферменттерді пайдалану;
2) комплексті терапия элементтері –ферменттерді басқа терапиялармен қосып қолдану.
● орынбасушы энзимотерапия тағамқорыту сөлдерінің секрециясының жетіспеушілігімен байланысты асқазан-ішек аурулары үшін тиімді. Мысалы, пепсинді секреторлық қызметі төмендеген гастритте қолданады;
● сонымен қатар, панкреатиттік ферменттердің жетіспеушілігін белгілі деңгейде құрамында ұйқы безінің негізгі ферменттері (фестал, энзистал, мезимфорте, панзинормфорте) болатын препараттарды қабылдаумен толықтыруға болады.
● бірқатар ауруларда ферменттер қосымша терапиялық заттар ретінде пайдаланылады. Протеолиттік ферменттер (трипсин, химотрипсин) іріңді жараларды өңдеуде өлі жасушалардың белоктарын ыдырату, тынысалу жолдарының қабынуында қан түйіршіктері немесе тұтқыр секреттерді жою мақсатында қолданылады;
● ферментті препараттар рибонуклеаза мен дезоксирибонуклеаза аденовирустық конъюктивитті, герпетикалық кератиттерді емдеуде вирусқа қарсы препараттар ретінде пайдаланады;




● ферментті препараттар тромбоздарда және тромбоэмболияда тромбтарды жою мақсатымен кең пайдалынылады. Осы мақсатпен фибринолизин, стрептолиаза, стрептодеказа, урокиназа препараттары қолданылады;
● гиалуронидаза ферменті (лидаза), гиалурон қышқылының ыдырауын катализдейтін жасушааралық заттың өткізгіштігін қайтымды өзгерту үшін теріасты және бұлшық етке енгізу арқылы, күйік және операциядан қалған тыртықтарды жоюға пайдаланады;
● аспарагиназа ферментін (қанда аспарагин аминқышқылын ыдыратады) аспарагин аминқышқылының ісік жасушаларына түсуін шектейтін қанның онкологиялық ауруларында пайдаланады. Лейкозды жасушалардың осы аминқышқылын синтездеуге қабілеттері жоқ, сондықтан, қандағы мөлшерінің төмендеуі ісік жасушаларының өсуін тежейді;
● цитохром с – тіндік тыныс алу процесіне қатысатын фермент. Оны жаңа туған нәрестенің асфиксиясында, астматикалық жағдайларда, жүрек жетіспеушілігінде, гепатиттің түрлерінде қолданылады;
● фармпрепараттар ферменттің белсенділігін реттеуші Е => жасуша метаболизмін өзгертеді; молекулалық генетикада (геномды зерттеуде, геннің рекомбинациясында) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет