Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет38/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
Ферменттердің формалары


Изоферменттер

Изоферменттер — әртүрлі жағдайда бір субстратпен бір реакцияны катализдейтін ферменттердің молекулалық түр өзерісі. Олар апоферменттерінің құрылысы, физика – химиялық қасиеттері, апоферменттің субстратқа ыңтықтығы бойынша ажыратылады. Коферменттері бірдей, сол себепті изоферменттердің биологиялық әсері бірдей. Изоферменттер электрофорезде оңай бөлінеді.


Жасушалар және мүшелер осы немесе басқа да изоферменттердің мөлшеріне байланысты ажыратылады, яғни оның органотроптық қасиеті бар. Бұл ағзалық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді, себебі әртүрлі мүшелердің зақымдануында қанға белгілі бір изоферменттер өтіп кетеді.
Лактатдегидрогеназаның изоформалары (ЛДГ)

ЛДГ лактаттың (сүт қышқылы) пируватқа (пирожүзім қышқылы) дейін тотығатын қайтымды реакциясын катализдейді және бес түрлі изомерменттері бар. Изоферменттер полипептидтік тізбектердің құрылысы бойынша ажыратылады, бірақ коферменттері бірдей — НАД (никотинамидадениндинуклеотид). ЛДГ апоферментінің құрамы төрт полипептидті тізбегінен тұрады. Н-тізбегін (he­art-жүрек) және М- тізбегін (muscle-бұлшық ет) ажыратады. ЛДГ изоферменттері:


ЛДГ1 - 4 Н тізбегінен тұрады, жүректе кездеседі;
ЛДГ2 - 3 Н, 1М тізбектерінен тұрады, жүректе, бүйректе кездеседі;
ЛДГ3 – 2 H, 2 M тізбектерінен тұрады, өкпеде кездеседі ;
ЛДГ4 – 1 H, 3 M тізбегінен тұрады, көбіне бауырда кездеседі;
ЛДГ5 - 4 M тізбегінен тұрады, бұлшық етте, бауырда кездеседі.
Бірқатар ауыруларда қан плазмасындағы ЛДГ активтілігін зерттейді. Қалыпты жағдайда ЛДГ активтілігі 170-520 ХБ/л тең болады. Активтілігінің жоғарылауы жүрек, бауыр, бүйректің жедел зақымдануында, сонымен қатар мегалобласттық және гемолитикалық анемияда байқалады. Бірақ бұл айтылғандардың ішінде тек бір ғана тіннің зақымдалуын көрсетеді
.
Креатинкиназаның изоформалары (КК)

КК креатинфосфаттың түзілу реакциясын катализдейді. КК молекуласы – димер, екі типті суббірліктен тұрады: М (бұлшық ет типі) және В (ми типі). Үш изофермент түзіледі- ВВ, МВ, ММ. Изофермент ВВ бас мида, ММ – қаңқа бұлшық еттерінде және МВ- жүрек бұлшық еттерінде орналасады. Қалыпты жағдайда КК активтілігі 90 ХБ/л-ден аспауы керек. Қан плазмасындағы КК активтілігін өлшеу арқылы инфаркт миокардына диагноз қоюда маңызы зор (МВ деңгейі артады). ММ мөлшері жарақат алғанда және қаңқа бұлшық еттері зақымдалғанда артады. ВВ гематоэнцефалитикалық тосқауылдан өте алмайды, сондықтан диагностикалық маңызы жоқ.




Проферменттер

Кейбір ферменттер активті емес проферменттер түрінде түзіледі. Реакцияларға дайындалу кезінде ферменттердің активті орталығы түзілуіне қарай олар активтендіріледі. Мысалы, пепсиннің проферменті пепсиноген. Асқазанда тұз қышқылының әсерініен пепсиногеннен активті пепсин түзіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет